Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан 85
35 Есептік кезеңнен кейінгі оқиғалар (жалғасы) Қаржы құралдарымен жүргізілген операциялар 2022 жылғы 19 қаңтарда «ҚР Ұлттық Банкі» РММ 9,200,000 мың теңге сомаға қысқа мерзімді ноттарды өтеді.
2022 жылғы қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Азия Даму Банкімен В траншымен кредиттік желі шарты
бойынша 16,808,000 мың теңге сомасында негізгі борышты және сыйақыны өтеді.
2022 жылғы қаңтарда Азия Даму Банкімен В траншымен кредиттік желі шарты бойынша негізгі борышты
мерзімінен бұрын өтеу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға 11,000,000 мың теңге сомасында қысқа
мерзімді қарыз тартылды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 17 наурызға дейінгі кезеңде «АЭС» АҚ «Қазақстан Халық банкі»
АҚ-пен жасаған 2015 жылғы 22 сәуірдегі № KS 02-15-09 кредиттік желіні беру туралы келісім бойынша
жаңартылатын кредиттік лимиттер аясында 4,310,058 мың теңге сомасында айналым қаражатын толықтыруға
қарыз қаражатын тартты.
36 Акцияға тиесілі пайда және бір акцияның теңгерімдік құны Акциялардың базалық пайдасы Топ акционерінің үлесіндегі ағымдағы жыл ішінде айналымда болған жай
акциялардың орташа шамадағы санына сәйкес пайдасы немесе шығыны ретінде есептеледі.Топтың табысы
көбейтілетін әлеуетті жай акциялары жоқ, сондықтан да акцияларға шаққандағы көбейтілетін пайда
акциялардың базалық пайдасымен бірдей.
Қазақстандық мың теңгемен 2021 ж. 2020 ж. Жыл ішінде топ иелеріне тиесілі түскен пайда (қазақстандық мың теңгемен)
15,046,311
8,007,623
Айналымдағы жай акциялардың орташа шамадағы саны
5,601,812
5,601,812
Топ иелеріне тиесілі, акциялардың базалық және көбейтілген пайдасы (теңгеге дейін дөңгелектегенде)