Іс –әрекет алгоритмі:
Науқасты аяқтарын түсіріп отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету.
Қан қысымын өлшеу.
ЭКГ мониторингі
Тіл астына 1 таблетка нитроглицерин беру.
Ацетилсалицил қышқылын 325 мг ішке шайнату
Аяқ - қолдарына жгут салу 30 минутқа дейін
Ылғалданған оттегін беру
Көк тамырға 60-80 мг фуросемид енгізу.
Көк тамырға1-2мл 1-2% морфий ерітіндісін 20мл физиологиялық ерітіндімен бөлшектеп, баяу енгізу
Көктамырға 5-10 мл 2,4 % эуфиллин ерітіндісін баяу енгізу
Науқастың жағдайын бақылау: тамыр соғысы, АҚҚ, тыныс алуы
Науқасты стационарға отырғызып , аяқтарын төмен түсіріп тасымалдау.
|
Сапа менеджмент жүйесі
Аралық аттестация стандарттары
|
Стандарт № 8
Өкпе ісінуінде жедел жәрдем көрсету алгоритмі
Жеделділік санаты – 2 (ҚР ДСМ №225 бұйрығына сәйкес )
3Н жүйесі бойынша іріктелуі – қызыл деңгей
ЖМК бригадасының келу уақыты – 15 минутқа дейін
Мақсаты:Кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуін төмендету, тыныс жолдарының өткізгіштік қабылетін көтеру, оттегінің жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін азайту, АҚҚ қалпына келтіру.
Ресурстар:тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, маска, электрокардиограф, вазофикс катетрлері ,марлі, салфетка, жгут, залалсыздырылған: бір рет қолданылатын шприцтер, көк тамырға дәрілерді енгізетін системалар, мақта шариктері, 70% этил спирті, қолқап, дезерітіндідегі пинцет, валик, лоток, дәрілік заттар: нитроглицерин (нитроминт, изокет аэорозоль), ацетилсалицил қышқылы - 500 мг, 0,9 % 400,0 мл натрий хлориді, 1 мл 1% морфий гидрохлориді, 0,9% - 20,0 мл натрий хлориді, клопидогрел (таблетка 75 мг), гепарин 5000 Б, 33% этил спирті ерітіндісі, фуросемид 20 – 40 мг., ҚЖАК.
Достарыңызбен бөлісу: |