Мақсаты: Диагноз қою мақсатында ауру қоздырғышын анықтау.
Көрсетілімі: Туберкулез және басқа инфекциялық аурулар.
Әзірле:
Залалсыздандырылған құрғақ, таза, аузы кең 35 мм кем емес, тығыз қақпақпен жабылатын шыны ыдыс – түкіргіш, қайнатылған, суытылған суы бар ыдыс, салфетка, жолдама қағаз, қалам, стеклограф, қолғап бет перде, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, қауіпсіз кәдеге жарату қораптары (ҚКЖҚ)
Іс әрекет алгоритмі:
1. Қақырық зерттеу жүргізілетін күні таңертенгісін ашқарынға жиналады.
2. Түкіргішті немесе ыдысты нөмерлеу.
3. Бактериологиялық зертханаға жолдама толтыру.
4. Қолды гигиеналық деңгеиде тазартып, қолғапты, бет пердені қию.
5. Емделушіге тексеру мақсатын түсіндіріп, зерттеуге алу ережелерімен таныстырып, келісімін алу.
6. Пациентке қақырық жинау ережесін үйрету.
7. Емделушіге қақырықты өкпенің ең терең бөліктерінен, терең жөтеліп шығару қажеттігін және қақырық жинайтын ыдыстың ернеуіне қолы мен аузы тимеу керектігін түсіндіру.
8. Пациенттен өтініңіз :
- Зерттеуден 2 сағат бұрын емделуші тісін тазалап, ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылып суытылған сумен шаюы тиіс.
- Емделуші орнынан тұруы керек немесе тік отыруы тиіс.
- Контейнердің қақпағын ашу.
- Емделушінің аузын ормалшамен жауып, 3 рет терең дем алып, үшінші рет тыныс алғанның соңында жөтеліп, аузын түкіргіш ыдысының шетіне тигізбей түкіргіш қақпағын ашып, қақырықты түкіруін сұрау керек.
9. Түкіргіштің аузын тығыз қақпақпен жабу.
10. Зарарсыздандыру ерітіндісіне малынған салфеткамен түкіргіш сыртын тазалау.
11. Қажетті мөлшерде жиналған қақырықты тексеріп, түкіргіш ыдысын металл бикске салу.
12. Түкіргіш салынған биксті бактериологиялық зертханаға жеткізу.
13. Бет пердені, қолғапты шешіп ҚКЖҚ-қа салу.
14. Қолды тазалап жуып, құрғату.
Ескерту:
1. Қақырықтың бөлінуі қиын болған жағдайда, зертханалық зерттеу емделушіге қақырық түсіретін дәрі дәрмектер тағайындарғаннан кейін жүргізіледі
2. Бактериологиялық зерттеу антибиотиктер тағайындалмастан бұрын жүргізіледі
Стандарт № 32
Достарыңызбен бөлісу: |