«Айнал, жаса - БІР» пәрмені бойынша сол аяқпен тізені бүкпей тез бұрылу қажет, бұл орайда ауырлық күйін сол аяққа жұмсап, денені кішкене алға жіберу керек. Айналу бұрылысында, сонымен қатар қолдың сермелуіне рұқсат берілмейді [21].
«Жаса - ЕКІ» саны бойынша оң аяқты сол аяққа тақау тиіс.
Айналуды оқытқан кезде оқытушы студенттерге айналым қозғалысын жасау барысын жіті қадағалауы, әсіресе қозғалған кезде екі аяқты бірдестен жұмсап қоймауын ескеріп отыруы міндет.
Орнында бұрылыс кезінде, яғни оқытылу барысында студенттерге келесі қателіктеріне назар аудару керек: кейбіреулер тізе бүгеді, қолды сілтейді, басты төмен қарай иеді, көкіректі түсіріп немесе ішті тартпайды, айналым бұрылысы кезінде толық жасалмайды т.б [22].
Оқыту барысында командир өз саптық білімін жетілдіреді, себебі ол, жеке құрамға пәрмен бере отырып, өзі тәсілдерді үлгілі орындайды.
Студенттер мен сабақ жүргізу кезінде олардың басқарушылық және әдістемелік тәжірибесін дамыту үшін мақсатты түрде оларды студенттің орнына кезекпен қойған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |