Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі


Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздың іс-әрекеті. Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру және орналасу



бет27/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздың іс-әрекеті. Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру және орналасу
Бөлімшелер мен бөлімдер жазылма сапқа машиналардың бойымен, маңдайшеп бойынша бір сызық бойымен, ал взводтар мен роталардың лектері Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген машиналардың немесе бөлімшелердің арасындағы аралықтар мен ара қашықтықтарда сапқа тұрады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналардың алдында взводтардың және роталардың бойымен машиналардың алдында үш адымнан жақын емес (14,15-суреттер) болатындай екі қатарлы немесе бір қатарлы саппен сапқа тұрады, машиналардың механик-жүргізушілері және жүргізушілері өз бөлімшелеріндегі сапқа тұрады.
Бөлімшелер жорық сапқа машиналардың бойымен лектер бойынша немесе бөлімшелер лектері бірінің артынан бірі Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген сапқа тұрады.



14-сурет. Бөлімшенің және танк экипажының сапқа тұруы:


а - бронетранспортердің алдында; ә - жаяу әскер машинасының алдында; б – танкінің алдында.

Жаяу әскерді машиналарға, бронетранспортерлерге, автомашиналарға және т.б. машиналарға отырғызу кезінде бөлімшелерде қажет болған кезде әскери қызметшілерге және әскери мүліктерге машиналар бойынша санақ жүргізіледі, сондай-ақ отырғызу тәсілі көрсетіледі. Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталғандығы тексеріледі, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жүргізілсе, онда олардың тежегішке қойылғандығы қадағаланады, сүңгі-пышақтар алып тасталады.


Әрбір машина үшін офицерлерден, прапорщиктер немесе сержанттардан машина басшысы (бөлімше командирі) тағайындалады. Машина басшысына жүргізушіні қоса алғанда машинадағы бүкіл жеке құрам бағынады.
Аға командирдің белгісі бойынша бақылауды бөлімше командирі (машина басшысы) жүргізеді, автомобильдерде, бұдан басқа, автомобиль қорабының оң жақ алдыңғы бұрышында бақылаушы ретінде тағайындалған адам орналасады.
Қозғалыс кезінде автомобиль қорабының кемер (борт) ілгегі бекіткішіне бақылау жасап отыру үшін алдынғы және артқы кемерлердегі шеткі орындарда отырған сарбаздар арасынан «кемерші» тағайындалады. Артқы жақта келе жатқан машиналарға, тіркемелі әскери техникаға және жаяу әскердің ұрыс машинасының есіктері ілгектерінің бекітіліуіне бақылауды автомобильдің артқы қабырғасындағы оң жақ отырғышта отырған сарбаз жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет