Салық салудың қазіргі кағидаттары мыналарға саяды.
Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
«деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
«сатылас теңдікті» сақтау - жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
Салықтардың анықтығы - алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмаланды және салық салу субъектілерін тен емес жағдайларға әдейі қояды.
Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және ннвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
Эконамикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер
айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуынын барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші
және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың коғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы аркылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің карамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы - 16,6%, 1999 жылы - 17,4%, 2000 жылы - 22,6%, 2001 жылы- 22,2% болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда - 25,0%), 2003 жылы - 21.3% (Ұлттық қорды есепке алғанда - 25.3%) болды.
Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын толық аша түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардын функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Мемлекет салық саясатын - салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
2007 жылдан бастап салық саясаты экономиканың жекелеген секторларының әлуетін іске асыруға және жекеше кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік рәсімдеуді оңайлатуға бағытталған.
Сонымен бірге қосылған құн салығының мөлшерлемесі 14% - ға дейін төмендетілді;
ең аз жалақыны шегерімге жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін 10% деңгейінде жеке табыс салығының тіркелген мөлшерлемесі енгізілді;
шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде
2% -ға дейін арнаулы салық режімінде салық мөлшерлемесі төмендетілді, оңайлатылған мағлұмдама негізінде 3% -дық бірыңғай мөлшерлеме енгізілді.
Бұдан басқа дивидендтерге жинақтаушы сақтатандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтық ұйымдарының ннвестициялық кірістеріне қос салық салу жойылды, корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу механизмі жетілдірілді.
Рыноктық қатынастардың қалыптасуы жағдайларында салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан шегіну болып табылады.
Бұл еңбек белсеншілігін күшейтуде экономикалық мүдделіліктің уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы коғамның
еңбекке жарамсыз мүшелерін неғұрлым тиімді әрі сенімді қорғау қамтамасыз етіледі.
1.2 Салықтың пайда болуы
Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субьектілерінен, заматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.
Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт түз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық-занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық - белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз - белгілі бірмерзімде және белгілі бір көлемде
алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі - бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда-бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құңдылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық-салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы - мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құкықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын
(ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
Салық - ақшалай нысанда төленеді;
Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады;
Салық - баламасыз сипатта болады;
Салық - салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1. Салық-мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өңдіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық — ақшалай нысанда төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық телеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашьшығы:
Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай
қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз - ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық — баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық — баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық — тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезендерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
салықты - мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
салық - қүқықтық нысанда жүзеге асады;
салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
салық төлеу арқылы ақшаны алу қүқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.
Салық - бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық - осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-қүқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
үшіншіден, осы қабалданған қүқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып нормативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік) — мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және занды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.
Белгіленген салық занды салық міндеттемесін туғызады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: "Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге,
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті".
Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
екінші кезең, салықты төлеген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
6. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек "Салық - салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды".
Салықтың жиналатын орындары:
нарықтарда;
сатушы мен сатып алушылардан;
үй шаруашылығынан;
табыс көзінен, шығын статьяларынан;
Салықты реттеудің тетіктері:
салық түрлері;
салық ставкалары;
салық жеңілдіктері;
салық салу әдістері;
Салық төлеуден қашу себептері:
елеулі салық ауыртпалығы;
салық заңының айқынсыздығы;
субъектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерін төлемеуге ұмтылуы;
салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер болуы мүмкін.
Салық ауыртпалығы—салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш.
1.3 Салықтың элементтері және жіктелуі
2. Салықтың даму тарихы
2.1. Қазақстан Ресбуплика салығының дамуы
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Конститущиясының 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін
қаржылаңдырудың негізгі кезі болып табылады.
Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең - 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.
Екінші кезең – 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.
Үшінші кезең — 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
2006 жылдың 13 наурызында Астанада Конгресс-хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясының мүшелері, Салық комитетінің қызметкерлері де қатысты.
Кездесу салық зандары мен салықтық әкімшіліктендірудің нормаларын қолдануға байланысты мәселелерді салық төлеушілерге түсіндіру, салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің арасында дұрыс түсінік қалыптастыру, салық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Салық комитетінің басшылары кездесуге қатысушыларды Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарып жатқан істерімен таныстыра келе, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті, оның ішінде:
2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендету;
2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасын енгізу;
2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету және басқалар.
Жиында сөз алған Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына өзгертулер енгізу және жыл басында салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшыларына, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру – Салық комитетінің жақсы дәстүріне айналғаңдығын атап өтті.
Мемлекет басшысы салық қызметі органдарына өзара байланысты үш міндетті, атап айтқанда:
салықтардың жиналуын арттыру және салық тәртібін күшейту;
салықтық әкімшіліктендіруді жеңілдету;
салық органдарындағы сыбайластық деңгейін төмендету міндеттерін қойып отыр.
Нұрлан Рахметовтың айтысына қарағанда, қазіргі уақытта ҚР ҚМ Салық комитеті ақпараттық технологияларды қолдану арқылы салық әкімшіліктендіруін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ол бүгінгі күні «Электрондық үкімет» инфрақұрылымдарын қалыптастыру аясында Қазакстанның салық төлеушілеріне төмендегідей акпараттық және технологиялық қызметтерді ұсынып отыр:
салық төлеушілер барлық салық есептіліктерін электронды түрде беруге және оны салық органдарында қабылдау мен өңдеу нәтижелерін алуға, соның ішінде;
салық органына келмей-ақ барлық салық түрлері бойынша электронды салық есептілігін толтыруға және жіберуге, салық есептілігінің кез келген нысанын кәдімгі қағаздың парағына, сондай-ақ стандартты баспахана бланкісіне басып шығаруға;
салық есептілігінің қабылдануы мен өнделуі туралы электрондық хабарландыру алуға;
салық органы жіберген салық міндеттемелерінің орындалуы туралы электронды хабарландыруды алуға;
бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, берешегі бар-жоғы туралы ақпараттар алуға;
белгілі бір күні құжатқа, мысалы бюджетке берешегі жоқ екені немесе бар екендігі туралы анықтамаға Web арқылы «тапсырыс беруге», соңдай-ақ салық органынан құжатты беруге дайындығы туралы ақпарат алуға және тағы басқалар.
2006 жылы мынадай қызмет көрсетулер жоспарланып отыр:
салық есептемелерін камералық бақылау нәтижелері туралы, салық төлеуші салық заңнамасын бұзған жағдайда салық төлеушінің дербес шоттарына қоса есептелген сомаларды жүргізгені туралы хабарламаны салық төлеушіге арақашықтан жіберу;
қосылған құн салығын төлеушілерді, жеке кәсіпкерлерді қашықтықтан тіркеу;
банкоматтар мен Web-киоскілер арқылы салықтарды төлеу;
электрондық инкассалық өкімдерді, банктік шоттар бойынша ақпаратты қалыптастыру және басқалар.
Ал салық бақылауына барлық салық есептемелерінің электрондық түрде ала отырып (қазір есептемелердің 43 пайызы электрондық түрде тапсырады), барлық салық төлеушілердің салық есептемелеріне аралық электрондық-камералық бақылауды жүргізе аламыз. Егер бұл камералық бақылау (салық қызметкерлерінің кәсіпорындарға бармай-ақ) теріс нәтиже бермейтін болса, онда біз ондай салық төлеушілерге тексеруге шықпауды жоспарлап отырмыз. Демек, тек электрондық-камералық бақылау салық декларациясында сұрақ тудыратын салық төлеушілер ғана салық тексеруіне жататын болады.
Сондай-ақ комитет төрағасы қазіргі күні камералық бақылау тек қосылған құн салығы бойынша іске асырылып отырғандығын және соның өзінде елеулі нәтиже бере бастағандығын, мәселен, бюджетке түсетін түсімдер 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда – 153 пайызға, ал 2006 жылдың 2 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 166 пайызға орындалғандығын атап өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |