Сапа формасы


Магнитобиология, биомагнетизм



бет6/9
Дата31.07.2020
өлшемі403,75 Kb.
#75910
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0007ced7-6b9ebbfa


Магнитобиология, биомагнетизм

Магнитобиология магнит өрісінің биообъектлерге әсері оқып үйренумен айналысады.
Магнит өрісі ондағы барлық биологиялық жүйелерге әсер етеді. Мысалға, мынандай мәліметтер бар:
 біртекті емес магнит өрісінде дрозофилдердің қырылуы туралы;
 магнит өрісінде бактериялардың өсуін басып- жаншу туралы;
 тұрақты магнит өрісінде болғаннан кейін, жануарлар мен өсімдіктерде морфологиялық өзгерістердің болуы туралы;
 магнит өрісінде өсімдіктердің бейімделуі туралы;
 магнит өрісінің жүйке жүйесіне әсері және қан сипаттамаларының өзгерісі туралы;
 төменгі жиіліктегі магнит өрісі әсер еткен кездегі регенерация үдерістерінің тиімділігі туралы.
Барлық жағдайлардағы алғашқы үдерістер физикалық немесе физикалық - химиялық үдерістер болып табылады. Мұндай үдерістерге мыналар жатуы мүмкін: молекулалардың бейімделуі ; біртекті емес магнит өрісіндегі молекулалар немесе иондар концентрациясының өзгеруі; иондарға және т.б. күштік әсер (Лоренц күші).
Қазіргі кезде магнит өрісін пайдалану арқылы атқарылатын емдік және диагностикалық процедуралардың кешені дайындалған.
Тұрақты магнитотерапия — тұрақты магнит өрісінің жылулық емес эффектлерін емдеуде қолдану.
Индукциясы 1 – 50 мТл тұрақты магнит өрісі биологиялық мембраналардың сұйықкристалдық құрылымына өзгеріс жасайды, бұл липидтік биқабаттың өтімділігін түбірімен өзгертеді және жасушаның метаболизмдік және ферменттік белсенділігінің күшеюіне алып келеді. Цитоплазмада мұндай өрістер фазалық гель-золь ауысуларды индуцирлейді. Тұрақты магнит өрісінің қан мен лимфаларға әсері олардың тұтқырлығы мен басқа да физикалық-химиялық қасиеттеріне түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Сонымен қатар тұрақты магнит өрісінің биологиялық объектлерге әсерінің физикалық табиғаты аз зертелгендігін атап өту керек.
Қазіргі кезде емдік мақсатта бірнеше түрлі құрылымдарды пайдаланады.
 Ұнтақ тәрiздi ферромагниттi толтырғышы бар, полимерлі заттардың қоспасынан жасалған магнитоэластар. Олардың магниттік өрісінің индукциясы 8–16 мТл. Барлық мүмкіншіліктегі құяң (радикулит) ауруларының белбеулерін жасау үшін қолданылады.
 Сақина, пластинка, диск тәрізді магниттер. Магниттік индукциясы 60–130 мТл.
 Микромагниттер — магниттелген инелер, шариктер, клипстер (магнитопунктура үшін). Магниттік индукциясы 60–100 мТл.
 Пластинкалық магниттер пациенттердің тізесіне таңылатын браслеттер түрінде пайдаланылады. Магниттік индукциясы 20–70 мТл.
Импульстік магнитотерапия — импульстің жоғары емес жиіліктерінде (1000 имп/с-тан көп емес) импульстік магнит өрісін емдік мақсатта пайдалану. Бұл кезде пайда болған Фуко токтары перифериялық жүйке талшықтарының қозуын болдыруға және қаңқа бұлшық еттерінің, қан тамырлары мен ішкі ағза мүшелерінің жазық бұлшық еттерінің ырғақты жиырылуын тудыруға қабілетті. Төменгі жиіліктегі құйынды токтар қатерлi ошақтан афферент импульсациясын тосқауылдауға қабiлеттi (қатерлi синдромның оқшаулануы).
Жоғарғы жиілікті магнитотерапия — жоғарғы жиілікті (10 МГц-тен жоғары) магнит өрісінің емдік қолданылуы. Мұнда Фуко токтарының жылулық әсері пайдаланылады (бұл әдістің ескі атауы — индуктотермия). Жоғарғы жиілікті токпен емдеу әдістерінен айырмашылығы, бұл жағдайда жылулық әсер меншікті кедергісі аз ұлпаларға беріледі. Бұл жағдайда қан тамырларына бай ұлпалар, мысалға бұлшық ет күштірек қызады. Май тәрізді ұлпалар аз дәрежеде қызады.
Биомагнетизм биологиялық объектлердің тудыратын магниттік қасиеттері мен магниттік өрістердің мәселелерімен айналысады.
Адамның магниттік өрісі жүрек жасушаларының және ми қабығының генерациялаған токтарынан пайда болады. Ол өте аз: магнит өрісінің индукциясы жүрек үшін — 10–11, ми үшін мозга 10–13 Тл құрайды (Жердің магнит өрісімен салыстырғанда  10–5 Тл). Адам денесінің магниттік өрісін өлшеу үшін, өте аз магниттік өрістерді, 10–18 Тл дейін, тіркей алатын, арнайы магнитометр (оның қысқартылған атауы СКВИД) қолданылады. Әдіс дененің магниттік өрісінің өзін емес, оның кеңістіктегі өзгерісін өлшеуге арналған. Төменде 9.1-кестеде әртүрлі көздерден алынған магниттік өрістердің сипаттамасы ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет