1 тапсырма Виндикациялық және негаторлық талап жобаларын құрастырыңыз
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Сидоров ұзақ уақыт бойы тұрғын үй иесi болады: онда өмiр сүредi‚ мүлiкке салынатын салық пен сақтандыру жарналарын төлей отырып‚ жарты үйдi саяжайшыларға жалға берiп тұрады. 1992 ж. Сидоров қайтыс болған соң‚ мұрагерлiк құқықтарды анықтау кезiнде‚ үйдiң меншiк иесi басқа азамат болып табылғаны анықталады. Бұраев соғыстан кейiн дұрыс жасалмаған мәмiле бойынша одан үйдi сатып алған екен. Осыны негiзге ала отырып‚ жылжымайтын мүлiктер туралы мәмiлелердi тiркеу кеңсесi мұрагерлерге үйдiң иесi Сидоров екенi жөнiнде анықтама қағазын беруден бас тартады‚ ал нотариус оларға мұрагерлiкке құқық жөнiнде куәлiк беруден бас тартады. Мұрагерлердiң дәлелдерi бойынша өз кезiнде үйдi иелену құқығы жасалынбаса да, иелену мерзiмi арқасында Сидоров осы үйдiң меншiктi иесi бола алады‚ сондықтан да үй мұра бойынша оларға берiлуi тиiс.
Дауды шешу барысында иелену көнелiгiнiң мерзiмi өттi ме‚ әлде‚ жоқ па деген сұрақ туады. Иелену көнелiгi бойынша меншiк құқығын алу үшiн қандай шарттар қажет?
№ 2. Огурцовтың фермерлiк қожалығына бiр сиыр қосылып алады. Сиырды асырай алмаған соң‚ фермер оны сойып алып‚ етiн базарда сатады‚ ал терiсiн терi зауытында терi бұйымдарына ауыстырып алады. Екi айдан соң сиырдың иесi табылады. Ол кiмге және қандай талаптар қоя алады?
№ 3. Қаржылық жалдау шарты бойынша (лизинг шарты) жалға беруші жалға алушыға сатушыдан жабдықтар сатып алды, тиісінше жалға берушіге қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілді. Жалға берушінің кәсіпорынында белгісіз себептерден пайда болғанын өрттен жабдықтар жарамсыз болып қалады және қалпына келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |