Сапа менеджмент жүйесі Аралық аттестация стандарттары



бет25/27
Дата25.11.2022
өлшемі3,16 Mb.
#159881
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Стандарттар (1)

Стандарт № 33
Қан қысымын анықтау іс әрекеті.
Мақсаты: Сау адамның да,ауру адамның да жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау .
Көрсеткіші: Пациенттің жағдайын қадағалау.
Әзірле: танометр,фонендоскоп, қызу қағазы.
Іс әрекет алгоритмі.

  1. Пациентке процедураны түсіндіру, келісімін алу.

  2. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  3. Пациенттің қолын(алақанын)жоғары қаратып ашыңыз.

  4. Пациенттің иығына,шынтақ иініне 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сыятындай етіп манжетті байлаңыз.

  5. Шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз.

  6. Резеңке балонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30 мм.с.б. ауаны қосыңыз.

  7. Ауаның қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (манометр қолданса стрелкасы «0» - ден жоғары көтеріледі), ол манжетті ауа қысымының өскенін көрсетеді.

  8. Резеңке балонның тиегін ақырындап ашып,манжетті ауаны жайлап шығарыңыз.

  9. Фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз-бұл көрсекіш –систоликалық жоғары қысым болып саналыды.

  10. Ауаны онан әрі ақырын шығарыңыз,сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады,бұл кездегі көрсеткішті диастоликалық –төменгі қысым болып саналады.Алынған мәліметтерді температура(қызу) қағазына жазыңыз.

  11. Танометрдің манжетін пациенттің қолынан шешіп,чехолына салыңыз.

  12. Алынған мәліметтерді қызу қағазына түсіріңіз (систола қысымы және диастола қысымы).

  13. Фонендоскоптың бас жағын 70% спиртпен зарарсыздандырамыз

  14. Пациентке қан қысымының нәтижесін хабарлаймыз.

Естерту:

  • Қан қысымын екі қолдан анықтайды, өлшемін салыстырады.

  • Қалыпты қан қысымы 120/80 мм.рт.ст.,130/85 мм.рт.ст.

  • Артериалық гипотензия 90/60мм.рт.ст.

  • Артериялық гипертензия 140/90 мм.рт.ст.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет