Тест – зонаның түсін ораудағы түрлі шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту :
Қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады.
Стандарт № 28
Нәжісті ішек құрттарына тексеру.
Мақсаты : Ішек құрттарын анықтау.
Көрсетілмі : Құрт инвазиясын және гельменттер түрін анықтау.
Әзірле : Бір рет қолданылатын ауызы кең контейнер, шыны күрекше
(әйнектен немесе ағаштан жасалған), дәрет ыдысы, жолдама, ыдысқа жолдаманы жапыстыру, резеңке қолғап, ҚКЖҚ.
Іс әрекет алгоритмі. Зерттеу алдын пациенттке зерттеу барысын, мақсатын түсіндіру.
Пациентке зерттеу жүргізілетін күні таңертеңгісін нәжісті дайындықсыз жинайтынын ескерту және жинау техникасын үйрету.
Пациентке нәжіс жинау техникасын үйрету :
қолғап кию керек.
дәрет ыдысына ішекті сусыз босатқаннан кейін пациент күрекшемен нәжістің 3 жерінен 3-5 г. алып тағайындалған ыдысқа салып қақпағын жабу керек.