Салтым – асыл қазынам Мақсаты



бет6/6
Дата04.10.2020
өлшемі24,78 Kb.
#64009
1   2   3   4   5   6
6-сұрақ

Үш тәтті

(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)



7-сұрақ

Төрт қонақ

(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)



8-сұрақ

Төрт қымбат не?

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт – береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

9-сұрақ

Бес дұшпан

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)



10-сұрақ

Бес асыл

(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)



11-сұрақ

Бес байлық

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – еркіндік.

Үшінші байлық – тіл байлық.

Төртінші байлық – қайрат-күш, ақ жаулық

Бесінші байлық – балаңыз.



12-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)



13-сұрақ

Алты қиынды ата

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын

Жазылмаған дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.



2 -жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.



1 -жүргізуші: «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады?

Екі оқушы ортаға шығады?

  • Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді » деген, сәлем беруге келдім.

  • Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

  • «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

  • «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.

  • «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.

  • «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

  • «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

  • «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

  • «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.

  • «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!



Мұғалімнің сөзі:

Құрметті көрермен қонақтар, Қош келдіңіздер! Қазақта қонақ кәде деген бар. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қазақ үйіне қонақ келсе, нанынан ауыз тигізіп, ағын ұсынған. Олай болса наурызымыз құтты болсын! Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Қонақтарға бауырсақ пен ақтан дәм тигізіледі.

Музыкалық сәлем: Ата – дәстүр әні.

Қорытынды

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!



Күйшілер: «Тепең көк»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет