«Сапа» бағдарламасының бағыттары



Дата26.08.2017
өлшемі64,23 Kb.
#28161
«Сапа» бағдарламасының бағыттары



  1. Мұғалім нұсқауларды орындаушы емес,күтілетін нәтижеге жету үшін оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен құрушы.


  1. Мұғалімнің зерттеушілік қызметін күшейту үшін біліктілігін

арттыру.

«Сапа» бағдарламасының

мақсаты:



  1. Уақыт талабына сай жан-жақты дамыған,өмірде өзін көрсете алатын оқушы және өз ісінің шебері маман мұғалім арқылы білім сапасын әр сатыда көтеру.

Бағдарламаның міндеті:


  1. Әдістемелік жұмысты басқарудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы мұғалімнің жан-жақты біліктілігін көтеру.



«Сапа» бағдарламасының бөлімдері.


  1. Мұғалімдермен жұмыс. (білімін толықтыру,жетілдіру)







  • әр мұғаліммен деңгейлеп саралау арқылы жеке жоспарлы жұмыс жүргізу;



  • мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын зерттеу,кемшіліктері бойынша әдістемелік көмек көрсету;




  • инновациялық технологияны үрдіске енгізуіне көмектесу;



  • семинар,педконсилиум,тренингтер өткізу арқылы психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;







  • әр түрлі байқаулар өткізу, қатысу;

  • аттестациялау;




  • мұғалімдердің өз жұмысының сапасына ,нәтижелілігіне дұрыс көзқарасын қалыптастыру,жауапкершілігін арттыру;




  • мектеп ұжымына мектептің жұмысы және оның басқа мектептер арасындағы жайы, білім сапасы, пәндердің оқытылуының жақсаруы жайлы мәлімет беру;

  • педкеңесте,әдістемелік кеңесте, педконсилиумда білім сапасы туралы көрсетіліп,әдістемелік жұмыс жеке, топтық,ұжымдық негізде жүргізіледі;


  1. Сапа бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру шаралары.


  • әр мұғалім өз пәні бойынша білім сапасын арттыру жұмысының жоспарын өткізу мерзімі (қыркүйек-қаңтар)




  • жоспарды талдау мерзімі (қыркүйек-қаңтар-мамыр)




  • оқушылардың білім және оқыту сапасы жайлы мұғалімдердің есебі тоқсанына бір рет тыңдалады






  • сынып жетекшілердің сыныбындағы оқушылардың білім сапасын көтеру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады



  • сынып жетекшілердің өз сыныбының білім сапасын арттыру мәселесі бойынша ата-аналармен жұмысы



  • сапа бағдарламасының орындалуын моральдық және материалдық жағынан ынталандыру шаралары



  1. Білім сапасына ұжымдық басқаруды ұйымдастыру. Мұғалімнің нәтижелі жұмысына жағдай жасау.


    • Мұғалімдердің жұмысқа ынтасын арттыру;




    • Мұғалімдердің жұмыс нәтижесі бойынша қолдау көрсету;






    • Мұғалімдердің басқару ісіне белсенді қатысуын жүзеге асыру;



    • Мұғалімдердің нәтижелі жұмысына жағдай жасау;

181 орта мектеп ұжымының сипаттама картасы.



  1. Мектепке келген мұғалімнің өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілі,интеллектуальдық деңгейі,кәсіби қоры болады.Сондықтан бірінші әңгімелесуде әкімшілік осыны анықтап алады. Психолог тестілеу жұмысын жүргізеді.

  2. Әкімшілік әр мұғалімге мектеп ерекшелігін,дәстүрін түсіндіріп,мектептің мұғалімдерге қойылатын талаптарын,нұсқауларын, №181 орта мектеп мұғалімінің ережесін ұсынады. Алғашқы кезеңінде жаңа келген мұғалімнің сабағына тек психолог қатысып,оқушылар ұжымымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды.

  3. Барлық жүргізілген әңгімелерден, сабаққа қатысулардан кейін жеке жоспар « маршруты» құрылады.Жеке маршрут – жоспарда мұғалім туралы мәлімет ( туған жылы,білімі, қызметі, категориясы, стажы,курстан өтуі, шоқжұлдызы), тұлғалық қасиеттерінің сипаты ( жағымды,жағымсыз қасиеттері), пән мұғалімі,сынып жетекші ретінде жұмысының сипаты ( жақсы тәжірибесі,дамытатын тұстары), психологтың мінездемесі,ұсыныстары,жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстар ( мақсаты, жұмыс түрі,мерзімі,нәтижесі), жыл соңында жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды жасалады. Келесі жылға міндеттер қабылданады. Жеке жоспарға мұғалімнің теориялық ,тәжірибелік білімдегі кемшіліктер бойынша жұмыс жоспарланады.Ал тұлғалық қасиеттерін дамыту бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. Мұғалімнің сабақ жүргізуінде кездесетін қиындықтары анықталған соң әр мұғалімге сабаққа қатысу жоспары беріледі. Жоспарда кімнің сабағына қатысатыны, мақсаты, қатысу мерзімі көрсетіледі. Жоспардың орындалуы бойынша мұғалімдер тоқсан соңында есеп береді.

  4. Құрылған жоспар бойынша жұмыс. Жоспарланған жұмыстың орындалуын бірлестік жетекшілері,директордың орынбасарлары бақылайды. Нәтижесін көрсететін жағдай: мұғалімдердің жоспарлы жұмысқа дұрыс көзқарасы,жоспарды орындау белсенділігі.

  5. Жыл көлемінде жоспар бойынша жұмысқа әдістемелік көмек

көрсетіліп отырылады.

« Сапа» бағдарламасының жұмыс жасау кезеңдері
І кезең. Сапалы басқару бағдарламасын дайындау.



  • Аналитикалық топ 5 адамнан: А.Ергешоа- топ жетекшісі, Г.Нұрымбетова, З.Нұрмырзаева,к.Каденова,П.Молдабековалардан құрылды.

  • Аналитикалық топ мектептің 2005-2006 оқу жылындағы қол жеткен сапа көрсеткіштерін айқындайды. Көрсеткіштерді мектептің басқыштары бастауыш, негізгі,орта және пәндер бойынша сапа көрсеткіштері: білім,тәрбиелік деңгей,даму деңгейі,жалпы оқу білік, дағдыларының қалыптасуын,басқыштар арасындағы байланысты анықтайды.

  • Келесі кезекте мектеп қызметінің жайына сараптама жасау жоспарын жасайды. Мұнда әрбір мұғалімнің әдістемесіндегі және оқушылардың біліміне байланысты кемшілік жақтары анықталып көрсетіледі.

  • Сараптама жасалынып болған соң комиссия оның қорытындысы жайлы баяндама жасайды.Баяндамашы З.Нұрмырзаева.

  • Сапа проблемасы аймағында қоғамдық-проблемалық пікірлерін қалыптастыру. Мақсат: мұғалімдердің бетін сапа міндетін шешуге аудару.


ІІ кезең. « Сапа» бағдарламасын құрастыру.
Бағдарламада 2005-2006 оқу жылында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, жаңа оқу жылына мақсаттар айқындайды. Құрылған жоспар бойынша жұмыс. Жыл көлемінде жоспар бойынша жұмысқа әдістемелік көмек көрсету.

«Сапа» бағдарламасының тараулары.

І тарау. Кадрлармен жұмыс.



  • Өз жұмыстарының сапасы үшін мұғалімдер арасында дұрыс қатынас қалыптастыру.Білім сапасы жайлы ұжымды тоқсанына 1 рет хабардар ету. Сапа бойыеша жалпы мектепшілік тоқсанына 1 рет конференциялар,қазан айынан бастап пәндер бойынша семинарлар,білім сапасы байқауларын өткізу.


  • Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру шаралар жүйесін жоспарлау.Оқу бағдарламасын орындауда төменгі сапа көрсеткішін көрсеткен мұғалімдермен оқу өткізу.


ІІ тарау. Ұйымдастырушылық



  • Басқыштар мен сыныптар, пәндер, мұғалімдер бойынша оқушылардың білім сапасындағы жасандылыққа айына 1 рет талдау жасау.




  • Оқушылардың тәрбиелік деңгейі мен оның сипатын айқындайтын бақылау жұмыстарын тоқсанына 1 рет алу.



  • Директор жанында сапа мәселесіне арнайы мәжіліс өткізу.




  • Мектеп басшысы мен мұғалімдердің бұл жоспарларға бірлесіп талдаудың графигі



  • Мұғалімдердің оқыту сапасы мен оқушылардың білім сапасы жайлы өзіне-өзі есеп беру кестесі.




  • Оқушылардың білімін жасанды көтеруге жол бермес үшін оқу жылының басы мен аяғында кіру және шығу тест алуды ұйымдастыру.



  • Оқушылар үшін білім сапасын көтеретін ұйымдық шаралар.




  • Білім сапасы үшін ата-аналармен бірлескен жұмысын ұйымдастыру шаралары.



  • « Сапа» бағдарламасының орындалуы бойынша материальдық- моральдық шараларын белгілеу



ІІІ тарау. Басқарушылық ықпал етуді жүзеге асыру.


  • Жеңіске жетуді күту және мадақтау мүмкіндігі, жетістікті сезіну сияқты факторларды дұрыс пайдалану жолдары мұғалімнің сапаны көтеру шараларымен байланысты. Мұнда әрбір мұғаліммен жеке жұмыс жасауға бағытталған.

181 орта мектеп






2006-2006 оқу жы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет