Сапалы эссе жазу ұсыныстары



бет7/10
Дата17.11.2023
өлшемі38,94 Kb.
#191907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапалы эссе жазу сыныстары

5. Өз жұмысын тексеру

Эссе бөлімдерінің мазмұны талапқа сай ма?
Тезис дұрыс берілді ме?

Аргумент, фактілер, дәлел, дерек, мәлімет, дәйектеу қалай жүзеге асты?

Жеке пікір бұрынғы айтылған пікірлерді қайталап тұрған жоқ па?

Ойды айқын, нақты да дәлелді жеткізе алған ба?

Ой екпіні, ішкі көңіл-күй, интонацияға қарай тыныс белгілері дұрыс қойылды ма?
Сөз саны қанша?
Эссе көлемі талапқа сай ма?

Енді шығармашылықпен жұмыс жасау қадамдарын тағы бір пысықтап өтейік:
1. Эссе тақырыбының ерекшелігі мен мәнін анықтау;
2. Оған қатысты теориялық материалды зерделеу;
3. Тақырыптың бүгінгі күнде маңызды тұсын анықтау;
4. Бөлімдерге қатысты ойларыңды шағын мәтінмен жазып шық.
5. Пікіріңнің қаншалықты мәнді екенін (теориямен үйлесуі, ғылыми негізі, жаңашыл идея немесе өміршең тәжірибелілігі) ойластыр;
6. Пікірлеріңді тағы бір толықтырып өт, терминдер мен лексикалық қолданыстарды ретте;
7. Алдымен эссенің алғашқы нұсқасын жазып шық. Ойланып, қайта қарап, толықтырып жазып шық. Тыныс белгілерін қоюды ұмытпа.


Эссе жазу
Эсседе оқушының негізгі тақырыпты түсінуі, эссе тақырыбына сәйкес талқылау сұрағын шығаруы, тақырыпқа байланысты өз позициясын ұстануы, берілген тақырып бойынша білімі мен түсінігінің болуы маңызды. Сондай-ақ қорытындыда айтылған шешімнің логикалық жүйесі негізгі тақырыпқа сәйкес келу керек.
Кез келген жазба жұмысында, оның ішінде эсседе ой бөліктерін абзацтарға бөлу маңызды. Жаңа ой жаңа абзацқа жазылу керек. Сондай-ақ абзацтарды байланыстырушы сөз оралымдарын орынды қолдану қажет. Олар әдетте шылаулар (бірақ, алайда, дегенмен, сонымен қатар), қыстырма сөздер (менің ойымша, меніңше, біріншіден, екіншіден, қорыта келе, т.б.), т.б. болуы мүмкін.
Кез келген дұрыс және сауатты құрастырылған мәтін, оның ішінде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет