Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет17/27
Дата13.02.2023
өлшемі209,23 Kb.
#168602
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі

Тақырып 9. Ортақ меншік құқығы. Өзге де (шектелген) заттық құқықтар.
1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Кәмелетке толған және ата-анасынан бөлек тұрып жатқан төрт балаға олардың ата-анасы қайтыс болған соң мұра бойынша тұрғын үй өтедi. Мұрагердiң үшеуi үйдi сатып‚ түсiрген пайдасын үлестер бойынша бөлiп алғысы келедi. Мұрагерлердiң бiреуi үйдi сатуға келiсiм бермейдi‚ үйдегi өз үлесiн тұрғын орын ретiнде пайдаланғысы келетiнiн мәлiмдейдi. Мұрагерлер арасында келiсiм болмағандықтан‚ олардың үшеуi үйдi сатуға қарсы болған мұрагерге үйдi сатуға кедергi жасамауы туралы талап арызын бередi. Өздерiнiң талаптарын олар үйдi толығымен сатқанда оның нарықтық құны әп-сәтте жоғарылайтынымен түсiндiредi.
Iстi шешiңдер.


№ 2. Ағайынды‚ Петр мен Андрей, мұра бойынша тұрғын үй алады. Ағайындылар арасындағы келiсiм бойынша Петр жанұясымен бiрге оңтүстiк жаққа қарайтын үш бөлменi пайдаланады‚ ал әлi некеге тұрмаған Андрей, терезелерi солтүстiкке қараған екi бөлменi алады. Үйдiң ас бөлмесi ортақ болады. Андрей, Солтүстiкке кетпекшi болады да‚ өзiне бөлiнген үйдiң бөлiгiн сатып алатын адамды табады. Алайда‚ Петр үйдiң бiр бөлiгiн бөтен адамға сатуға рұқсат етпейтiнiн мәлiмдейдi. Бұнда ол ағайындылар арасында үйдi пайдалану тәртiбi жөнiнде тек ауызша келiсiм болғанын және үйдi түпкiлiктi қайта жоспарлаусыз қазiргi күйiнде мүлдем бөлуге болмайтынын айтады. Сонымен қатар‚ Андрейге тиiстi үйдiң бөлiгiн сатып алудан Петр бас тартады‚ өйткенi ол үшiн қаржысы жоқ болады‚ ал үш бөлме оған және жанұясына тiптi жетiп тұр. Нотариус сауда-саттық шартты куәландырудан бас тартады да‚ ағайындыларға дауды шешу үшiн сотқа баруды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет