Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата30.10.2019
өлшемі1,94 Mb.
#50884
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
tus-Joru

1. АБЫЛАЙДЫҢ ТҮСІ

Бір күні Абылай үйінде жатып, бір түс көріпті. Сол түсін 

Бұқарекеңе жорытқан екен. Абылайхан түсінде құбылаға қа-

рай бара жатса, бір биік аспан зәулім бәйтерек көреді. Мидай 

далада сол бәйтерекке барса, түбінде бір жолбарыс жатыр екен. 

Ол жолбарыс Абылайды көре сала келіп алысады. Абылай да 

жолбарыспен алысып жүріп, қолындағы қанжарымен ішін жа-

рып өлтіріпті. Оның ішінен бір қасқыр шыға келіп, ол тағы алы-

сыпты. Абылай оны да жеңіп өлтіріпті. Оның ішінен бір түлкі 

шыға келіп, о да алысыпты. Оның ішінен бір қоян шыға келіп-

ті. Ішін жарғанда оның ішінен бір күзен шыға келіп, о да алыс-

ты. Оның ішін жарып жіберсе, қоңыр шолақ тышқан шығады. 

Міне көрген түсі осы екен.

Бұқарекең келешек заманға және Абылайдың кейінгі ұр-

пақтарына келтіріп былай жорыпты:

—Бәйтерек көргенің—өзіңнің осы күндегі хандық бақы-

тың. Өзіңнің жолбарыстай айбатың, хан, салтанатты уақытың. 

Өзіңнен туған бір балаң аюдай болып туып, өзіңнің хандық 

орныңа тұрып, өзіңдей болып қалмаққа, жауға аюдай болып 

шабады екен. Онан туған балалар қасқырдай болады екен. Онан 

кейінгі адамдар түлкідей бірін-бірі алдап, арбап, сұм заманға 

ие болады екен. Онан кейінгі адамдарға бір қорқу, үрку, жебір, 

жесір тар уақыт болады екен. Одан кейінгілердің көрген уақы-

ты бастарына келетін бір қоңыр шолақ тышқандай болып жүріп 

күн көретін уақыт болады екен. Заманның ақыры таянған-

да адам баласына кездесетін уақыт күзен секілді болар. Аяғы 

тышқан болып, дүние сөйтіп таусылады-дағы.

ІІ. Халық прозасындағы түс 

және оны жору


168

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бұқар түсін жорып айтқан соң Абылай бұл сөзіне құлақ 

қойып, сонан соң Самарқан шаһарына елші жіберіпті: «Ұрысым, 

соғысым жоқ. Әулиелерге зиярат қылғалы келдім. Осы жер ден 

қайтамын» деп. Самарқан, Бұқар жұрты қорқысып тұр екен. 

Мұнан бұрын қосыны қазақ болып он үш патша ол шаһар-

ларды алған екен. «Қосыны қазақ болды дегенше, бұ дүние 

тар, сарттарға азап болды» дейді екен. Абылай ханнан бұл сөзді 

естіген соң Самарқан халқы қуанып, тарту, таралғы, сыймен 

келіп, ханды көріп көңілдері сондай тынды. 

2. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҮСІ

Абылай хан Самарқанд шаһарының бетіндегі Жұпар қо ры-

ғына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңінде қасындағы 

түс жоритын қариясына жорытады.

—Түсімде шатырымның алдында бір жолбарыс келіп шөгіп 

жатып алды, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап 

едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой, 

қалайша аю болып кетті деп екінші қарағанымда қасқыр бо лып, 

онан соң түлкі, ақырында қоян болып кетті. Осы көргендері ме 

таң қалып жатқанымда оянып кеттім,—деді. Сонда қария: 

—Жолбарыс көрсең, басыңнан бақыт құсы ұшқаны, бая-

ғы дан бері қайтпай жүріп, енді жасың жеткен шағыңда «Абы-

лай хан сарттан өліпті» деген атқа ұшырамай қайта ғой. Жол-

барыстың аю болғаны сенен соңғы балаларыңның заманы аю 

заманы болып, жұрт аюдай алысып өтеді. Қасқыр болғаны 

немерелерің заманында қасқырдай жұлысып өтер. Түлкі бол-

ғаны шөбереңнің заманында түлкіше жортып өтер. Қоян бол-

ғаны онан кейінгі заманда қорқып өтер,—деген екен.



3. АБЫЛАЙДЫҢ ӨЗ ТҮСІН ЖОРУЫ

Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті 

(әркім әртүрлі айтады).

Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік ал-

дында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жол сыз 


168

169


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көл-

дің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға 

келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен. 

Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секі 

ретін 


түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре 

беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп кі діріп, 

бәрі де көз алдында өз бетімен кетті. «Манағы құрақты көлім 

сор болды ма? Бұлақ болды ма? Шалшыққа айналды ма? Не 

болғанын қарауға өзім де жиреніп жатып оянып кеттім»,—

дейді. 


Естушілер не деп жоруын білмей, жақсылыққа жоруға 

қисынын таба алмай, жамандыққа жоруға ханына бата алмай 

отырыпты. 

Сонда Абылай өзі былай деп жорыпты: 

—Менің көрген жыным, айдын шалқар көлім—ол мына 

менің көрген дәуірім, мына отырған сендерсіңдер. Ана жапы-

рылып көрінген—менің қоғадай жапырылып бас иіп тұрған 

халқым. Оның ақыры былай болды. Шіркін, халқым, дәуірің 

осындай болады екен ғой! Көрген арыстаным—ол дұшпаным. 

Қанша дұшпаным қайрат етсе де, әсер етпеді. Оның артындағы 

қасқыр, түлкі, қоян—олар менің кейінгі тұқымдарым болар. 

Олардың ақыры қоянға ұқсап, ел-жұрт қараудан да жирене тін 

болады екен ғой!—деп жорып, өзі қатты күйзелген екен. Сон да 

қасындағылар да: 

—«Түс—түлкінің боғы», жақсыға жорыңыз, түс көруші ден 

емес, жорушыдан,—деген екен.



4. АБДОЛЛА ХАННЫҢ ТҮСІ

Ұлы мәртебелі Абдолла ханның дәуірінің бастапқы кезе-

ңін де көрген түсі бар. Бірде ол түнде қадірлі басына тынығу 

жас ты ғын жастанады. Оның ми алаңын ұйқының ауыр қолы 

жайлап, түсінде әлдебір жерге екі қадірменді кісі келген 

екен. Мұның ұлы мәртебесімен (Абдолла ханмен), патшалы-

ғы мәңгі жасай бергей, бірге жоғары мәртебелі әулие марқұм 

Хұсрау-сұлтан тұр екен дейді. (Ханның айтуы бойынша) 

«Әлгі қадірменді екі кісінің бірі Хұсрау-сұлтанның қолына 


170

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

жалаң жүзді жалаңаш қылыш берді. Бұл екі алып тұлғалы 

кісінің енді біреуі маған екі қылыш ұстатты: біреуін сол 

қолыма, біреуін оң қолыма. Екі қылыштың әрқайсының екі 

жүзі бірдей өткір еді».

Ұлы мәртебелі хан (Абдолла хан) ұйқысынан оянғанда бұл 

түсін ешкімге айтпады.

Хасан Қожа айтады: «Мен оның (Абдолла ханның) хан дық 

ұлылығының аяғын жалау құрметіне ие болғанымда былай 

дедім: «Жарық нұрға бөленгір, қасиетті Қожа Жойбара, Сізге 

дұға арнап: «Ұлы мәртебеліге айта барыңыз: біз өзгеге жалаң 

жүзді жай ғана қылыш берсек, оған екі жүзі де өткір екі ал-

мас қылыш бердік. Екі ойлы болатын не жөні бар?»—деп айт-

ты.

Оның хандық ұлы мәртебесі: «Бұл түсті мен әлдеқашан көр-



ген едім, әрі ешкімге айтпаған да едім»,—деді.

Абдолла хан Бұқараны, Ташкент, Балх пен Ферғананы, 

Хорезмді және тағы басқа жерлерді жаулап алып, үлкен мем-

лекетті басқарды.



5. АҚСАҚ ТЕМІР

Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат 

кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. 

Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен 

ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сыр-

дария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат 

келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге 

жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа 

айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз 

қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан. 

Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі жат-

қан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. 

Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң 

аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар 

әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан, 

баланы өсірген. Ақсақ Темір өмірбақи шешем, анам Теккене 

деп кетті.


170

171


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

* * *


Түркі тұқымдас барлас руынан шыққан Шахрисабз биі 

Тарағай түс көреді, түсінде биік таудың басында тұр екен. 

Түн тастай қараңғы. Тарағай бидің қолында болат қылыш 

бар. Қолындағы қылышынан сол шақта найзағай оттары 

жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би 

оянып кетеді. Бірақ сол түні оған ақ киімді, ақ сәлделі, ақ атты 

адам аян береді: «Тарағай би, қазір әйелің Тәккине бір ұл туа-

ды. Ол әлемді билейтін жаһангер болады»,—депті. Ол Қызыр 

ғали әссалам әулие екен. Бұл жору ертеңіне Қазаған ханға 

да жетеді. Ол болашақ жаһангер Әмірдің тууынан сескеніп-

ті, нөкерлеріне бұйрық беріп, бидің жоқ кезінде толғатып 

жатқан әйелдің қарнын іштегі бала өлі түсуі үшін ауыр таспен 

үйкелетеді. Әйткенмен бала мұнымен өлмейді, мезгілі жет-

кенде туады. Бірақ тастың салмағымен ана қарнынан бір аяғы 

солып түседі.

* * *


Тарағайдың ортаншы әйелі Тәкинә қатын осы Темірге 

екіқабат болған кезінде түс көреді. Түсінде Қызыр ғали 

әссалам әулиеден бала сұрайды. Әулие оған денесі тастан, 

жүрегі дүниенің ең нәзік гүлдерінен жаралған ұл береді. 

Емшегін жөндеп еме алмаған баласын анасы құйрығынан 

салып қалғанда, тастан жаралған баланың денесінен қолы 

қатты ауырып кетіп, анасы жылап қоя береді. Анасының 

жылағанын көріп, жүрегі нәзік гүлдерден жаралған бала-

сы енді қосылып жылайды. Анасы мен баласының көзінен 

жасы ағыл-тегіл төгіледі. «Қалай, балаң ұнайды ма?»—деген 

Қызыр ғали әссалам әулиеге Тәкинә қатын: «Маған мұндай 

жылауық баланың керегі жоқ, басқа бала бер»,—деп жа-

лынады. Сонда әулие оған керісінше денесі гүлдей жұмсақ, 

жүрегі тастай басқа бала береді. Бұл да анасының емшегін 

дұрыстап еме алмайды. Анасы бұны да ұрады. Бірақ қанша 

ұрса да, баланың көзінен жас шықпайды. Баласының бұл 

мінезіне қуанған анасы сылқылдап күліп жатып оянып 

кетеді. Ертеңіне Тәкинә қатын түсін бір білгір кәрі кемпірге 

жорытады. «Түсіңде жыласаң, өңіңде қуанарсың, ал түсіңде 

қуансаң, өңіңде жыларсың. Бекер алғашқы балаға көнбеген 



172

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

екенсің. Сенің мына туғалы тұрған балаңның денесі ет пен 

сүйектен біткен жұмсақ болғанмен, жүрегі тастан да қатты 

келеді екен, түбі өзгені қойғанда өзіңді де талай жылатар»,—

деген екен.



6. ӘМІР СЕЛЖҮКТІҢ ТҮСІ

Әмір Селжүк жүз жыл жасады. Бірде ол түнде түсінде кіші 

дәретін отқа жіберіп тұрғанын, ол оттан ұшқан ұшқындардың 

жердің шығысы мен батысына шашырап түсіп жатқанын кө-

реді. Бұл көрген түсін түс жорушысына айтқанда, ол былай деп 

жауап береді: «Сенің тұқымыңнан әлемнің алыс елдерін жау-

лап алатын патшалар шығады».

Шындығында да солай болды. Әмір Селжүктің ұрпақтары 

шығыс пен батысты жаулап, аса қуатты мемлекет құрды.

7. БААРИН ТАЙПАСЫНАН ХОРЧИ УСУН 

ҚАРИЯНЫҢ ТҮСІ

Хорчи келіп бүй дейді: 

—Біз Бондончар богданың әкелген әйелінен туғандықтан, 

Жамұқамен кіндіктес әрі үндес, тілдес адамбыз. Сондықтан 

да Жамұқадан іргені аулақ сала алмаймыз. Бірақ құдіретті 

Тәңір келіп, маған аян берді: «Қырдың қызыл сиыры келіп, 

Жамұқаны сәл айналсоқтап жүрді де, үйімен қоса сүзгіледі. 

Сөйтіп бір мүйізін опырып алып, сыңар мүйізді боп қалған 

соң, «мүйізімді бер» деп, Жамұқаға қарай мөңіреп тарпы-

ланды. Тағы мұқыр кер сиыр үлкен үйдің арбасына жегілген 

екен деймін. Ол Темүжіннің соңынан үлкен арбасын сүйрете 

ұмтылып:


Тілге көнсе жер мен көк,

Темүжінді ел иесі болдырғай,

Тасып бара жатырмын,—деп мөңіреді. Жасаған 

Тәңір менің көзіме осылай көрсетті. Егер, Темүжін, сен менің 

алдын ала болжап айтқанымдай, ел қожайыны болсаң, маған 


172

173


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

қандай жақсылық істер едің?—дейді. Сонда Темүжін: «Шы-

нында мен мұқым елді билесем, сізді түменнің нояны болдырар 

едім»,—дейді. 

Хорчи Усун қарияның түсі кейіннен оның өңінде шындыққа 

айналды.


8. БАБЫР МЫРЗАНЫҢ САМАРҚАНД ҚАЛАСЫН 

АЛАР АЛДЫНДАҒЫ ТҮСІ 

«Сол кезде ғажайып түс көріппін: маған әулие Қожа Убай-

долла келген екен деймін. Оны қарсы аламын. Қожа үйге кіріп, 

төрге отырды, оның алдында дастархан жайылды, тағам мол 

тартылмағандықтан ба, әулие Қожа маған реніш білдіргендей 

сезінемін. Баба молда мен жаққа қарап, ымдап белгі берді. Мен 

де оған: «Бұл менің кінәм емес, дастархан жайған адамның 

кінәсі»,—деп ымдадым.

Қожа айтқанымды ұғып, ишарат білдірді. Ол орнынан тұ-

рады, оны шығарып салмақ болып ілесемін. Сол үйдің ішінде 

ол менің екі қолымнан ұстап, тік көтеріп алды, бір аяғыммен 

жер тіреп қалдым. Қожа түрікше: «Шейх қайырымды кеңес 

берді»,—деді. Сол бірнеше күннің ішінде Самарқанды ал-

дым».


Ұлы Моғол империясының негізін салған Бабырдың көзі ті рі 

кезінде оның күші мен атағына тең келер ешкім болмады.



9. БЕКЕТ АТАНЫҢ ТҮС ЖОРУЫ

Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен жайылған 

кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом-

бырашы сері жігіт ел аралап жүріп, жұмаға қараған күні 

түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп, 

домбырасы ортасынан омырылып, өзі белінен шойырылып 

жүре алмай қалғанын сол ауылдағы көпті көрген қарияға 

жорытады да, ақсақал тұшымды ештеңе айтпаған соң, жос-

парлап қойған жолынан бас тартпай, кете береді. Жолда дәл 

түсіндегідей атының аяғы інге кіріп кетіп, омақаса құлайды, 



174

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

өзі омыртқасын зақымдап жүруден қалады. Баласының азап 

шегіп жатқанын көрген әкесі арнайы ат арытып келіп, Бекет 

Атаға баласының жағдайын баян қылады. Бекет Ата жігіт тің 

жұмаға қараған күнге түс көргенін, сол түсті жорытқан нан 

болғанын айтып, келе алмай үйінде қалған жігітке сырты нан 

бірнеше айға шарттап, ем жасайды. Атаның емі қонып, дом-

бырашы жігіт жазылып, бұрынғыша серілігін жалғастыр ған 

екен.


* * *

Маңғыстауды мекен еткен арабша да, орысша да сауатты, 

байлығы басынан асатын Сарыбай атты жігіт ағасы Бекет Ата-

ға барып, сәлемдесіп, оның батасын алмаққа ниеттенеді. Бірақ 

пендешілікпен әне шығам, міне шығам деп жүріп, екі-үш жыл-

ды өткізіп алады.

Сондай күндердің бірінде құдасының аулында жатып, тү-

сінде айдалада қонып отырған алып құсты көреді. Қандай ға-

ламат екенін білмекке атын сол жерде қалдырып, жақында-

ған сайын құс үлкейе береді. Ақыры киіз үйдің көлемін дей 

болғанда қанатының астыңғы жағынан есік ашылып, оқалы 

көк түсті киім киген әдемі қыз төмен қарай баспалдақ түсіріп, 

ішке шақырады. Сарыбай ішке кіріп, айналасына қараса, 

аппақ отырғышта жайғасқан сақалды адамдарды көреді. Қыз 

меңзеген қатардан орын алып, терезеден қараса, бұлттың ара-

сында ұшып келеді екен. Қанша мезгіл өткені белгісіз, Сары-

байды діттеген жеріне әкеліп түсірген алып құс қанатынан дау-

ыл тұрғызып, қайтадан ұшып кетеді…

Сарыбай түсін бір балгер кемпірге жорытқан екен, ол:

—Құспен ұшқан жақсы, бірақ сенің түсіңе енген құс тіптен 

басқа екен. Жоруға тым қиын соғып отыр, дұрысы Бекет Ата-

ға тез жеткенің. Кешіксең, бір бәлеге ұшырап қалуың ғажап 

емес,—деген соң жұмаға қарсы жолға шығады. Келсе Бекет 

Ата жолаушылап кеткен екен, Атаны күтіп жатып, Сарыбай 

түсінде басын қар шалған таудың үстімен әлгі алып құспен та-

ғы да ұшады.

Сарыбай Ата келген соң көрген түсін тағы айтады. Ата сәл 

ойланып отырады да, түстің жоруын келесі күнге қалдырады. 

Ертесінде таңғы ас үстінде:


174

175


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

—Сарыбай інім, менің болжамым алдамаса, күндердің кү-

нінде Құдайдың қолдауымен өте ақылды адамдар өзің көр ген 

алып құсты жасап шығарып, қалаған жағына ұшып барып ке-

летін болады,—дегенде сенер-сенбесін білмей Сарыбай аң-таң 

болады.


Қаншалықты шындық бар екенін бір Алланың өзі біледі, 

әңгімені айтушылар мұндай жайды анықтау үшін ауылдас-

тары Атаға жүгінгенін айтады. Ата оларға жұма күнгі таңда 

көрген түстің көпшілігі дәл келетінін, сондықтан шама 

келгенше жорытпаған дұрыс екенін, жорытса түс жоруға 

қабі ле ті бар адамға ғана айтуға болатынын айтыпты. Осы-

ны жадында сақтаған кейбіреулердің жұма күнгі көрген 

түсін жорытпайтыны, ешкімге айтпайтыны осы күнге дейін 

кездесіп қалады.

10. ДОСМҰХАММЕД ХАННЫҢ ТҮСІ

Әкесінің өлімінен соң, Досмұхаммед өгей шешесімен 

некелесіп, ар-ождан шынысына тас атты да, оны сындыр-

ды. Қалыңдық күйеудің үйіне салтанатпен ұзатылған соң, 

Досмұхаммед хан түсінде қара атқа мініп келген әкесі 

Есенбұға ханды көреді. Оған (баласына) жақын келісімен, 

атынан түсіп, қолымен қазанның түп күйесін алып, оның 

(баласының) бетіне жағады. Аузын ашып, ол былай деп тіл 

қатады: «О, соры қайнаған, масқара болған неме, ислам дінін 

қабыл алғанымызға жүз жылдан астам уақыт өткенде, сен 

қайтадан кәпірге айналдың, мұсылмандардың шариғаты 

мен тәртібін тәрік еттің». Ол қорамсағынан оқ алып, оның 

(баласының) бүйірінен атады да, өзі атына мініп, ғайып бо-

лады. Ұйқыдан оянған Досмұхаммед хан болған іске өкініп, 

әрі күйзеліп, дәрет алады да, өгей шешесінен кетеді. Сол күні 

оның бүйірі (түсінде оқ тиген жері), буын-буындары ауырып, 

ыстығы көтеріледі де, бұ дүниеден аттануға қамдана бастай-

ды. Емшілер оны емдеп жазуға қанша тырысқанмен, ештеңе 

жасай алмайды. Осылайша, ол о дүниеге көшіп, тамұқ үйіне 

бет алды.



176

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



11. ЕРТЕДЕН ЖЕТКЕН АҢЫЗ

 

Баяғыда бір жүкті келіншек қайынсіңлісіне:



—Еркем, түсімде емшегіме қос қасқыр жармасып жатыр 

екен,—дейді. Сонда өмірден көрген, түйгені аз еркетотай қыз:

—Жеңеше, төркініңе бара жатқаныңда сені қос қасқыр 

жеп кетеді екен,—деп жеңгесін шошындыра әзілдеген екен. 

Айтқандай-ақ біраз күннен кейін келіншек төркініне бармақ 

боп, жолға шығады. Әлдеқандай сөз арасында бұл әңгімені 

құлағы шалып қалған атасы:

—Әттеген-ай, бұлай дегенің бекер болған. Келінім арлан-

дай қос ұлды болмақ екен,—деп дереу артынан шапқыншы 

жіберіпті. Сөйтсе, ойсыз айтыла салған сөз шындыққа ұласып, 

келіншектің әлі өмірге келіп үлгермеген қос ұлымен бірге 

қасқырға жем болып, қанға бөгіп жатқанының үстінен шықса 

керек.

12. ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ ТҮСІН 

АБЫЛАЙДЫҢ ЖОРУЫ 

Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тар-

тып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:

—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. 

Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе-

жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, 

Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау» 

деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шы-

ғарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан Абы-

лай безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің 

кісімді күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан қол жуып, екі 

қолды төбеге қойып, біз шығалық, Абылай олжа қылсын. Уағда 

осы болсын,—деп.

Абылай хан: 

—Жарайды, болса болсын,—депті.

Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен, жол-

барысты құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жер-


176

177


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

ге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда өйтіп 

сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойын-

ша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жә-

нібектің туған шешесі Есім хан өлтіретұғын Тұрсын ханның 

қызы екен. Ташкентті шапқанда Шақшақ батыр Есім ханның 

батырының басы екен. Тұрсын ханның бір қызын Есім хан ба-

ласы Жәңгір ханға олжалап алып бергенде, бір қызын Шақ шақ 

батыр баласы Қошқар батырға олжалап алып беріп, Жәнібек 

сонан туып, сонда Жәнібектің шешесі Абылайға айтып тап сы-

рып, қосқан екен:

—Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға 

таптым. Ағаштың сырттаны жауһарлысын үш жыл тарап зорға 

таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте жат қан 

түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, 

бір айқастыр,—деп.

—Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың,—деп оған 

айтып қойды дейді.

Сол түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оя-

нып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып, «ханға 

айтып кетейін» деп жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып 

оянғанын хан да түсінде көріп: «маған келмей кетпес-ау» деп 

басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы-

мұндағы көрінерлік мезгіл екен:

—Батыр, жай ерте келдің бе? Асығып-үсігіп бір нәрседен 

қысталып жүрсің бе, немене?—дейді.

—Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққан-

нан: «осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін» деп қайтуға 

ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін деп жүрегім аузыма 

тығылып, әрең келдім,—дейді.

 Хан сонда атшысын «Шыйеш» дейді екен:

—Шыйеш! Мирақор!—деп шақырды, атшысы: 

—Алдияр, тақсыр,—деп жетіп келді.

—Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды 

есіктің алдына алып кел,—дейді.

 Ханды онан басқа ат көтеріп жүре алмайды екен. Мира қо ры 

атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:

—Жай қолыңды,—дейді.

12-0185


178

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде: 

—«Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа»—деп 

еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл 

қыл,—деп жирен атты түс садақасы деп айтып, жалма-жан сой-

дырып, талатып жіберді.

—Айт, батыр, енді түсіңді,—дейді.

—Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пәлен ше 

деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеу міз 

шартпа-шұрт болып қалғанда, мені ол найзамен шаншып тү-

сірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда 

«енді бауыздап тастайды-ау!» деп кеудеме көз салсам, қарасам, 

оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді 

бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып ояна келсем, түсім 

екен. Көрген түсім—осы,—дейді.

—Түсің түс-ақ екен. Мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде сені 

ол шаншып түсірген болса, өңіңде оны сен шаншып түсіреді 

екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрген болса, өңіңде 

оның кеудесіңе сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағы ңа 

ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш 

даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан 

өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһар ер 

болады екен, батыр атанады екен. Сол емшегіңнен айдаһар еміп 

жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен о да айдаһардай 

ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жие-

нің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп 

тұрсың. Сен қалай өлесің, бар, жекпе-жекке кіре бер. Жүсіп 

пайғамбардың түсі болсын да, Жақып пайғамбардың жоруы 

болсын,—дейді.

Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын 

сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қа шып 

кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат-қуаты бұрынғысынан да ба-

сым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:

—Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айғайлап шыға шапты 

дейді. 


Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректеп ба сып, 

найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, са-

сып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, 


178

179


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер тигізбесте 

шалқасынан жатқан қалмақ:

—Тоқта,—дейді,—түнде сен де көріп едің, мен де көріп 

едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-

ау. Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жо-

рушым ретін тауып айта алмағаннан алып кеттің-ау,—дейді.

Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап же-

тектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен-өнген жан екен, он 

бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай 

жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты дейді. Жан болса, 

осындай болсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет