Сапалы эссе жазу ұсыныстары


Эссе жазуда ескеретін 10 мәлімет



бет5/10
Дата17.11.2023
өлшемі38,94 Kb.
#191907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапалы эссе жазу сыныстары

Эссе жазуда ескеретін 10 мәлімет

  • Эссе – оқырманмен диалог. Ол түсінікті, айқын, қарапайым әрі мәнді болса тез қабылданады.

  • Эссе – жазба иесінің жеке пікірі, азаматтық көзқарасы, ойын жеткізуде ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін танытатын «пікір білдіру алаңы».

  • Эссе жазудан тартынба: тек эссе жазу қадамдары мен тәсілдерін танып білуге зейін қою керек.

  • Әр бөлімде ой жинақылығы, дәлдік және «ой сүзгісінен» өткен тұжырымды пікірлер басымдыққа ие болады.

  • Эссенің мақсаты – тақырыпты ашу, мазмұн дәлдігі, мәтін логикасы және қойылған талаптар үдесінен шығу.

  • Эссенің құрылымдық талаптарын сақтай отырып, тақырыпқа қатысты пікірлер негізінде өзіндік тұжырымын жасай білген, тың ой, ерекше идея, пародокс-сауалдар туындататын еңбек – бағалы туынды.

  • Эссе жазуда тұжырымды пікір айту осы тақырыпқа қатысты деректер көзі, материалдар және жан-жақты мәліметтермен барынша таныс болуды қажет етеді.

  • Эссе мен шығарманың айырмашылықтарын ескеру керек. Шығарманың өн бойында бейнелі ой, қанатты сөздер молынан кездессе (сөз саны шектелген), эсседе бейнелі, метафоралық қолданыс аз кездеседі. Өйткені нақтылық пен дәйекті дәлелге басымдық беріледі.

  • Шығармада сөз шектелмейді. Эсседе сөз саны шектеледі. Сол себепті эсседе ой нақтыланып, сөйлем сұрыпталып беріліп, тұжырымдалған пікір нағыз «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылады.

  • Ойдың жүйелі (тақырыпты түсінуі, талдап қарауы, идеяны анықтау, орынды дәлелдер және т.б.) және ойды жеткізу шынайылығының болуы.

Эссе жазу шеберлігін қалыптастыру қадамдары

1. Берілген тақырыппен танысу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет