Сапа менеджменті басќармасында



бет7/18
Дата10.09.2024
өлшемі110,18 Kb.
#204012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
наука казакща

4.Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі кездегі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің классификациясы.
2. Әлеуметтік танымның ерекшелігі.
3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қоғам алдындағы жауапкершілігі
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6.Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И.Г. Научное исследование. - М, 1972.
2.Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3.Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. - М,1984.
5. Әбишев Қ,Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы.-Алматы,1990ж.
6.Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов Философия.-Алматы,2002ж.
7.Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы.-Алматы,2011ж.
8.Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9.Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10.Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.

7. Семинарлық сабақтың тақырыбы:Қазіргі замандағы экономикалық ғылымдар және олардың мемлекеттер экономикасының дамуындағы рөлі.




1. Сабақ жоспары
1. Құқықтық ғылымдар, олардың жағдайы, перспективалы проблемалары.
2.Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығын қорғау және құқықтық гылымдардың рөлі.
3. Қазіргі замандағы философияның, әлеуметтанудың, мәдениеттанудың және басқа ғылымдардың рөлі.
2. Сабақ мақсаты:Құқықтық және экономикалық ғылымдарды ел дамуының негізгі айнасы ретінде таныстыру.
3.Қысқаша теориялық мәліметтер…


Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол. Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.
Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет. Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. 
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет