Нәжісті жасырын қанға тексеріске алу.
Мақсаты :ас қорыту ағзаларынан жасырын қан кетуді анықтау.
Көрсетілімі : Асқазан ішек трактісіндегі ісік, жара, қабыну процестерін анықтау
Әзірле :
Бір рет қолданылатын ауызы кең контейнер, әйнекше күрекше ,әрет ыдыс, жолдама ( пациенттің аты, жөні, бөлімі, палата №, зерттеу мақсаты, медбике қолы ),ыдысқа жолдаманы жапсыру, резеңке қолғап, ҚКЖҚ.
Іс әрекет алгоритмі.
Зерттеу алдын пациенттке зерттеу барысын, мақсатын түсіндіру. Пациентке тексерістен 3-4 күн бойы арнайы емдәм тағайындалады:
ет, балық, жасыл түсті көк өністерді, жемістер,анар, жұмыртқа қызылша т.б және құрамында висмут, темір, магний, бром, йоды бар препараттарды және карболенді ішуге болмайды.
Пациентке нәжісті тексеріске сол күні таңертенгісін алынатын түсіндіру .
Пациентке немесе отбасы мүшелерінде қан кету ошақтарының бар жоқығын анықтау.
Қан кету ошақтары анықталған жағдайда нәжіске қан түспеу үшін :
Пациент 3 күн бойы тісін жумау керек.
Мұрыннан немесе ішектен қан кеткенде зерттеу жүргізілмейді.
Қолғапты кию.
Пациенттке нәжісті дәрет ыдысына ішекті сусыз босату керек екендігін түсіндіру.
Пациент күрекшемен нәжістің әр жерінен 5-10 г. алып тайындалған ыдысқа салып қақпағын жабу керек.
Зертханаға жолдама толтыру (науқастың аты жөні, бөлімі, палата нөмірі, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы)
Зертханаға жолдама толтыру (науқастың аты жөні, бөлімі, палата нөмірі, зерттеу мақсаты, бір тәулік ішінде бөлінген несеп мөлшерін жазып көрсетіңіз, күні, медбике қолы)
Қолғапты шешіп ҚКЖҚ – қа тастау.
Қолды жуып кептіріңіз.
Стандарт № 31
Қақырықты бактериологиялық зерттеуге жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |