«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан 72
30 Шартты және келісімшартты міндеттемелер мен операциялық тәуекелдер (жалғасы) Алматы ЖЭО-3-ті маневрлік генерациялау режимімен қайта жаңарту «Алматы ЖЭО-3-ті маневрлік генерациялау режимімен қайта жаңарту» жобасы бойынша қазіргі уақытта «Қаз
Энергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ» институты» АҚ жобаның ТЭН-ін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобаның
ТЭН-інде табиғи газбен және маневрлік режимде жұмыс істеу мүмкіндігімен белгіленген қуаты 173 МВт-дан
450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып, сутегін пайдалану перспективасымен ең озық қолжетімді технологияларды
қолдану қаралады.
Маневрлік генерациялау режимінде жұмыс істейтін станцияны салуға аукциондық сауда-саттықты өткізу
2022
жылға жоспарланып отыр.
Қарыздар бойынша ковенанттар Топтың қарыздар бойынша белгілі бір ковененттары бар. Аталған ковенанттарды сақтамау Топ үшін қарыздар
бойынша шығындардың өсуі мен дефолт жариялауды қоса алғанда жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін.
2021 жылдың соңында Топ қарыздар бойынша шарттардың нормативтік мәндерін сақтады, сондай-ақ
бұзушылық оқиғасының орны болжанған жағдайда шекті төмендетуден бас тартты.
31 Бақыланбайтын үлес Төмендегі кестеде Топ үшін маңызды бақыланбайтын үлес бар барлық еншілес кәсіпорындар туралы ақпарат
ұсынылған.
Қазақстандық мың теңгемен Қызмет ететін жер (қызмет ететін жер тіркелгеннен жерден ерекшеленсе, тіркелген ел де көрсетіледі Бақылан- байтын үлес пайызы Бақылан- байтын үлеске тиесілі