Тақырып 8. Заттыққұқықтар. Меншікқұқығы.Меншік құқығы және өзгедезаттыққұқықтардыңтуындауыжәне тоқтатылуы. 1 тапсырма Виндикациялық және негаторлық талап жобаларын құрастырыңыз
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер(кейс/шағын кейстер). № 1. Сидоров ұзақ уақыт бойы тұрғын үй иесi болады: онда өмiр сүредi‚ мүлiкке салынатын салық пен сақтандыру жарналарын төлей отырып‚ жарты үйдi саяжайшыларға жалға берiп тұрады. 1992 ж. Сидоров қайтыс болған соң‚ мұрагерлiк құқықтарды анықтау кезiнде‚ үйдiң меншiк иесi басқа азамат болып табылғаны анықталады. Бұраев соғыстан кейiн дұрыс жасалмаған мәмiле бойынша одан үйдi сатып алған екен. Осыны негiзге ала отырып‚ жылжымайтын мүлiктер туралы мәмiлелердi тiркеу кеңсесi мұрагерлерге үйдiң иесi Сидоров екенi жөнiнде анықтама қағазын беруден бас тартады‚ ал нотариус оларға мұрагерлiкке құқық жөнiнде куәлiк беруден бас тартады. Мұрагерлердiң дәлелдерi бойынша өз кезiнде үйдi иелену құқығы жасалынбаса да, иелену мерзiмi арқасында Сидоров осы үйдiң меншiктi иесi бола алады‚ сондықтан да үй мұра бойынша оларға берiлуi тиiс.