Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата30.10.2019
өлшемі1,94 Mb.
#50884
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
tus-Joru


11. ЕР САЙЫН

...Аюбике сол сұлу

Түнде жатып түс көрді,

Түсінде талай іс көрді,

Өз басына күш көрді.

Таң сәріден тұрыпты,

Екі етегін түріпті,

Енесіне келіпті:

—Мен бүгін бір түс көрдім,

Жауырыным тола қара шаш

Жайылыңқы көрінді.

Бедерлеген бес тырнақ

Қанға малыңқы көрінді.

Шешем берген боқшасы

Шашылыңқы көрінді.


220

221


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Жауда жүрген балаңның

Астында жүрген Ақбозат

Құйрығы келте көрінді.

Қолына алған ақ сүңгі

Ортасынан, әй, ене,

Үзіліңкі көрінді.

Сонда енесі жорыды:

—Жауырынның толған қара шаш

Жайылыңқы көрінсе—

Ертеменен қой қыдыр,

Енеңнің сөзіне нан, балам!

О да соған көрінсін!

Бедерленген бес тырнақ

Қызыл қанға, ә, балам,

Малыныңқы көрінсе—

Таң да, тал түс болғанда,

Қызылменен боятсаң,

О да соған көрінсін!

Жауда жүрген баламның

Астындағы Ақбозат

Құйрығы келте көрінсе—

Жау қарасын көргенде,

Ақ құйрығын сүзген-ді.

Қасындағы жолдасы

Жау көрмеген жамандар,

Жаннан күдер үзген-ді.

Қолына алған ақ сүңгі

Ортасынан, ә, балам,

Үзіліңкі көрінсе—

Жүрген шығар жалғызым

Қалмақтың белін сындырып.

Келеді екен жалғызым

Барған ісін тындырып,

Жамандарға қуғызып.

Келе жатыр қырық жігіт

Аяғына су өтіп,

Маңдайынан күн өтіп...



222

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



12. ҚИССА-И ҚАРАБЕК

...Шаһар халқы келген соң,

Ол Кәдірхан көрген соң,

Көрген түсін айтады:

—Қайран жұртым, хан жұртым,

Мен бір жаман түс көрдім.

Ол түсімнің ішінде

Бір ғажайып іс көрдім.

Керегем менің кертулі,

Кертіліп отқа жағулы.

Турылығым менің тілулі,

Тіліп тоқым қылулы.

Кәдірхан деген ханыңыз

Екі қолы байлаулы,

Алдына салып айдаулы.

Артқы өкшемді бастырып,

Жиылып келген қалмақтан

Сөзім де менің қайтулы.

Езу тартып күле алмай,

Хан қасына келе алмай,

Елін сонда сынайды.

Түс жоруын біле алмай,

Мыңдай ғана кісі екен,

Ешбір адам айта алмай,

Қәдірханға бата алмай,

Тұрды сонда сандалып.

Есенгелді тақылдақ

Жүріп келді жақындап,

Ауыз-тісі сақылдап.

Ханның түсін көрген соң,

Жаманлықты білген соң,

Хан қасына келеді

Сөзін айтқалы қақылдап:

—Әй, хан ием, хан ием,

Алтын басты ордамыз, 

Сіз хан болып тұрғанда

Бағусыз еді малымыз.


222

223


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Сіз хандықтан түскен соң,

Шығар біздің жанымыз.

Бүгін жаман түс көрсең—

Он мың қалмақ келеді,

Тілегін Алла береді.

Қайраты көп жұртың

Бір қыз үшін өледі.

Айтқаным менің ақыл-ды,

Ұжмаққа иман жақын-ды.

Ей, тақсыр хан, өлгенше,

Бұл пәлені көргенше,

Айтқанымды ұнатсаң,

Мен айтайын ақылды.

Мінген атың Қаракөк,

Жалғыз сенің ұлың бар,

Оның аты—Қарабек.

Соның өзі жас бала,

Ойынменен мас бала.

Күш-қайраты әшкара.

Сірә, бір саған айталық

Жиылып келген қалмақты

Қырып та жойып салады,

Сол жас бала масқара...



13. ҚАРАБЕК БАТЫР

(Жаңаберген Бітімбайұлы нұсқасы)

...Сүйтіп жатып, жігіттер,

Падиша ұйықтап қалыпты-ай.

Ұйықтап кетіп түс көрді-ай,

Сүйінгендей іс көрді-ай.

Көрген түсі патшаның

Бір еңсесі биік ақ орда-ай.

Ақ ордаға кіріпті-ай,

Төр алдында құрулы

Бір алтын тақ тұр екен,

Соған барып мініпті-ай.


224

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Отырған соң жайласып,

Бір жеті адам көлікті-ай

О да сырттан келіпті-ай.

Тұсап тастап аттарын,

Сәлем беріп патшаға,

О да ордаға еніпті-ай.

Сәлемдесіп кідірмей,

Қол алысып болғансын,

«Қондыр,—деп,—патша қолыңа,

Аң кетпес,—деп ,—алдыңнан»,

Бір қыран бүркіт беріпті-ай.

Қондырғансын қолына,

Өзіне қарап талпынып,

Падишаға елікті-ай.

«Жалғыз да, падиша,

Қосармыз оған серікті-ай»,—

Пәтиха беріп, соны айтып,

Ғайып болды жетеуі.

Кәдірхандай падиша 

Осындай түсті көріпті-ай.

Таң атқансын оянып,

«Ата жолдас өзімнің

Оянған соң ойлайды

Жеті пірім екен» деп.

«Әркімнен артық айбатты,

Өзімнен артық қайратты,

Береді перзент екен» деп,

Падиша бұған жорыпты-ай...

* * *

...Қасына барып баланың,



Ханым бір сонда сөйледі,

Қырмызы қызыл ішіктің

Шалғайын қолмен ашқаны-ай.

—Осынша түсің қашқандай,

Соншама қорқып сасқандай,

Жаның неден жасқанды-ай?



224

225


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Ояндың ба, жалғызым,

Түсіңде көріп дұшпанды,

Кеуліңді басқанды-ай.

Сен бір жаман түс көрдің,

Не бейнелі іс көрдің,

Біліп тұрмын мен,—дейді.

Қарабек сонда айтады:

—Білдің, неше, түс көрдім,

Ер қорыққандай іс көрдім,

Түсімде көрдім лаңды-ай.

Жорытқанша, шешеке,

Не екенін біле алмай,

Кеуілім отыр тына алмай.

Сондай жаман түс көрдім

Түсі суық жыланды-ай.

Түсімді, шеше, айтайын:

—Аң аулаппын түсімде,

Киік пен атып құланды.

Жүргенімде аң аулап,

Құбыла жақтан қаптапты

Үстімнен ала тұманды-ай.

Сол тұманның ішінен

Лағыппын мен далаға-ай.

Жөнімді тауып жүре алмай,

Ағайын, халықты көре алмай,

Сүйтіп балаң тарықты-ай.

Жүргенімде тарығып,

Бір адам келіп жолықты-ай.

«Баралық,—деп,—бір жаққа»,

Еркі алдыма қоймады-ай.

Алып келіп бір жерге,

Мойындасып өзіммен

Құшақтасып ойнады-ай.

Ойын қылып шылбырмен,

Қолымды мықтап байлады-ай.

Олай-бұлай жұлқынып, 

Үзе алмай сорым қайнады-ай.

15-0185


226

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Отырғанда үзе алмай,

Келгенін қайдан білмедім.

Бір жолбарыс келді де,

Оң қарымды шайнады-ай,

Өлтіруге ойлады-ай.

Жатқанымда, шешеке,

Енді өлуге таянып,

Жаман қатты қысылып,

Қара терге боянып,

Кетіппін, шеше, оянып.

Қорыққаны осы ішімнің,

Енді, шеше, жори бер,

Ажары осы түсімнің.

Сонда ханым жылайды:

—О дариға, дүние-ай,

Өткізер болдым қайғымен

Мына да шолақ жалғанды-ай.

Көріп едім, жалғызым,

Сені өліп талғанда-ай.

Бір түн сүйіп құшақтап,

Жаңа мейірім қанған-ды.

Тағы түсті уайым,

Неден болдым сор маңдай?!

Білдім, балам, түсіңді,

Балалықтан, жалғызым,

Болып бір қалдың арманда-ай.

Өлтірмей неге жібердің

Атаңа нәлет Қабыланды-ай.

Тумай кеткір бейбақтың

Соған кеуілі толғанды-ай.

Сен ауылға қайтқасын

Соңынан айқай салған-ды,

Шақырып үйге келген-ді.

Екеуі жатып қалған-ды,

Кеуілі жатып жанған-ды.

Қолыңды ойнап байласа,

Сол бейбақтан болғанды-ай.


226

227


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Атаңа нәлет қалмаққа

Тумай кеткір сол бейбақ

Ықылас кеулін бергенді-ай,

Сенен артық көргенді-ай.

Қолыңды байлап амалдап,

Сол екеуі қосылып,

Өлтіруге жүргенді-ай.

Тауға біткен андызым,

Төбедегі жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Не қылайын, шырағым,

Тіл алмадың, жалғызым!..

14. ТӨРЕХАН

...Ұйықтап жатқан ер Төре

Көтеріп басын алады,

Жан-жағына қарады.

—Қайда кеттің, хан шеше,

Айырдан туған нар шеше!

—Мен бір бүгін түс көрдім,

Әжептәуір іс көрдім.

Қанатыма қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрдім.

Үстіме құлап асқар тау

Қабырғамды сындырды.

Мұртыма менің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрдім.

Азу алмас қос пері

Екі қарым түбінен

Қиып алып барады.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынды.

Бір көзінен жас ақты,

Бір көзінен қан ақты.


228

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағым жарып барады.

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Қанатыңа қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрсең—

Халқыңның әнсат болғаны.

Үстіңе құлап асқар тау,

Қабырғаңды сындырса—

Халқымның ісі ауыр дейд,

Халқыңның патша қойғаны.

Мұртыңа сенің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрсең—

Мүскілттің әнсат болғаны.

Азуы алмас қос пері

Екі қарың түбінен

Қиып алып баратса—

Ат жігіттің қанаты,

Қараша атты алғаны.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынса,

Бір көзінен жас ақса,

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағың жарып баратса—

Бибіжанды алғаны...

15. БӨГЕН БАТЫР

...—Айналайын, жеңеше,

Артықша көрем өзгеше.

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.

Қанжығадан қан көрдім,

Ат сауырынан тер көрдім.

Бұл не болар, жеңеше?

Жирен деген көлдердің,


228

229


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Көк алалы көп жылқы,

Есепсіз бойдақ көп жылқы

Шашылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Кешегі кеткен атекем

Қолындағы садағы

Жапырыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Тостағандай толы көз

Жабылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Елге келді бір көрім,

Қиратып жүр қаланы,

Шулатып жүр баланы.

Бір түбектей қылып жүр

Жалпы жатқан қаланы.

Қақпаның аузын қандатып,

Шарбақтың аузын шаңдатып,

Есік ойран, төр талқан,

Бәрін бірдей қырып жүр.

Бұл не болар, жеңеше-ау?

Ал жеңгесі сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Айналайын, бикешжан,

Мен жориын түсіңді,

Кешегі көрген ісіңді.

Жирен деген көлдердің,

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінсе—

Көк алалы көп жылқы

Көлге толып жатқаны.



230

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бағатұғын адам жоқ,

Бұрынғыдай заман жоқ.

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінсе—

Жылжып қонып жатқаны.

Кешегі кеткен атекең

Кешегі бауырды атқаны.

Тостағандай толы көз

Жұмылыңқы көрінсе—

Кешегі бауырды өлтіріп,

Мақсатына жеткені.

Мен жорыдым түсіңді,

Кеше көрген ісіңді...

16. АБЫЛАЙ ХАН

...Үйінде жатыр екен Бұхар жырау,

Жасы асып, болғаннан соң жүзге таяу.

Ізбасты сәлем беріп кірген кезде,

Селк етіп көңіліне түсті қаяу.

—Ассалаумағалейкум, Бұхар жырау,

Бермеуші ең тірі жанға сөзден бұрау.

Жорып бер, бір түс көрдім өте жаман,

Боғы деп түс түлкінің бұрма шынды-ау!

Бар еді бір бәйтерек биік өскен,

Мәуелеп биіктігі көкке жеткен.

Миуалы бұтақтары түгел жеміс,

Саясын барлық елім көлеңке еткен.

Түсімде сол бәйтерек кетті құлап,

Тұрмастай қара жерде жатты сұлап.

Ей, Бұхар, жорып берші бұл түсімді,

Қарамай көңіліме мені сынап.


230

231


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

—Арғында Ізбасты едің атың шыққан,

Жаныңа жақын келген өнеге ұққан.

Айрылып Абылайдан қалғанбысың,

Қайғылы түсің жаман қабақ шытқан.

Абылай елге біткен бір бәйтерек,

Халқына асқар таудай болған тірек.

Ерлігі ел қорғаған—көлеңкесі,

Миуасы—дана ақылы болса керек...

17. АБЫЛАЙ ХАН

...Абылай хан жүріпті, 

Ақ атанға сәп салып. 

Бір күні түс көріпті 

Ерен-ғайып қарсы алып.

«О, Абылай, алдыңда 

Асқар-асқар белдер тұр. 

Тар жол, тайғақ қабырға 

Өзен толы сендер тұр.

Өтсең содан іркілмей

Көк құрақты көл жатыр. 

Көл бойында мерейлі 

Ырысты ырғын ел жатыр.

Ақбас атан үнемі 

Соған қарап жатады. 

Жануар ол киелі 

Боздасы елге батады.

Ақбас атан қараған

Жаққа жүрсең, жеңесің. 

Қайшы келсең сен оған, 

Бақты басқа тебесің.


232

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қол бастасаң жорыққа 

Батырларға сеніп сен. 

Жүрсең сол бір бағытқа,

Ораласың жеңіспен.

Ақ атанды қорласаң—

Көретінің жеңіліс. 

Сабақ ал сен осыдан, 

Айтты деме Ібіліс.

Еренғайып мен болам, 

Мұқтаж жанға жәрдемші. 

Десең егер ер болам, 

Болма еліңе алдамшы.

Батырың бар пар болған, 

Ақылы мол бәрінің. 

Елің саған жар болған—

Тірегі қуат-әліңнің.

Өткен күні есіңнен 

Еш уақытта кетпесін. 

Өмір—арқан есілген, 

Тілін


*

 өзің теңшерсің»

Түрегелсе Абылай 

Көргені бір түс екен.

Депті ішінен: «Ә, Құдай, 

Атаным бақыт құсы екен!»

Шығып тысқа қараса,

Ақбас атан жатыпты, 

Көкпен жарық таласа 

Арайлап таң атыпты...

 Арқан үш жіптен есіледі, ортаңғысын «тілі» дейді



232

233


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

18. ТӨЛЕ БИДІҢ ТАРИХЫ

...—Бір түс көрдім, жақсылар,

Жорып соны бер!—деді,—

Шыққан екен қатар боп,

Екі терек жарысып.

Біреуіне мен шықтым,

Біріне шықты Қойкелді.

Мен шыққан бір теректен,

Көшет терек өрледі.

Көрінбей кетті жоқ болып,

Шыққанда мен Қойкелді.

Үш ұмтылдым орнымнан

Көрінбейсің,—дей берді,—

Жарамды жас шыбықпен,

Мәнісін айтып бер!—деді.

Олай-бұлай толқытып,

Жоруын ешкім білмеді.

Бас көтеріп жастықтан,

Өзі тұрып сөйледі.

—Жақсылар, оңай-ақ қой түстің мәні,

Шынар, демек, көрсеткен дәрежені.

Өзі өлген соң Қойкелді даңқы ұзамас,

Мендей болмас лақабы дәрежелі.

Болмағанда сөз қосып мақал тағы,

Көшет терек мәнісі—інім Байтек,

Өткір болар, келтелеу өмір шағы.

Күні бұрын қамданып ойлап едім,

Жататұғын бұйырған жерім менің.

Бас жағыма нақыштап шым ойдырдым,

Ұя салған қарлығаш үйге қойғын.

Мынандай бір тапсырма аманат бар,

Жүніс, саған көптен-көп өтінемін.

Өткеннен соң жеті жыл екі арада,

Бір әзіз бұл Тәшкенге келер бала.

Шайқантауыр өзінің аты болар, 

Қайтса жатсын жанымда менің дара.



234

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Кісілерге көптен-көп өтінішім,

Сіздер де айтқын көз көрген үлкен-кішің.

Бас жағыма қойылсын сүйегі оның,

Аяқ жағы басыма тақау тұрсын.

Тағы сәлем үш жүзде көз көргенге,

Өзі сұрап дуада іздегенге.

Киелі ұлым көп сәлем Абылайға,

Шағы келсе, бір қоссын елді елге.

Қартайған соң әруақ жын болады,

Жын қартайса, деген сөз жым болады.

Енді басқа әңгіме дей алмаймын,

Түрлі-түрлі бізден соң күн болады.

Аман-cay боп қайыр-қош тұрыңдар,—деп,

Иман айтып Төле би дүние салды...



19. БӨГЕНБАЙ БАТЫР

...Сарыбай ат күзетті, жатпай өзі,

Ертең-ақ жауға шабар келді кезі.

Таңертең ат әкеліп байлап қойып,

Ұйқыға біраз кетті екі көзі.

Тұрысып жас түлектер, ыстық қылып,

Алысып бірін-бірі жүрді жұлып.

—Жігіттер, ат ерттеңдер, берді Тәңір!—

Сарыбай баяндайды сонда тұрып:

—Түс көрдім жаңа ғана жатқан жерде,

Түсімде көрдім,—дейді,—Маян ерді.

«Осы жолы бас боп барамын» деп,

Атакем маған келіп хабар берді.

Бір заманда Бексұлтан кеп жүгіріп,

—Келдім,—деді,—мен дағы бір түс көріп...

Әрқайсысы әр түрлі түс көріпті,

Қалыбекке жорытуға келді тұрып: 


234

235


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

—Мен дағы атекемді көрдім,—дейді, 

Ат-түрін әбден байқап тұрдым,—дейді.

Айыр сақал, кісі екен ұзын бойлы,

«Қарағымды көрмек үшін келдім» дейді. 

«Қарағым, келіп едім көрейін деп,

Дәрежең, үстем болсын мерейің деп.

«Маяндап» тынышымды кетірдіңдер,

Келіп ем енші бөліп берейін» деп.

Үстінен ақ сауытын берді шешіп,

Жоқ екен өн бойында ешбір тесік.

Қолында бір қамшыға көп қызықтым,

Қамшысын бермей кетті, халім нешік?!

Қылышы белінде тұр қынабында,

Атакем не себептен келді мұнда!

Астында маңғұл қасқа торы аты бар,

Шыға ма, деп ойлаймын, түсім шынға.»

Тыныбек сонда айтады:—Мен де көрдім,

Қуанғаннан орнымнан түрегелдім.

«Енші берем, қарағым», дегеннен соң,

Қылышын маған берді, «бер» деп едім.

—Жасаған берген екен тілегімді,

Дұшпаннан қайтармасын жүрегімді.

Қамшысын маған берді,—деді Қалыбек,

Ілулі бүлдіргесі білегімде.

—Бұ жолы жау қалмайды біз алмаған,

Көңілім бұл сапардан тұз алмаған.

«Ат ерттеп, «Маянбайлап» ұран шақыр,

Айтайын ақылымды енді саған:

Қалыбек сегіз қос ат алсын қолға,

Ту алып, Сарыбай шықсын құба жонға.


236

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Алтауың аянбастан жауға шапсаң,

Қосшылар түйеменен қалсын мұнда!

Мұны айтып, атқа мінді дуылдасып,

Алғандай неше мыңды қолмен басып.

Ежелден жау дегенде сайтаны бар,

Тұрмайды Маянұлы жауға жасып...

* * *

...Бөгенбай түс көріпті бұған тағы,



Ат жоқ боп, кеміп тұрған бұл бір шағы.

Түсінің көріп тұрған түрі жаман,

Осыған Бөгенбайдың сынды сағы.

—Ұйқыда бір дария көрдім бағып,

Шалқытқан бір жағынан отын жағып.

Су үстінде қара төбет арсылдайды,—

Деп түсін әркімге айтты, мұңын шағып.

—От жағып, суға залал қыла алмай тұр,

Су толқып, от жалынын жыға алмай тұр.

Үстінде қара төбет қара судың,

Ұлынып, арс-арс етіп, шыға алмай тұр.

Түс көріп, түн ішінде оянғанда,

Ағыпты қысылғаннан маңдайдан тер:

«Көретін қартайғанда түсім бе еді,

Түс болды бұ не деген, Тәңірі шебер?!.»

Шақырып Сарыбайды алды батыр,

Сарыбай кіріп келсе, жылап жатыр:

—Сарыбай, менің күнім қараң болды,

Бар екен мені аңдыған бір жау кәпір.

Қартайған шағым, жас жетіп,

Заманым кеткен күн өтіп.

Еліңді жи жар салып,

Қаруыңды түзетіп.


236

237


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Бүгін жатып көрдім түс,

Көргенім қатты қиын іс.

Еліңнен саңлақ жиғызып,

Беліңді байлап, түйініс!

Бір жағымда жанған от,

Шалқып суға жете алмас.

Шалқыған оттың жалыны

Толқыған судан өте алмас.

Үстінде бар бір қара ит,

Аузын көрдім жеке алмас.

Жан-жағымнан жабылып,

Екі дұшпан қысып тұр.

Осы түсті көрген соң,

Көңіліме қайғы түсіп тұр.

Қартайған жасым, әлім жоқ,

Сонан жаным шошып тұр.

От пенен су қабысып

Қосыла алмас, қара иттің

Аузы бар пышақтай.

Осыдан зәрем кетті ғой,

Қолдамаса Маянбай!..



20. БӨГЕНБАЙ БАТЫРДЫҢ 

БІРІНШІ ЖОРЫҒЫ

...Түс көріп ұйқысында қатты шошып,

Ақыра түрегелді Жантай батыр:

—Атты ертте, ал жүрелік жатып болмас,

Атанды қарауылдан жылдам шақыр.

Кісі екен шапшаң мінез, тым күйгелек,

Қоймады көпшілікке дегбір ақыл.

Мұны естіп қарауылдан Атан келген,

Сұрайды «не болды?» деп Жантай ерден.


238

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қанталап екі көзі, ашу билеп,

Атанға айтты сонда түсін көрген:

—Шошындым қорқынышты бір түс көріп,

Теңізге Бөкем түсті қайық мініп.

Көтеріліп көл жүзінде қалың толқын,

Қып-қызыл судың беті қанды көбік. 

Қайығы батар-батбас суға толып,

Жүрмейді ессе дағы бір жөнделіп.

Қағып жүр көп толқынды қанатымен,

Аспаннан ақтұйғын құс ағып келіп.

Білмеймін ақырының не болғанын,

Жорышы зерек едің ой жіберіп.

Ойлады жорымаққа Атан түсін,

—Қосасыз қорқынышқа мұның несін.

Қорқыныш емес, түсің қуаныш қой,

Жориын бересіз бе сүйіншісін?

Бөкешім көлге жүзсе—олжа дағы,

Теңіздей тегін олжа табылмағы.

Қолына ескек алып, қайыққа мінсе—

Жанбыгер астындағы арғымағы.

Малтығып қайық суға жүзе алмаса—

Арықтап жануардың болдырғаны.

Майданға кірген болар осы сағат,

Жүр екен аттан келмей ердің бабы.

Кездескен көл жүзінде қалың толқын—

Қаупі бар қамалаған жау болмағы.

Қаптаған судың бетін қанды көбік—

Ол жаудан маңыз кетіп қырылғаны.

Толқынды қағып жүрген ақтұйғын құс—

Бөкеңдей әруақты ердің бағы.



238

239


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Нәрсе жоқ бақыт жеңбес дүниеде,

Түсіңнің осы болды жорымағы...

21. БАРАҚ БАТЫР

...«Таң атқан соң, қазақтың еліне тиерміз»,—деген түні 

Түгел қарт жатып, ұйқысында қорқынышты түс көреді. Көрген 

түсінен қорқып оянып, түн ішінде үш жүздің қазақ баласын ат 

шаптырып, ордаға жинап алды. Басшы адамдарын ордаға алып, 

Түгел қарттың мезгілсіз халық жинағаны туралы сөйлеген 

сөзі:

Түгел қарт сонда сөйледі:



—Келдің бе, жұрт, жиналып,

«Не айтар» деп ойланып? 

«Шақырды,—деп,—не үшін?»

Жүрмеңіз, жұртым, қиналып.

Мен бір түнде түс көрдім,

Түсімде мүшкіл іс көрдім.

Елдің аулақ шетінен,

Күннің шығар бетінен

Бір айдаһар келіп жүр,

Мұны көзім көріп жүр.

Иреңдеген көп жылан

Шағайын деп өріп жүр.

Айдаһардың үстіне

Аспаннан келіп ақ бұлт,

Түсейін деп төніп жүр.

Түсім шайтан болмаса,

Ата жауым бұрыннан

Елімді қалмақ торып жүр.

Айдаһардың үстіне,

Төніп жүрген ақ бұлт—

Ерлерімнің әруағы,

Елімді жаудан қорып жүр.



240

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Көрген түсім аян-ды,

Түсімнен шошып ояндым.

Болмас едім жалғаншы,

Еліме берсең хабарды.

Бір Аллаға сиынып,

Қазағым салсын ұранды.

Аттанып келсе жау қалмақ,

Халқыма берер зиянды.

Жау қалмаққа жорыдым

Айдаһар менен жыланды.

Айдаһар болып көрінген—

Алакөбек қалмағың.

Төніп жүрген ақ бұлт—

Ақтан келген әруағым,

Алдынан қарсы аттансақ,

Кәпір жауға ат қойсақ—

Оң болар еткен талабым.

Бұл түсімді «жалған» деп,

Қапыл болма, қазағым.

Обалына қаларсың

Жылаған қатын-баланың.

Алакөбек аттанса,

Ауыр қолмен қаптаса—

Алмай кетпес алмағын,

Салмай кетпес салмағын.

Қырып кетер елімді,

Өлтіріп кетер ерімді.

Өртеп кетер көлімді,

Хабарсыз жатқан қазаққа

Көрсетіп кетер көрімді.

Аттанар күнің бүгін-ді,

Бүгіннен қалса, қиын-ды.

Түсім шайтан болмаса,

Жеріме дұшпан құйылды.

Осылай деп Түгел қарт

Көрген түсін жорыды...



240

241


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

* * *


...Араға сол күн қонады,

Басқа болды талабы.

Атақозы батырдың

Көзі ұйқыға барады.

Түсінде көрді Барақты,

Қасында көрді батырдың

Ақ сәлделі қожаны.

Жауайын деп ақ бұлт

Төбесінде батырдың

Торлап кетіп барады.

Құс қырғыны—бидайық

Ер Барақтың үстінде

Ойнап кетіп барады.

Жез бұйдалы нар тайлақ

Ер Барақтың алдында

Боздап кетіп барады.

Ақ сәлделі пірлері

Ер Барақтың қасында

Қолдап кетіп барады.

Осы түсті көреді,

Атақозы оянып,

Сырымның келіп қасына

Атақозы сөйледі:

—Көлденең жатқан су Жайық,

Су жүзінде қу қайық.

Батыр Сырым, жолдасым,

Көп жиылған халайық,

Мен бір түнде түс көрдім,

Көрген түсім ғажайып.

Ер Барақтың үстінде

Бір ақ бұлт барады.

Жауайын деп тұр жайып,

Қанат қағып барады.

Ер Барақтың үстінде

Құс қырғыны—бидайық.

16-0185


242

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Жез бұйдалы нар тайлақ

Ер Барақтың алдында,

Боздап кетіп барады,

Жез мұрындық сарғайып.

Ақ шалмалы пірлері

О да кетіп барады

Дұға беріп, қол жая.

Жорысын деп түсімді,

Сізге келдім оянып.

Сырым би түсін жорыды:

—Жақсы ниет ойға алып,

Жорыдым, батыр, түсіңді,

Алла оңғарғай ісіңді!

Он екі ата Байұлы,

Біріктірдің күшіңді.

Аттанды Барақ ар үшін,

Біз аттандық мал үшін,

Бұл ниетпенен жүргенде,

Бізге қалай дарысын.

Бұл ниетті тасталық,

Ақ жолына басталық.

Әруақ аунап кетіпті,

Біз Барақтан қашпалық.

Хас масқара болармыз, 

Абыройдан бос қалып.

Барақпен бірге болайық,

Төбесінде Барақтың

Қанат қағып ойнаса

Құс қырғыны—бидайық

Бидайықтай қуырып,

Ақ алмасын суырып,

Барақ тиер майырға,

Ұстап алып Майырды,

Айналар ісі қайырға.

Жауайын деп ақ бұлт

Төбесінде торласа,

Ол—әруақтың иесі.


242

243


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Боздап жүрген нар тайлақ—

Пірлердің мінген түйесі.

Жезден болса бұйдасы—

Мойнындағы кресі.

Арағын ішкен ақыртып,

Нар тайлақтай бақыртып,

Ұстап алар майырды,

Заманасын қапылтып.

Алдырып берер Сібірден,

Айшуақ ханды шақыртып.

Ақ сәлделі пірлері

Алдында жүрсе, қол жайып—

Ердің жолын ашқаны.

Біз Барақтан қашпалық,

Түсіңді жорып қарадым.

Барақта емес, бізде айып,

Қосылайық Бараққа,

Мініңдер атқа, халайық...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет