4.Бақылау сұрақтары:
1. Араб-мұсылман ойшылдардың ғылым туралы пікірлері.
2. Араб-мұсылман ойшылдардың дін туралы пікірлері.
3.Қазіргі Қазақстандағы діни бірлестіктердің топтасуы және хәл-ахуалы
4.Ғылыми және қарапайым білім.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6.Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И.Г. Научное исследование. - М, 1972.
2.Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3.Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. - М,1984.
5. Әбишев Қ,Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы.-Алматы,1990ж.
6.Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов Философия.-Алматы,2002ж.
7.Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы.-Алматы,2011ж.
8.Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9.Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10.Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.
№3. Семинарлық сабақтың тақырыбы:
Ғылымның қоғамның дамуы үшін рөлі және түрлері мен оның дамуы
1. Сабақ жоспары:
1. Ғылымның әлеуметтік - маңызды құндылықтары.
2. Ғылымның қоғамдағы мәртебесі.
3. Қазіргі замандағы ғылымның рөлі мен орны жайлы түрлі концепциялар
2. Сабақ мақсаты:Ғылымды академиялық жүйе ретінде және қоғамның рухани құндылығы тұрғысынан таныстыру.
3.Қысқаша теориялық мәліметтер…
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды: Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды.Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды. Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру. Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару. Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды. Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.
Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді. Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады. Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теология-лық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотеза-сы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді. Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зер-ттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:
Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы;
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен негізделген үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:
- 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;
-1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;
1869 жылы Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс — химиялық термодинамика заңы;
1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың электромагниттік теориясы ашылды. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылыстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал XIX ғасырда заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды, жаратылыстануда ғылым диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика — термодинамика, қатты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа сала-лары — генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.
XIX ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясының алғашқы белгілері шықты, ол XX ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралықзерттеулер жүргізіле бастады (биохИмия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар). Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді. Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды. Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында маза-сыздық пен бей-берекеттік тудырды.Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейбере-кеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген. Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын еасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген инсти-туттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жумыстары үйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды. Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ор-тасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.
Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады
Достарыңызбен бөлісу: |