Қышқыл мукополисахаридтердің дифференцировкасы. Қышқыл мукополисахаридтер оң ШИҚ-реакция бермейді, алайда альцианды көкпен, коллоидты темірмен боялады және метахроматикалық бояу береді.
Қышқыл мукополисахаридтерді сульфаттанбаған (гиалурон қышқылы және хондроитин) және сульфаттанған (А, В, С хондроитинсульфаттары, кератосульфат, гепаринсульфат, гепарин).
Гиалуронидазамен өңдеу. Депарафинденген және суға дейін жеткізілген кесінділерді 370С тестикулярлы гиалуронидазада инкубирлейді,
Майлар мен липидтерді бояу. «Липид» деген термин жинақтық термин. Онымен майды бөліп алатын ерітінділермен экстрагирленетін барлық майтәрізді заттар белгіленеді.
Бояу әдісінің негізінде тек физикалық процестер жатыр. Оның мәні – майларды бояйтын заттар оларда жықсы ериді және сондықтан ерітіндіден липидке жеңіл өтеді.
Судан ІІІ-пен бояу. Майды анықтаудың кең таралған әдісі болып табылады.
Бояғыш ерітіндісін дайындау. 100 мл ыстық 70% спиртке 0,2-0,3 г судан ІІІ-тің ұнтағын себеді, бірнеше рет шайқайды және термостатқа (580С) бірнеше сағатқа салады. Кейін суытып, сүзеді.
Әдіс.
Мұздатылған кесінділерді (жаңа немесе формалинде бекітілген формалиннен) бірнеше минутқа судан 50% спиртке салады.
Бояғыштың спиртті ерітіндісіне 15-30 мин-қа салады (бюксті жабық қалдыру керек).
50% спиртте жылдам шайып жібереді.
Дистилденген суда жуады.
Ядроларды қышқыл гемалаунмен бояйды.
Жуады және желатин немесе глицерин-желатинге қатырады.
Нәтиже. Майлы заттар қанық сарғыш-қызыл түсті, ядролар – көк. Препараттар салыстырмалы тез түссізденеді, сондықтан зерттеуді кейінге қалдыру ұсынылмайды.
Шарлахпен бояу. Бояғыштар: 50 мл ацетон және 50 мл 70% спирт қоспасына 0,2-0,3 г шарлах қосады. Жақсылап жауып, шайқайды. Алынған ерітіндіні қолданбас бұрын сүзеді.
Әдіс. Мұздатылған кесінділерді жаңа немесе формалинде бекітілген формалиннен 50% спиртке 2-4 мин-қа салады.
Бояғыш ерітіндісінде 2-3 мин бояйды.
70% спиртте жылдам шайып жібереді.
Суда жуады.
Ядроларды қышқыл гемалаунмен бояйды.
Суда жуады және желатин немесе глицерин-желатинге қатырады.
Нәтиже. Майлы заттар қанық сарғыш-қызыл түсті, ядролар – көк.