Темірді турнбуленді көктің пайда болуымен анықтау. Темір ұлпаларда бос күйінде де (бейорганикалық), органикалық заттармен байланысқан түрде де (эритроцит гемоглобині) кездеседі.
Әдіс темір сульфиді мен калий гексационо-ферратының арасындағы химиялық реакцияға негізделген. Соның нәтижесінде турнбуленді көк пайда болады. Реакция спецификалық, сенімді, препараттар берік.
Әдіс.(фиксация формалинмен, абсолютті спиртпен, кесінділер мұздатылған, парафинді, целлоидинді).
Кесінділерді дистилденген судан аммоний сульфидінің 10% ерітіндісне 1-24 сағ салады.
Дистилденген судың бірнеше порциясында жақсылап жуу керек.
20% калий гексациано-ферраттың және 1% хлорсутек қышқылының бірдей мөлшерінен дайындалған қоспасына 10-20 мин салу.
Дистилденген суда жақсылап шаю.
Ядроларды карминмен бояу.
Жуу, сусыздандыру, жарықтандыру және бальзамға қатыру.
Нәтиже.Темір бар аймақ қанық көк түске боялған, ядролар қызыл.