«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет65/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
70 
30 
Шартты және келісімшартты міндеттемелер мен операциялық тәуекелдер (жалғасы) 
Сот талқылаулары 
«
Майкөбе-Вест
» 
АҚ сот талқылауы 
2016 жылдан бастап Компания «Майкөбе-Вест Холдинг» АҚ-пен («Майкөбе-Вест» ЖШС қатысушысы) сот 
талқылауына тартылған. Компания Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық 
сотына (МАЭС) «Майкөбе-Вест» ЖШС-дан 333 миллион теңге мөлшеріндегі берешегін өндіріп беру, сондай-ақ 
10 миллион тенге сомасында мемлекеттік баж салығы туралы талап-өтініш берді.Павлодар облысы МАЭС-інің 
2016 жылғы 10 маусымдағы шешімі бойынша талап-өтінім толық қанағаттандырылды. «Майкөбе-Вест» ЖШС-
дан 28 миллион теңге мөлшерінде берешектің бір бөлігі өндіріліп алынды. «Майкөбе-Вест» ЖШС берешегінің 
315 миллион теңге мөлшеріндегі қалған бөлігіне қатысты мынадай шаралар қолданылды: «Майкөбе-Вест» 
ЖШС-ның ақшалай қаражаты мен мүлкіне тыйым салынды, Павлодар облысы МАЭС-іне «Майкөбе-Вест» 
ЖШС-ге берілген лицензия мен рұқсаттардың күшін тоқтата тұру туралы ұсыныс жіберілді. 
2019 жылы Компания Павлодар облысы МАЭС-іне «Майкөбе-Вест» ЖШС-дан 1,324,023 мың теңге болатын 
негізгі берешекті қоса алғанда, 1,632,148 миллион теңге cомадағы берешекті өндіріп алу туралы талап-өтінім 
берді, алынбай қалған пайда - 161,286 мың теңге, тұрақсыздық төлемі (айыппұл) 99,302 мың теңге және 
мемлекеттік баж салығы - 47,538 мың теңге. 
2019 жылғы 11 маусымда Павлодар облысының МАЭС компанияның талап-арызын толық көлемде 
қанағаттандыру туралы шешім шығарды. 2019 жылғы 3 желтоқсанда Майкөбе-Вест ЖШС-дан 1.6 миллиард 
теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалды. 
2019 жылғы 15 шілдеден бастап 2020 жылғы 22 ақпанға дейінгі кезеңде «Майкөбе-Вест» ЖШС оңалту рәсімін 
қолдану бойынша сотқа талап арыз беруіне байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды. Қазіргі уақытта 
жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізуді жүргізуде, атқарушылық әрекеттер жүргізілуде. «Майкөбе-
Вест» ЖШС-дан екі шешім бойынша 40,375 мың теңге мөлшеріндегі берешектің бір бөлігі өндіріп алынды. 
2021 жылғы наурызда «Майкөбе-Вест» ЖШС-мен берешекті 2026 жылдың соңына дейін өтеу және 2026 жылға 
дейін кесте бойынша берешектің бір бөлігін кешіру туралы келісім жасалды. 
Тараптар арасында созылып келе жатқан сот талқылауларына байланысты «Майкөбе-Вест» ЖШС-ның 
дебиторлық берешегі 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша толығымен құнсызданды
(2020 
жылғы 31 желтоқсан: толығымен құнсызданды). 
Сақтандыру 
ҚР сақтандыру нарығы енді ғана дамуда және басқа елдерде кең тараған көптеген сақтандыру түрлері 
Қазақстанда жоқ. Топ өзінің өндірістік ғимараттары, үшінші тұлғалар алдында қызметтің немесе 
міндеттемелердің тоқтауынан шығындарға батуы, Топ апаттар немесе операциялар салдарынан 
жылжымайтын мүлік немесе қоршаған ортаға келетін зардаптан толық сақтандырылмаған. Топтың толық 
сақтандыруы жоқ, тек жеке активтердің жоғалуы немесе бүлінуі Топ қызметі мен қаржылық жағдайына 
біршама кері әсерін тигізеді деген қауіп бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет