Ақмола облысы Шортанды ауданы



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі404,87 Kb.
#26204
  1   2
Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Бектау орта мектебі

Химия пәніне арналған ашық сабақ жинақтары

2014 ж

Кіріспе
Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында «Бізге қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әртүрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр.

Оқушылардың химияға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Оқушының пәнге қызығушылығы – оны табысты да, түбегейлі игерудің негізгі шарты.

Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың да үш шарты бар:

Біріншісі – мазмұнының жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихибағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.

Екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы тәсілдерін, оқытудың проблемалық тұрғыда қолға ала отырып, материалдарды зерттеу негізінде оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағыт-бағдар беру тәсілдері.

Үшінші – оқушылардың қабілетін ұштау, шығармашылық көмек беруге дайын тұру, оларға материалдық қолдау көрсету, қабілетіне талап қоя отырып балаларды көтермелей отырып оқушыларды өзара бәсекелістікке тәрбиелеу. Оқушылардың химияға деген ынта-ықыласын арттырып, логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер мен химиялық ойындар әр сынып оқушылары үшін пайдалы. Оқушылар бірсарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі химиялық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн.

Мен өз тәжірибемде жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға шығарамашылық ізденеіс дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру жолдарын ұсынамын.



2
Сабақтың тақырыбы: §14 Химиялық реакция теңдеулері

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,

химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.


Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре

білуге дағдыландыру.


Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін

жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.


Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, топтастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

  • Бір – бірімізді тыңдаймыз;

  • Бір ғана адам сөйлейді;

  • Өз ойларымызбен бөлісеміз;

  • Бос сұрақтар болмайды;

  • Уақытты үнемді пайдаланамыз.


Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» сұрақ – жауап.

  1. Химиялық реакция дегеніміз не?

  2. Химиялық формула дегеніміз не?

  3. Массалық үлес қалай белгіленеді?

  4. Валенттілік дегеніміз не?

  5. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?



Топтық жұмыс.

І топ тапсырмасы:

1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.


3

3. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін

есептеп шығарыңдар.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

3. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.

ІІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: МgО, К2О, SnO2, Na3N, MnCl2 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

3. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық

қосылыстың формуласын табыңдар.


ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1.Химиялқ теңдеу.

2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.



Негізгі ұғымдар:

  • Химиялық теңдеу.

  • Реагент

  • Өнім

1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:
1. Реагенттердің формуласын жазу:

H2 + O2


2. Өнімнің формуласы:

H2 + O2 → H2O


3. Химиялық теңдеуді теңестіру:

2H2 + O2 → 2H2O


Сабақты бекіту:

4
Оқулықпен жұмыс:

І топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.

2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.
ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру

2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.

2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
«Кім жылдам» аукционы
Са Р H2 C

О2 ?

О2 ?
Сl2 ?
О2 ?


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?











Бағалау.


Үйге тапсырма: § 14. 42 беттегі. 4,8 жаттығулар.

5

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.



Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.

2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу.

3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО – стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

II. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Ой шақыру.

  2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Ерітінділер дегеніміз -

Ерітіндінің түрлері -

Қатты заттардың ерігіштігі -

Ерітіндінің концентрациясы -

Концентрлі ерітінді -

Сұйылтылған ерітінді -



  1. Ой қозғау.

  1. «Ойлан тап» 2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

I, II – нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі. (Графопроектордан көрсетіледі).

  1. «Үш артықты» табыңыз.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. Қызығуды ояту.

Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.

Алғашқы элемент:

- Кестеге бірінші тұрған кім

Тегін тұрғанымды біл

6

Отында болам, ауа шары да болам.



Ұшқың келсе мін

Бомба болып жарыламын

Деп күш көрсетті

Беріспейтін іс көрсетті.

Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)

2-ші элемент:

-Жақындасам жанып.

Су боларсың анық.

Шамаңды білмейсің неғып?

Мен болмасам тұншығып,

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде бар емеспе бәрі де

Күні шығып, отындары жанатын.

Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)

Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?

H2 O - бір оқушы тақтаға жазады.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

- Молекулалық формуласы - H2 O.

- Mr (H2 O) = 18.

- Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.

-электр тогын нашар өткізеді.

- түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы – 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.

-Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.


2. Мағынаны ажырату.

Судың құрамын анықтау. Шығармашылық жұмыс.

Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың 2 – элементтен тұратынын

дәлелдеп береді.

1 – оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.

2 H2 + O2 = 2 H2 O

Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.

2 – оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 – атом сутек, 1 – атом оттек болатындығын дәлелдеді.

7

2 H2 O = 2 H2 + O2.



Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

V. Сабақты бекіту.

  1. Есеп шығарту.

72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.

2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.

Mr (H2 ) = 2 * 2 = 4.

Mr ( O2) = 32.

72г / 36 = Х / 4 Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.

72г / 36 = У / 4 У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.



Жауабы: 8 г сутек.

7 г оттек.

  1. Графикалық диктант

  • Иә  Жоқ

  1. Табиғи таза су болады ма?

  2. Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.

  3. Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.

  4. Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.

  5. Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.

  6. Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.

  7. Н2 СО3 күкірт қышқылы.

  8. СаСО3 калций карбонаты.

  9. Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.

  10. Су еріткіш.



VI. Үйге тапсырма.

«Судың маңызы» тақырыбына реферат.


8

Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы изомерия.

Сабақтың мақсаты: 1. Бейорганикалық қосылыстарды еске түсіре отырып,органикалық заттарға түсінік беру.

2.Оқушылардың ғылыми көзқарасын арттыру.



3.Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек –сызбалар таблицалар

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың барысы
І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау –мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.

І. Сақиналарды жинау.


1.


Сақинадағы элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.


а) б)


H3PO4

2.

9

Осы сақиналардағы бейорганикалық қосылыстарды өз үйлеріне орналастырып, анықтама беріңдер.




хххххх


Негіздер дегеніміз...

Тұздар дегеніміз..

Қышқылдар дегеніміз...

Оксидтер дегеніміз...

Сөзжұмбақ «Қай ғалым»

Ізделінді сөз: Швед ғалымы И.Я. Берцелиус

1. Тақтаға жазатын құрал атымен аталатын элемент (бор)

2. Н2 SiO3 – қышқылдың аталуы (кремний)

3. Тіс жуғыш паста құрамындағы элемент (фтор)

4. Алақанда еритін металл (цезий)

5. Құрылыс материалы (цемент)

6. Ең жеңіл металл (литий)

7. Азот қышқылының тұздары (нитрат)

8. Радиоактивті элемент (уран)

9. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикат)


10

«Сақиналарды жинау» дидактикалық тапсырмалардағы берілген қосылыстар бейорганикалық қосылыстар. Жалпы бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде толық меңгердік.

Енді органикалық заттар туралы түсінік берілді. Берілген «Қай ғалым» сөзжұмбағындағы ізделінді ғалым И.Я.Берцелиус. органикалық заттарды зерттейтін химия бөлімін – органикалық химия деп атап көрсеткен. Ғылымға алғаш енгізген швед ғалымы И.Я.Берцелиус




ІІ. Сараланған бөлім.

Операциялық – орындаушылық кезең.

1.Тірек –сызбамен жұмыс.


Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар

1.

Мысалдар келтіріңдер .



2
Органикалық қосылыстар

Көмірсутектер
.

11

2.Оқулықты жұмыс.
№2. №3. №4. Жаттығуларды орындап, түсіндіріңдер.
3.Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар .

Берілген бірнеше заттарды қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:

Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күдіргіш калий, вазелин.



  1. Ой тұжырымдамасы:

  1. Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.

  2. Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.

  3. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.

  4. Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн –дай болады.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім.

Рефлекциялық – бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған тест- сұрақтар

1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

а) И.Я. Берцелиус ә) М.В. Ломоносов б) Д.И. Менделеев

2. « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

а)көміртек ә) организм б) өнімдер

3.Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?

а) аз ә)көп б)орташа

4. Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады?

а) натрий, калий ә) көміртек, сутек б) көмірқышқыл газы

5. Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

а) Ca, S, N, C, Mg ә) C, H, O, N, S б) Zn, Ba, C, O, H, S

12

ІV. Бағалау.





Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай

Оқушылар жинаған ұпай

Баға

1

Қызығушылығын ояту

15 ұпай







2

Тірек-сызбамен жұмыс

5 ұпай







3

Оқулықпен жұмыс

10 ұпай







4

Тест

5 ұпай







5

Барлығы









35 ұпай-«5»

30 ұпай – «4»

25 ұпай-«3»

V. Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет