Қышқыл мукополисахаридтерді анықтау. Қышқыл мукополисахаридтерді Гале (Хэйл) әдісі бойынша анықтау. Коллоидинді темір ерітіндісі. 100 мл қайнап тұрған дистилденген суға араластырып тұрып 8-12 мл 10% темір хлоридінің ерітіндісін құю керек; ерітінді түсі қоңырдан күңгірт қызылға дейін ауысады. Одан НСІ жою үшін диализді жүргізеді.
Сірке қышқылы ерітіндісі – 2М.
Калий гексацианоферраттың қышқылданған ерітіндісі – сары қан тұзы және НСІ.
Әдіс. 5-7 мкм қалыңдықты кесінділерді депарафиндеп, суға дейін жеткізу.
Диализденген темір хлоридінің және 2М сірке қышқылыныңбірдей көлемдерін құйю керек. Осы ерітіндіге кесінділерді 10-15 мин салу.
Дистилденген судың бірнеше порциясында жақсылап шаю.
Жаңадан дайындалған сарғыш қан тұзымен 10 мин ішінде шаю.
Дистилденген суда шаю.
Ядроларды ядролық бояғыштардың бірімен бояу (ашудасты кармин, гематоксилин және т.б.).