«ерніңді тістеме», «жұдырығыңды түй» дейді. Өйт-
песе кек ішінде кетеді деп ойлайды. Кек ішінде кеткен
адам дертке шалдығып, ем табылмай өмірден өтеді, түсі
жылымайды, жүрегі жібімейді, кекшіл болып, көп шіл
болмайды. Тісін қайраса, жұдырығын түйсе—ашуы
сыртқа шығып, көңілі жадырайды деп жориды.
404. Қазақ біреуге өзінің киім-кешегін берсе, бір түймесін не
бір бауын үзіп алып қалады. Онысы—басымдағы бағым
түймемен немесе баумен бірге кетпесін дегені. «Тау дай
талап бергенше, бармақтай бақ бер» деген сөз бар. Бұл
сөз осындай ырымнан шыққан болуы да ықтимал.
405. Қазақ дос-жаранына, туыс-туғанына сары түсті зат-
тарды тарту-таралғыға ұсынбайды. Сары түс—дерттің
белгісі, сары ауру жабыстырады, жазылмас дертке
ұрындырады деп жориды.
406. Қазақ ескі бесікті далаға, жұртқа тастамайды. Тастау ға
тура келсе, ақтық байлап, ақ сүт тамызып, бір уыс дән
қосып өртеп, күлін жерге көміп кетеді. Далада, жұртта
қалған бесікке жын үймелеп, баланың орнына жатып
алса, бұрын осы бесікте жатқан бала ауру болады, бағы
жанбайды деп ырымдайды.
314
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
407. Қазақ жазғытұрым алғаш жауған жаңбырды «Алла-
ның нұры» деп басын тосады. Онысы—ала жаздай басы
ауырмайды, басыма бақ қонады дегені.
408. Қазақ жазғытұрым далада ұйықтамайды. Бұл қыс пен
жаздың өларасы, шегі. Ыстық пен суық алмасар тұс.
Осы мезгілде жер бетінде жын-перілер соғысып жата-
ды. Далада ұйықтап қалған кісінің бет-аузы қисаяды,
жынданып ауырады деп ырымдайды.
409. Қазақ жақсы көретін адамына, туыс-туғанына, құда-
жекжатына, алаш-ағайынына шақпақ тас, пышақ,
қайрақ сыйламайды. Бұлай істесе араға от түседі,
пышақтасады, «қырық пышақ болады», дұшпан араға
от жағады ырымға жатқызады. Сондықтан жақын кі-
сілер шақпақты, пышақты, қайрақты сұрап алмайды,
көрсетпей ұрлап алады. Иесі оны білсе де, ренжімейді.
Бұл—жаман ырым басталмасын дегені.
410. Қазақ жақын адамдарының көңілі түскен жақсы нәр-
селерін (жақсы ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы т.б.) не-
месе бірер іс істеп беруін қолқалап сұрайды. Қазақ сал-
тында «Қолқадан бас тартқанның қолқасы үзіледі» деп
ырымдап, қолқа сұрай келген адамның талабын той-
тарып, көңілін қалдырмайды. Қолқалаушы да орайын
тауып, оның қарымжысын қайтарып отырады.
411. Қазақ жаңа туған нәрестені «не деген сұлу» неме-
се «неткен семіз» деп айтпайды. Бұлай айтып қалған
болса, жерге үш рет түкіреді. «Жағыңа жылан жұ-
мыртқаласын», «Аузыңа қара нан толсын» деп, бір дег-
дар әйел аузын жаптырады.
412. Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, за қым
келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамай ды.
Олай істесең—сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың,
дү
ниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жа-
ның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты
жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны деп
қарайды.
413. Қазақ жас келінге, жаңа туған балаға, тағы басқа
ерекшеліктерге алғаш көрген сәтте көрімдік сұрайды.
Бұл—дүние құмарлық емес, сол жаңа нәрселердің елге
314
315
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
таныла беруі үшін айтылған тілек. Көрімдік байғазы
да емес. Көрімдік жас адамға, жақсы атқа, құсқа сұра-
лады. Байғазы бала немесе жастар жаңа киім кигенде
көңілін аулап беріледі.
414. Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның
артынан бір уыс топырақ шашады.
415. Қазақ жер бетін тоқсан тоғыз түрлі пәле қаптағанда за-
ман ақыр болады деп жориды.
416. Қазақ жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспейді.
Себебі жеті атаға толмаса, қан уылып, кем-кетік, ақыл-
сыз, әлжуаз бала туылады. Ұрпақтың, ұлттың сапасы
төмендейді деп ырымдайды.
417. Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі
кішкене балаға аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң
аяғын көтерсе, жол болады екен деп қуанады. Сол ая-
ғын көтерсе, жол теріс деп жолға шықпайды.
418. Қазақ жорыққа аттанған кезде «аттан түс», «атты бай-
ла» деген сөздерді тіке айтпайды. Жамандыққа бастама-
сын деп, сол мағынаны білдіретін, қон, бекіт, кір деген
сияқты сөздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда өлең
айтпайды, жыламайды. Саптыаяқты жолдыаяқ деп,
мінгені байтал болса—ат деп атайды. Жорыққа байтал
мініп барса, жол болмайды деп есептейді. Байтал—
жорық көлігі емес, құлындайтын, сауылатын мал.
Үйге тамақ шайнаған қалыппен кіруге болмайды. Ал
тамақ шайнап шығу—жақсылықтың нышаны. Қазақ
«Дұшпанның үйіне жеп кір, достың үйінен жеп шық»
дейді. Біреудің тамақ шайнап кіріп келе жатқанын
байқаса, үй иесі оның аузындағысын босағаға төктіре ді.
«Қан түкір» деп, жамандыққа балап назаланады.
419. Қазақ жұлдыз санамайды, аққан жұлдызға қара май-
ды.
420. Қазақ жын-сайтан бурадан және кірпікшешеннен қор-
қады деп жориды да, үйдің қолайлы тұсына бураның
бас сүйегін, кірпінің түрпісін іліп қояды.
421. Қазақ кем-кетік, мүгедек, жарымжан адамдарға күл-
мейді, мазақтап масқараламайды. Өйткені бұл—әдеп-
сіздік. Менмендік істесең—өз басыңа келеді. Күлген
316
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
кісі күлге көміледі, көлге кетеді, екі етегін түре кетеді,
өмір бойы күрсініп өтеді деп жамандыққа жатқызады.
422. Қазақ көкек құсына тиіспейді. Аңыз бойынша, көкек
адам екен. Бір ауылға күйеу келіп жатады. Аяқ асты-
нан аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңлісі жездесінің
атын тауып әкелуге шығады. Үйден шығарда асығып
жүріп шатасып, бір аяғына өзінің, бір аяғына күйеудің
етігін киіп кетеді. Сол қыз айдалада көкек құсқа айна-
лып кетеді. Көкектің бір аяғы қызыл, бір аяғы көк бо-
латыны содан екен. Ат іздеп шығып, жоғалған қыздан
пайда болған көкек те аты жоқ құс аталады. Киелі құс
санатына жатады. Көкек қонған ағаштың бұтағын сын-
дырып алып, майы мол болады деген ұғыммен іркітке
салады.
423. Қазақ көкке, шаңыраққа қарап түкірмейді. Көк тәңірі
атады, шаңырақ киесі соғады деп ұйғарылады.
424. Қазақ көне жұртты, оттың орнын баспайды. Басса—
ауру жабысады, пәле қонады деп жориды.
425. Қазақ күнге, айға қарап тұрып түзге отырмайды. Ал
құбыла жаққа, күн батысқа қарап тұрып бұлай істеуге
тіпті де болмайды. Бұлай істеу әрі күнә, әрі рух шам-
данып, ұшынады, ауру иелеп, қуығы тұтылады, жі-
ңіш ке ауруға тап болады, аузы қисаяды деп ырымдай-
ды. Ай мен Күн—қазақ ұғымында дүниенің жарығы,
сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
426. Қазақ қазан-ошақты теппейді. Ондай істегенде, аяқ
дертке шалдығып, кем болады. Қазанның қарасы,
ошақ тың киесі атады деп есептейді.
427. Қазақ қайыршыға түске дейін ғана садақа береді. Жұма
және бейсенбі күндері де қайыр садақа таратады, себе-
бі түстен кейін жиналған мал-мүлікті бытыратпайды.
Бәрі де түске кейін жиналады. Егер осы жиналған мү-
лік тен біреуге берсе—ырыс кетеді деп ырымдайды.
428. Қазақ қарттары екіқабат әйелге қай аяғын алдымен ба-
сар екен деп қарайды. Егер оң аяғымен табалдырықтан
бұрын аттап кірсе—ұл туады. Сол аяғымен кірсе—қыз
туады деп жориды.
316
317
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
429. Қазақ қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді.
Олай істегенде қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан
қайырыласың, бақайыңнан майырыласың, тамырың-
мен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел әзізден
жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі
қарауытып, санадай сарғайып, зарығып, қиналып өтеді
деп ырымдайды.
430. Қазақ құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жараны-
на ит бермейді. Себебі, «Иттей ырылдасып қалмайық»,
«Ит ырылдаса—береке бұзылады», «Құдалық, достық,
туыстық баянды болмайды» деп ырымдалады. «Құда
мың жылдық» деп татулықты тілейді.
431. Қазақ құда түсіп, құйрық-бауыр жескен соң, құда түс-
кен қыз жатқа кетпейді. Уәде бұзылса, дау туады. Ел
жауығады. Арты пәлеге айналады деп тыйым салады.
432. Қазақ құдалыққа барғанда немесе сапарға, жолға шық-
қанда шұнақ түйеге жүк артпайды. Жол болмайды,
пәле ұшырайды деп жориды.
433. Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз—ару, болашақ
ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңіш-
ке», «Қыз назы қырық кісіні мас қылады», «Қыз—жат
жұрттық» деп өздектетеді. «Қыздың қабағында құт
бар. Қыз қабағы—күрең тартса—ел жұтқа шалдығады.
Қыздың қабағы күлімдесе—құт қонады. Қызды қор-
лаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы
қы рық кісінің жолын бөгейді. Қызды жылатқанның
қыр сығы қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз
баланы адамның бақытына балайды.
434. Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп
талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз
іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді деп
ырымдайды.
435. Қазақ маңдайы кең, көз жанары отты, құлағы үлкен ба-
ланы білікті, парасатты адам болады деп ырымдайды.
«Болатын бала боғынан» деп оның бала күніндегі сөз,
әрекетіне қарап, болашағына болжам айтып отырады.
436. Қазақ мәйітті қабіріне кірген соң басын құбылаға
қаратып жатқызады. Жанама қабірдің аузы жабылмай
318
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
тұрып, жиналғандар бір-бір шым-шым топырақ сала-
ды. Онысы көптен бұйырған топырақ деген ізгі ниет.
437. Қазақ мойынға жіп салмайды. Өйтсе сайтан есінен тан-
дыра аздырып, өзін-өзі білмей буынып өледі деп ырым-
дайды.
438. Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды.
Себебі мүшел жас—қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан
сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе, не
асырып, не кемітіп айтады.
439. Қазақ мініс атын сатқанда немесе ағайын-туысына
сыйға бергенде ноқтасы мен жүгенін алып қалады.
Себебі малдың құты, бағы басында деп жорылады. Ба-
сына пайдаланған, басын байлаған ноқта мен жүгенде
құттың да демі бар. Бұл мүліктер атпен қоса берілсе—
үйдің бүкіл байлығы, бағы еріп кетеді деп ырымдала-
ды. Сондықтан алып қалған ноқта мен жүгенді үйдің
оң жақ босағасына іліп қойып, үнемі майлап, баптап
ұстай ды.
440. Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі.
Нанды басқанды Құдай атады, қарғысқа ұшырайды,
өзегі талып өкіреді деп ұғады.
441. Қазақ некелі төсекке басқа адамды жатқызбайды. Көр-
пе, жастықтарды да біреуге қолданбайды. Неке бұзы ла-
ды, махаббат тітіркеніп, шетке ауады деп ырымдайды.
442. Қазақ оң жағындағы иығына қарай түкірмейді, сол
иығына қарай түкіреді. Себебі, оң иықта адамды қол-
даушы періште отырады, түкіргенде ол жиіркенеді деп
ұйғарылады.
443. Қазақ от шашпайды. Ыстық күлді төкпейді. От шаш-
са, өрт шығады, күл төксе, бұрқырап көзді қармайды.
Сөйтіп, ойды адастырады деп жориды.
444. Қазақ отқа түкірмейді. Отқа, шалаға су құймайды. Отқа
су құйса, пырылдап, үй ішін күл басады. Күл басса—нас
басады. От киесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды.
Құштарлық сөнеді. Адам өледі. «От бар жерде—жан
бар». От—тірліктің негізі. Отқа су құю—жамандықтың
нышаны.
318
319
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
445. Қазақ өзі мініп жүрген атын соғымға соймайды. Ал
біреуге берсе, сілекейін алып қалады. Онысы—бағы да,
соры да басқаға кетпесін дегені.
446. Қазақ өлген адамды жоқтап жылағанда әйел заты ша-
шын жайып жіберіп жыласа—ішіндегі шер тарқайды
деп сенеді.
447. Қазақ өлімге көңіл айтуға келгендерді қандай адам бол-
са да алдынан шығып қарсы алмайды және аттандыр-
майды. Бұлай істеу—«өлім шақырғандық», «аруақ ру-
хын таптағандық» деп ырымдайды.
448. Қазақ өрттің алдына ақ құяды. Онысы—өрт тез сөнсін,
апат болмасын дегені.
449. Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман
ырымға жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр
деп ырымдап, пышақты жалпағынан жатқызады.
450. Қазақ салты бойынша от алуға келген кісі от алғалы
келгенін айтпайды. Отты алады да, үнсіз шығып кетеді.
Тек от алып жатып: «От ана, сақтай гөр!» деген тілек
айтады. Әсілі от алу—жақсы әдет емес. Сондықтан от
алушы басқалармен сөйлеспейді. «Отқа келген әйелдің
отыз ауыз сөзі бар» деп өсекті лаулатып айтуға тыйым
салады. «Ел іші ала, кереге басы пәле болмасын» деп
ұйғарады.
451. Қазақ салты бойынша, түнде далаға сыпырынды төк-
пейді, үй сыпырмайды. Сыпырыла қалғанда: «Үйге
бүйі кіріп кетті» дегенді айтып барып сыпырады.
Себебі сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түн-
де сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға
жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап бола-
ды деп ырымдалады. Түнде үй сыпырмайтыны—сы-
пыртқының ұшына жын жабысады. Төсек салатын
орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып,
ұшынады деп жорылады.
452. Қазақ салтында ерлі-зайыпты адамдардың ортасына есі
кеткен түседі деп жұбайларды бөліп отырғызбайды.
453. Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға
алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған «итаяғы ңа
сал» деп сақина, білезік, жүзік секілді заттар ұсына ды.
320
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Келіншек тұңғышын босанып, нәрестені алғаш шілде
суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салады.
Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттар-
ды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы—нәресте
сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені.
454. Қазақ салтында от жаққан орынды баспайды. Отта кие
бар. Бұлай істегенде оттың киесі атады деп тыйым са-
лады.
455. Қазақ салтында үй ішінде тырнақ алмайды. Тырнақ
тамаққа түссе—жазылмайтын ауруға тап болады деп
жориды. Бұрынғы заманда мыстан кемпірлер тырна-
ғын алып, қастасқан адамының төсегіне қойса, жады
ауруына ұшырайды екен деген аңыз бар.
456. Қазақ салтында үлкен кісілер екінті мен ақшам мез-
гілінің аралығында дауыс шығарып жыламайды, өксіп
үһілемейді. Ұйықтамайды, іс, киім тікпейді. Бей мез гіл
істің берекесі болмайды деп жориды.
457. Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды, сапарға аттан-
байды. Бұл күні болмайды, жолдан пәле кезігеді, сей-
сенбі күні жолды жылан кес-кестеп жатады деп ырым-
дайды.
458. Қазақ суға түкірмейді. Ағынды суды беталды бөге мей-
ді. «Дәм татқан құдығыңа түкірме» деген нақыл сон дай
ырымдардан қалған.
459. Қазақ тартылған табақпен қоса ұсынылған бас келген-
де оң құлағын сол үйде отырған қонақтардың ішіндегі
балаға береді. Онысы—бала сөз тыңдайтын, тілазар
емес, елгезек, жақсы болып өссін деп тілегені.
460. Қазақ дәуітті ұстап алып, алғашқы шыққан сүйелді
тістетіп, қайта қоя береді. Сонда сүйел толық жазыла-
ды деп біледі.
461. Қазақ теңделген жүкті буып байланған жіпті кеспейді.
Бұлай істегенде өзіңдікі өзіңе бұйырмайды, талапайға
түседі, жолда тоналасың, жау шапқандай болады деп,
жаман ырымға жориды.
462. Қазақ торғайды және басқа құстардың жұмыртқасын
шақпайды. Бұлай істесе, бетке секпіл түседі деп ырым-
далады. Құстар қарғайды деп те нанады.
320
321
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
463. Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі барлық
тағамның тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы—тұз» деп
қарайды. Тұз төгілсе—ырыс төгіледі, дәм шамданады,
ас азаяды. Жерге төгілген тұз еріп жоғалғанша сол жер-
ге тұзды төккен адам тұздай ащы тұрмыс кешіреді деп
ырымдайды.
464. Қазақ түнде айдалада жайылып жүрген жалғыз сиыр
көрінсе, қамшымен сабайды. Себебі түнде сиырды жын-
шайтан мініп жүреді деп нанады.
465. Қазақ түнде айқайламайды. Тек жаугершілікте ғана со-
лай істелуге тиіс. Жайшылықта ондай теріс қылықтан
аулақ болған жөн деп ұйғарылады.
466. Қазақ түнде үрейлі түс көрсе, таңертең жерге үш рет
түкіреді де: «Түс—түлкінің боғы» дегенді үш рет ай-
тып, түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып тап-
тайды. Онысы—тоймас қара жер жаман түсімді жесін
деп ырымдайды.
467. Қазақ ұғымы бойынша, шаруамен бір үйге кірген адам
тізе бүгеді, тіпті өте асығыс болғанның өзінде де тізе
бүгіп, үй иесіне ілтипат жасауға тиіс. Бұл—ша
ңы-
рақтың құрметі. Егер келген адам түрегеп тұрып ша-
руасын айтып, тізе бүкпей шығып бара жатса, үй иесі:
«Неге тізе бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып
бұзауласын дегенің бе» деп, өкпе айтады. Қариялар:
«От ала келген жоқсың, тізе бүк!» деп бұйырады. Бұл—
үйдің иесіне тағзым ету.
468. Қазақ ұғымында аспан денелерінің де өзіндік қасиеті
бар деп есептеледі. Мысалы, көктен жұлдыз ақса—адам
өлгені деп жорылады.
469. Қазақ ұғымында от—үйдің жарылқаушысы, шам шы-
рағы. Қазақ отты ерекше құрметтейді. Жаңа түскен
келінді үйге кіргізгенде үлкен үйдегі отқа сәлем бер-
гізеді. Одан кейін от басына төселген жұмсақ бөс текке
(теріге) отырғызады. Онысы—оттай жайнап, терідей
жұмсақ бол дегені.
470. Қазақ ұғымында, үкі—қасиетті құс. Үкінің үлпілдек
жүні, басы, сирағы және қауырсыны жын-сайтаннан
21-0185
322
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге
қадайды.
471. Қазақ ұл баланы тұқым жалғайтын үйдің отын сөн-
дірмейтін мұрагер санайды. Сондықтан бұған ерекше
мән береді. Бір үйде ылғи қыз бала туыла берсе, соңғы
туылған қызға «Ұлбосын», «Жаңылсын» деген сияқты
ат қояды. Бұл—енді бала ұл болсын деген үмітпен
ырымдалады.
472. Қазақ ұл баласы тұрмай шетіней берсе, аман-есен
туылған ұл баласының оң құлағын тесіп, сырға өткізіп
қоятын болған. Себебі, ұл баланың жанын алғалы кел-
ген Әзірейіл оның құлағындағы сырғасын көріп, «қыз
бала екен» деп алданып жанын алмай тастап кетеді деп
ырымдаған. Ұл бала аман-есен ел қатарына қосылып,
күпті көңілдері қуанышқа толғанда, сырғасын алу үшін
«Сырға той» жасаған.
473. Қазақ ұрлық жасамайды. Бұлай істесе, қол-аяғың сы-
нады, қара басып, кемтар болады деп нанады.
474. Қазақ үйде, дастархан басында сасық жел шығармай-
ды. Қақырып, түкірмейді. Олай етсе бақ қашады, ас ай-
ниды деп сескенеді.
475. Қазақ үйінде қазан құр тұрмайды. Тым болмағанда бір
қалақ май тамызып қояды. Бұл «қазан қаңсымасын»
дегені. Қазан толы болса, уайым жоқ.
476. Қазақ үйінде ыдыс-аяқты шақылдатпайды. Онда ырыс
үр кеді. Дін шамданады, бақ жоламайды деп ырымдала-
ды.
477. Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ
қонған түні мал төлдесе, көтен асып қонақты сыйлай-
ды. Әрі киіт кигізіп: «Ақжолтай қонақ» деп шығарып
салады.
478. Қазақ үйірлі жылқысынан біреуге мал ұстап берген кез-
де сол жылқының жалынан бір тал қылды жұлып ала-
ды да, қылға сол жылқының сілекейін жағып, қалтаға
салып сақтап қояды. Бұл—«сілекей сірне» деп атала-
ды. Онысы—әлгі жылқымен бірге ырыс кетпесін деп
ырымдағаны.
322
323
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
479. Қазақ үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның
қолынан балаларына дәм таттырмайды. Жамандығы
бастарына келеді деп ырымдалады.
480. Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс
шашты ұясына салса—бас ауруға шалдығады, бас ай-
нал
ғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке
шал дығады деп ырымдайды.
481. Қазақ шығып бара жатып, есікті қатты серіппейді.
«Қайта кірер есігіңді қатты серіппе» деген де нақыл бар.
Өйткені бақ есік пен төрде қатар тұрады. Есікті қатты
серпісең, үйден бақ қашады деп ұйғарылады.
482. Қазақ ырымдағанда да баласына жаман ат қоймайды.
Өссін, көбейсін деген мағынадағы атауларды таңдайды
да, Тоқтасын, Өскенбай, Көпбосын деп қояды.
483. Қазақ ішінде жауырынға қарап болашақты, тұрмыс-
тіршілік ағысын, жақсылық пен жамандық ныша нын
болжайтын да ырым бар. Жауырынды тіс тигізбей та-
қырлап, таза мүжу керек. Тіс тиген жауырын сөй ле-
мейді деп иланады.
484. Қазақта «ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қо-
йылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп то-
стырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адам да
телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
485. Қазақта «жарыс қазан» деген ырым бар. Бір әйел
толғатып жатқанда, басқа үйдің әйелдері қазанға жеңіл
желпі тамақ салып, оны босанатын әйел бала тап қан
ша
пісіріп үлгеру үшін жарысады. Қазақ ұйғарымын да туа-
тын бала «жарыс қазанға» қатынасып, пісетін та мақ тан
бұрын жарық дүниеге келуге ұмтылады.
486. Қазақта «көрімдік сұрау», «көрімдік беру» ырымы
бар. Жаңа туылған бала, жас келін, тағы басқа жаңа
нәрселерді алғаш көрген адамнан көрімдік сұрайды.
Көруші шамасына қарай көрімдік береді. Бұл сол жаңа
нәрселердің елге таныла беруі үшін айтылған ақ тілек
есептеледі.
487. Қазақта «Көсені үйге кіргізбе, бөксесін жерге тигізбе»
деген сөз бар. «Көседен көсеу де қалмайды» деп ырым-
324
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
дайды да, көсе отырған жерден бір шым-шым топырақ-
ты алып, далаға «Тфу-тфу» деп шашып жібереді.
488. Қазақта «күйеу аяқ» дейтін ырым бар. Жігіт қа лың-
дығын өз үйіне түсіргеннен кейін қызын ұзата бар-
ған енесін қошаметпен қайта жеткізіп салады. Сонда
ата-енесі күйеу балаға мал атайды. «Күйеу аяқ» дегені
сол. Бұл күйеудің аяғы жеңіл болсын, көңіл ашық боп
қайтсын дегені.
489. Қазақта «тобық жұту» деген ырым да бар. Жұтаты ны—
қоян тобығы. Шарты былай: тобық жұтатын адам мы-
надай серт айтады:
Батыр болсам—
Жүрегімнен шық,
Палуан болсам—
Білегімнен шық.
Шешен болсам—
Таңдайымнан шық,
Бақытты болсам—
Маңдайымнан шық.
Тобық жұтқан адамның қасиетіне қарай айтқан тұсы-
нан шығады деп есептеледі.
490. Қазақта «тұмар тағу» ырымы да бар. Бала не жасы
кіші біреу ауырса, молдаға дұға жаздырып алып, оны
ақ шүберекке не теріге үш бұрыштап тігеді де, дұға
арналып жазылған адамның мойынына тағып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |