Кураторлық сағаттың мақсаты:
І. Білімділік. Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту.
ІІ. Дамытушылық. Қазақ халқының тілге шешен, сөзге тапқырлығын аңғарта отырып, оқушы бойына сөз өнерінің дәмін себу сол арқылы оқушының көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
ІІІ. Тәрбиелік. Ұлттық құндылықтар – дәстүрлерімізден қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, оқушыларды рухани құндылықты қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған. Аманатқа қиянат жасамай, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз.
АМАНАТ
Шаңырақ – қазақ ұғымындағы қасиетті дүние. Егеменді еліміздің шаңырағы биік болған жағдайда ғана салт-дәстүріміз жаңғыра бермек.
ШАҢЫРЫҚ
1. Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды.
2. Ант бұзған оңбайды,
Сал бұзған сорлайды.
3. Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол.
4. Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.
Ереулік дегеніміз не? Ерулік (салт). Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге “ерулік” деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған. Тәбәрік дегеніміз не? Тәбәрік (дәстүр) Біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан «Тәбәрекік бер» деп сұрап салады. Олжалы адам әдет бойынша тәбәрек беруге міндетті. Бермеуі ұят. Сараңдық, дәстүр сыйламағандық деп есептеледі. Ой сыбаға дегенді қалай түсінесіз? Ой сыбаға (дәстүр) Ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі. Мұны көбінесе балықшы ауыл қолданады. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден өткен жетім-жесірлерге балықшылар үлес береді. Бұған ешкім іштарлық, қарсылық жасамайды. Бұл жоғары азаматтық, жомарттық пен кең – пейілдіктің, қамқорлықтың белгісі. Сауғаны қалай түсінесіздер? Сауға (ғұрп) Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға келген адамға сауға яғни кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді сөзі өтетін адамдар ғана сұрай алған. Сауға сұрап алған адам да өз жасынан жығылмай тиісті адамның құнын шығынын өтеп, екі елді бітімге келтіру жылына шақырған. Сауға татулық жолына қызмет етеді. Ою-өрнек дегеніміз не? Оюды тұрмыста қандай заттарды безендіруге қолданылады? Ою-өрнектің бір түрі. Латынша “орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оюдың әрбір элементінде көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына –мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынған ою бір басқак да жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын қызға арналып басылған текемет пен сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері, олардың бояулары да өзгеше болып келеді. Мысалы, қошқармүйіз элементінен құралған төртқұлақ оюы текемет, сырмақ ортасын, кебеже, сандық, жүкаяқ беттерін , батырлар сауытының жотасын, қалқандарының сыртын, кейде шалбардың тізе тұсын әсемдеуге қолданылады. Атойнақ дегеніміз не? Атойнақ-ерлі-ерсіз ат үстінде қамшы, сойыл, шоқпар, найза, сүңгі, сере, қайтыпкел, қылыш, сияқтылармен ұру, соғу, ілу, сүңгу, шаншу, түйреу, шабу, серте кезеу, сілтеу, сермеу, лақтыру кезінде дәлдік пен шеберлікті де ат үстінде көрсету. Бесікке салу дегеніміз не? Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және Бесік жыры айтылады 1. Ұяда...ұшқанда...
2. Ата...бала...
3. Таяқ...сөз...
4. Сүйіндіреді...күйіндіреді...
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің Ата – бәйтерек, бала жапырақ Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді Сәукеле кигізу дегеніміз не? Қазақ салтында ұзатылатын қыздарға ақ босаға аттар сәтте сәукеле кигізу құда құдағилар мен ауылдың білікті кісілері түгел шақырылады.Мол шашу шашылып, жұрт мәре сәре, көл көсір қуанышқа бөлінеді. Сәукеле киген қызға бағалы байғазылар ұсынылып, ақсақалдар ақ тілектерін ақ жаңбырша жаудырады. Бойжеткендер мен бозбалалар қызға қарап, осындай тамаша сәттің өз бастарына тезіірек келуін армандайды. Сәукеле кигізу қыздарды қуанышқа бөлеп, мерейлерін өсіреді. Ата -анасы мен ел жұртының ақ батасына лайық, тәрбиелі, мұратты ұрпақ болуға баулиды. Жеті қазынаны атаңыз! Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
1.жүйрік ат; 2.қыран бүркіт; 3.құмай тазы; 4.берен мылтық; 5.қанды ауыз қақпан; 6.майланғыш ау; 7.өткір кездік.
Қазақта үш санына байланысты сырларды атаңыз! Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ.
Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім,
Үш із-бала, байлық, бақыт.
Үш қасиет - өліде аруақ, малда кие, аста кепиет.
Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар.
Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет.
Үш тәтті - жан, мал, жар.
Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |