«самұРЫҚ-энерго»


Негізгі құралдардың пайдалы пайдалану мерзімі



Pdf көрінісі
бет40/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

Негізгі құралдардың пайдалы пайдалану мерзімі 
Негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімін бағалау ұқсас активтерге қатысты қолда бар тәжірибе негізінде 
кәсіби пайымдау қолданыла отырып жүргізілді. Осы активтерге байланысты болашақ экономикалық пайда 
негізінен оларды пайдалану нәтижесінде алынады. Алайда, технологиялық немесе коммерциялық тұрғыдан 
ескіру, сондай-ақ жабдықтың тозуы сияқты басқа факторлар көбінесе осы активтерге байланысты 
экономикалық пайданың төмендеуіне әкеледі. Басшылық активтердің ағымдағы техникалық жай-күйін негізге 
ала отырып және осы активтер топқа экономикалық пайда әкелетін есепті кезеңді ескере отырып, негізгі 
құралдарды пайдалы пайдаланудың қалған мерзімін бағалайды.
Бұл ретте мынадай негізгі факторлар назарға алынады: (а) активтерді пайдаланудың күтілетін мерзімі; 
(б) пайдалану сипаттамалары мен техникалық қызмет көрсету регламентіне байланысты жабдықтың күтілетін 
табиғи тозуы; және (В) нарықтық жағдайлардың өзгеруі нәтижесінде жабдықтың технологиялық және 
коммерциялық тұрғыдан моральдық тозуы. 
Егер пайдалы пайдаланудың есептік мерзімдері басшылықтың бағаларынан 10% ерекшеленсе,
2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін амортизациялық аударымдар 5,497,703 мың теңгеге 
ұлғаюы/азаюы тиіс (2020 жылғы 31 желтоқсанда: 5,725,610 мың теңгеге ұлғаюы/азаюы). 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
40 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
Балқаш ЖЭС-і
2019 жылғы 29 қазанда Компания Samsung C&T-ден БЖЭС-тің 50%+1 акциясын сатып алды және БЖС 100% 
үлестің иесі болды. Сатып алу кезінде БЖЭС банкроттық шегінде болды, сондай-ақ іс жүзінде маңызды 
қызметті жүзеге асырмады. 2017 жылдан бастап кредиторлар мен жеткізушілер БЖЭС төлем қабілетсіздігіне 
байланысты бірнеше рет сотқа берді, бұл өз кезегінде мүлікке тыйым салуға алып келді, сондай-ақ БЖЭС 
қызметін айтарлықтай шектеді. 2019 жылғы 6 желтоқсанда соттың шешімі бойынша банкроттық процесін 
бақылау және жүргізу үшін уақытша басқарушы тағайындалды. 
Карантиндік іс-шаралардың енгізілуін және ұлттық экономиканы қолдау бойынша мемлекет қабылдаған 
шараларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №443 қаулысымен 
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің 
банкроттығын тану туралы сотқа арыз беруін 2020 жылғы 1 қазанға дейін тоқтата тұру туралы бұйрық 
шығарылды, соған байланысты БЖЭС банкроттық рәсімі уақытша тоқтатылды. 2021 жылғы 29 желтоқсанда 
Компания сотқа ерікті банкроттық туралы өтінішпен жүгінді. Осылайша, басшылықтың пікірінше, топтың 
бақылауы жоқ және БЖЭС-ке инвестициялар толығымен құнсызданған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет