Сапа менеджменті басќармасында



бет6/18
Дата10.09.2024
өлшемі110,18 Kb.
#204012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
наука казакща

4.Бақылау сұрақтары:
1. XXI ғасыр — ақпараттық өркениет ғасыры және техникалық ғылымдардың рөлі.
2. Экология және техникалық ғылымдар.
3. Техникалық ғылымдар саласындағы жаңалықтарды басқару мүмкіндіктері.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6.Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И.Г. Научное исследование. - М, 1972.
2.Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3.Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. - М,1984.
5. Әбишев Қ,Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы.-Алматы,1990ж.
6.Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов Философия.-Алматы,2002ж.
7.Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы.-Алматы,2011ж.
8.Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9.Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10.Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.

6. Семинарлық сабақтың тақырыбы:Ғылымның институттануы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен олардың қоғамдағы рөлі


1. Сабақ жоспары
1 Ғылым әлеуметтік институт ретінде.
2 Академиялардың, ғылыми кітапханалардың, зертханалардың құрылуы.
3 Танымның теоретикалық және эмпирикалық деңгейлері.
2. Сабақ мақсаты:Ғылыми-білімді танымның теориялық және практикалық әдістемесі ретінде таныстыру.
3.Қысқаша теориялық мәліметтер…


З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шәкерттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.ГЮнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі. 
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін – адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз «тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзнің биолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т.б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі –инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді И.М.Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек И.М.Сеченов:«Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды», себебі «жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И.М.Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: «Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін». Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, «Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер» деп жазды.  И.М.Сеченов ерікті әрекет қалай қалыптасады деген сұрақ қояды. Ол оған байланысты мынадай «күрделі фактіге» назар аударады, яғни адамның қолымен, аяғымен, басымен, денесімен жасалатын ерікті қозғалыс реті қаңқамен де оның бұлшық еттерінің анатомиялық құрылуын анықтайтын мүмкін болатын қозғалыс ретімен салыстырмалы түрде қарастырады. Бұл фактіге жауап беру үшін И.М.Сеченов, ерікті қимыл-қозғалыс ретінде өмір шарттарының күші болып табылатын жаттығулар бөлінеді дегенге саяды. Баладағы ерікті қимылдың бүкіл жасалу жолы осыны дәлелдейді. Ерікті қимыл-қозғалысты өзінің физиологиялық талдауында И.М.Сеченов былай көрсетеді: «Қол, аяқ, бас және дененің барлық қарапайым қозғалыс формалары балаық шақта жатыққан барлық үйлескен қозғалыс сияқты , жүру, жүгіру, сөз, қарағандағы көздің қимылы ерікке жатыққан соң бағынады». Қимыл соншалықты жатыққан сайын, олар ерікке оңай бағынады. Еріктің физиологиялық механизімін де ми қабығының рефлекістік табиғатына жатады. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды. Ми қыртысының қозғалыс учаскесінің мидың басқа учаскілерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизімін толық қамти алмайды. Бұл жерде информацияның талдағыштан ми қыртысының қозғалыс учаскісіне өтуінің және информацияның қозғалысқа айналу мүмкіндігінің қарапайым жолы ғана көрсетіліп отыр. Ал адамға информацияны жинақтау және соның негізінде әрекет жасау тән. Оның үстіне ол сырттан алынған мағұлмат, білімдерді қорытып талдауға қабілетті. Ал мұның екінші сигналдық көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жібереді. Мидың күрделі өрнегі тәріздес тұрақты және уақытша байланыстырады оңайлата қарастыратын болсақ, екінші сигналдық байланыстарды талдағыштардың ұштары менмидың қозғалыс учаскесі арасындағы дәнекер буын дер едік.  Екінші синалдық байланыстар негізінде адам мінез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған информацияның орынын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіштері адам мінез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрізді көптеген психикалық процестердің басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезімді туғызады. Екінші сигналдар (сөздер) көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттелінеді. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады.  Сонымен, екінші сигналдық байланыстар информацияның талдағыштан қозғалыс учаскісіне жылжудың бағытын өзгертеді. Бұл информация өте күрделі жолдан өтеді. Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі деп И.П.Павлов терең пікір айтты. Т И.П.Павлов және оның шәкірттері басқа анализатолар тәрізді қозғалыс анализаторлары да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштерімен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл-қозғалыстың басталу белгісі. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды реттестіреді. Қозғалыс анализаторының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан. осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клекалары бар. Бұл нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторларын құрайтын нерв талшықтарын жол деп атайды.
И.П.Павлов: «Еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принціпінің заңына орайлас түсіндіреді. И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшендік – «еркіндік инстинкті» деп те қарастырады. «Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса,- деп жазды. И.П.Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұнын да болуы мүмкін.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет