Бір орында тұрып бұрылуды оқыту
Бөлімше оқытушысы саптық дайындық сабақтарында басшыға жақындағанда және орнына келу үшін қозғалыс жасағанда қолданылатынын түсіндіреді.
Орнында бұрылуды оқыту саптық тұрысты орындағаннан кейін басталады. Себебі, тек соның негізінде ғана бұл тәсілдерді дұрыс орындауға мүмкін болады. Осыған орай, алғашқыда оңға, солға бұрылуды (1/4 айналымға) және айналуды үйрену қажет, содан кейін барып жартылай оңға және жартылай солға (1/8 айналым) орындалады [20].
Орнында бұрылу үшін оқытушы бөлімшені аралығы екі адым бар бір қатарға тұрғызып, қалыпты деңгейде оңға бұрылуды көрсетеді. Сонан соң оқытушы іс-қимылдың тәртібін түсіндіре келе, тәсілдерді баяу деңгейде көрсетеді. Оңға бұрылуды екі есепке бөлік бойынша қарастырады.
Бөлім бойынша тәсілді көрсетісімен бөлімше командирі мынадай пәрмен береді «Оң-ҒА, бөлім бойынша: жаса- БІР, жаса - ЕКІ».
Бөлімше командирі бірінші есеп бойынша жылдам бұрылғанда оң қол жаққа оң аяқ өкшеде және сол аяқтың ұшында дененің қалыпты күйін сақтаған жөн және аяқ тізелерін бүкпеген дұрыс екенін түсіндіреді және соның барысын қадағалайды (3а сурет).
3-сурет. Бұрылыс кезiндегi аяқтардың күйi (солға, оңға).
Артқы тұрған аяқтың өкшесі және алда тұрған аяқтың ұшы бұрылысты аяқтағаннан кейін тиісті деңгейде бір қалыпты болуы тиіс (3б сурет). Қолдардың күйі саптық тұрыс кезіндегідей болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |