Сана философиясы


Қоғамдық сананың формалары



бет6/8
Дата12.10.2023
өлшемі260,01 Kb.
#185077
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
352660.pptm (1)

Қоғамдық сананың формалары

  • Қоғамдық сананың формалары
  • мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), гылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.

  • Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
  • Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:
  • 1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.
  • Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза
  • Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер
  • жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.
  • Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі.
  • Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы.

Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.

  • Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.
  • Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды.
  • Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады:
  • 1) танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі.
  • 2) бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет.
  • 3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет