«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
75 
33 
Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)
Күтілетін кредит шығындарын (ККШ) бағалау
Күтілетін кредиттік шығындар – ықтималдылық деңгейі ескеріле отырып, болашақ алынбаған ақшалай 
қаражат құны есептелген бағалау нысаны (яғни белгілі бір кезең ішінде туындаған дефолттың тиісті 
тәуекелдері пайдаланылып есептелген кредиттік шығындардың орташа өлшемдік шамасы). Күтілетін 
кредиттік шығындарды бағалау объективті болып табылады және ықтимал нәтижелердің ауқымын есептеу 
арқылы айқындалады. Күтілетін кредиттік шығындарды бағалау топ пайдаланатын төрт компоненттің негізінде 
орындалады: дефолт ықтималдығы, дефолт тәуекеліне ұшыраған кредиттік талаптың шамасы, дефолт 
жағдайында шығын және дисконттау мөлшерлемесі. 
Дефолт сәтіндегі берешек – есепті кезең аяқталғаннан кейін тәуекел сомасында болуы мүмкін өзгерістер 
ескеріліп дефолттың болашақ болар күні тәуекелін бағалау, негізгі қарыз сомасы мен пайыздарын өтеу , және 
кредиттік міндеттемелер бойынша қаражатты пайдалану қоса ескеріледі. Кредиттік сипаттағы міндеттемелер 
бойынша дефолт сәтіндегі берешек кредиттік конверсия коэффициенті арқылы (CCF) бағаланады. Кредиттік 
конверсия коэффициенті – белгілі бір уақыт кезеңіндегі шарт бойынша міндеттемелер сомасының теңгерімдік 
міндеттемеге қатысты конверсия ықтималдылығын көрсететін коэффициент. 
Дефолт ықтималдылығы (PD) 
– 
белгілі бір уақыт кезеңіндегі дефолттың туындау мүмкіндігін бағалау. 
Дефолт жағдайындағы шығын (LGD) – 
дефолт кезіндегі туындайтын шығынды бағалау. Бұл шама шартта көзделген төлеуге бағытталған ақшалай 
қаражат ағыны мен кредитордың алуы күтілетін ақша арасындағы айырмаға негізделеді. Әдетте бұл көрсеткіш 
дефолт кезіндегі берешек пайызымен (EAD) белгіленеді. Күтілетін шығындар есепті мерзім аяғындағы 
көрсетілгенқұнғасәйкесдисконтталады.Дисконттаумөлшерлемесіқаржылыққұралбойыншатиімдіпайыздық 
мөлшерлемні (ТПМ) немесе оған ұқсас шаманыбілдіреді. 
Күтілетін кредиттік шығындар қаражат құралының барлық қолданыс мерізімі ішінде модельденеді. Құралдың 
барлық қолданыс мерзімі шарттың күтпеген мерзімінен тыс өтелуін есепке алғанда, егер ондай болған болса, 
қарыз құралдарын өтеу мерзіміне дейінгі қалған қолданыс мерзіміне тең.
Басқару моделінде 
«Барлық мерзімдегі күтілетін кредиттік шығындар» 
ретінде қаржылық құралдың қалған 
қолданыс мерізімі ішіндегі барлық мүмкін боларлық дефолт жағдайларының туындауы нәтижесінде пайда 
болатын шығындар бағаланады. 
«12 айда күтілетін кредиттік шығындар» 
моделі қаржылық құралдар 
бойынша есепті кезеңнің аяғынан бастап 12 ай ішіндегі болуы мүмкін дефолт жағдайының пайда болуы 
нәтижесінде туындайтын немесе қаржылық құралдың бір жылдан кем болуы мүмкін мерзіміндегі күтілетін 
кредиттік шығындардың бір бөлігін қамтиды. 
Басшылықтың Шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлеу үшін күтілетін кредиттік шығындарды 
бағалауы әдетте реттеу мақсатында пайдаланылатын барлық мерзім ішіндегі бағалауға емес, белгілі бір 
мерзімдегі бағалауға негізделген. Бағалауда болжамдық ақпарат қолданылады. Осындай ретпен ККШ кредит 
тәуекеліне ықпал ететін ықтималдылық ескеріле отырып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердегі 
өзгерістерді көрсетеді. 
Құрылған немесе сатып алынған құнсызданған қаржы активтері (POCI) үшін ККШ модельдеу, (а) жалпы 
баланстық құны және дисконттау ставкасы шартта көзделген ақша ағындарының негізінде емес, активті 
бастапқы тану сәтінде алынуы мүмкін ақша ағындарының негізінде айқындалатынын қоспағанда, сондай 
түрде орындалады және (б) ККШ әрқашан бүкіл уақыт ішінде ККШ тең. Құрылған немесе сатып алынған 
құнсызданған активтер - бұл бұрын бизнесті біріктіру нәтижесінде сатып алынған құнсызданған қарыздар 
сияқты бастапқы тану сәтінде құнсызданған қаржылық активтер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет