Пропорционалдық коэффициент L контурдың индуктивтілігі деп аталады.
Контурдың индуктивтілігі 1 А токтың тудыратын магниттік ағынына сан жағынан тең шама.
Индуктивтіліктің ХЖ-дегі өлшем бірлігі — генри (Гн = Вб/А).
Индуктивтіліктің шамасы орамдар пішіні мен өлшеміне, олардың санына, сол сияқты ортаның магниттік өтімділігіне тәуелді.
Өздікиндукцияның электр қозғаушы күшін табамыз. Электромагниттік индукция заңына байланысты, эҚК = −Ф/t; (9.8) формулаға сәйкес, Ф = LI. Осыдан өздікиндукцияның ЭҚК үшін келесі формула алынады:
Е = −LI/t. (9.9)
Өздікиндукция электр қозғаушы күші контурдағы ток өзгерісінің жылдамдығына тура пропорционал.
« – » таңбасы өздікиндукция ЭҚК-нің контурдағы ток күшінің өзгеруіне кедергі келтіретіндігін білдіреді.
Өздікиндукцияның арқасында контурдағы ток лезде пайда болып, лезде жоғалып кетпейді, себебі оларға өздікиндукция ЭҚК кедергі келтіреді. Осыған байланысты, қосу кезінде ток біртіндеп артады. Токтың өсуі кезінде ток көзінің бөгде күштерінің жұмысы магнит өрісін жасауға жұмсалады. Демек, магниттiк өрiс энергияға ие болады.
Катушканың магниттік өрісінің энергиясы оның индуктивтілігі мен ток күшінің квадратына тура пропорционал: