«самұРЫҚ-энерго»


Украинаға байланысты жағдай



Pdf көрінісі
бет79/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
Украинаға байланысты жағдай 
2021 жылы өңірдегі аяқталып бітпеген саяси шиеленіс Украинадағы жағдайдың одан әрі ширығуы салдарынан 
күшейе түсті, бұл шикізат пен қаржы нарықтарына теріс әсер етті әрі құбылмалылықты, әсіресе валюта 
бағамдарын күшейтті. 2021 жылдың желтоқсанынан бастап жағдай нашарлай берді әрі өте тұрақсыз болып 
қала береді. Қаржы және тауар нарықтарында құбылмалылық деңгейінің жоғары екендігі байқалады. Қызметін 
Ресейде жүзеге асыратын ұйымдардың іскерлік белсенділігіне қосымша санкциялар мен шектеулер енгізу, 
сондай-ақ жалпы өңірдегі экономикалар үшін салдарлардың толық спектрі мен бағалау мүмкін болмайтын 
ықтимал салдар күтілуде. 
2021 жылдың соңынан бастап қаржы және тауар нарықтарында құбылмалылық деңгейінің жоғары екендігі 
байқалады. Украина мен Ресей төңірегіндегі геосаяси оқиғаларға байланысты 2022 жылғы 24 ақпанда мұнай 
бағасы барреліне 100 АҚШ долларынан асты. Кейбір ресейлік банктерге, оның ішінде 2021 жылғы 31 
желтоқсандағы жағдай бойынша Компания жалпы сомасы 293,538 мың теңгеге ақша қаражаты мен 
депозиттерін (пайдалануға шектелгендерін қоса алғанда) салған «ВТБ Банк» АҚ мен «СБЕР» АҚ-ның еншілес 
банктерін қатысты санкциялар енгізілді. Компания ақша қаражаттарын басқа банктерге аудару бойынша 
жұмыс жүргізуде. 
2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан ұлттық валютасы - теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы күрт 
төмендей бастады. 2022 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 
506,14 теңгені құрады. 2022 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық 
мөлшерлемені +/-1% дәлізін сақтай отырып, 3,25 пайыздық тармаққа 13,50% дейін арттыру туралы шешім 
қабылдады. Құбылмалылықтың қаншалықты ұзақ сақталатынын немесе сайып келгенде қандай деңгейде 
болатынын анықтау мүмкін емес. 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет