Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі



бет24/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

Взводтың жорық сабы
Взводты жорық сабындағы іс-қимылдарға үйрету үшін, әдеттегідей
осы сапты көрсетумен қатар, әр бөлімшенің және әскери қызметшілердің (студенттердің) тиесілі орындарын көрсеткен жөн. Осы мақсатта взводты жайылма бір қатарлы сапқа тұрғызып «оң-ҒА» пәрменін беріп взводты сәйкес бағытқа қарай бұрады (10-сурет). Осыған орай взводтың командирі немесе әскери оқытушы взвод оңға бұрылғаннан кейін біреуден бойынша лекке жорық сабы қалпында болатынын түсіндіреді. Сонан соң взвод командирі екі қатарлы жайылма сапқа тұрғызады және оңға бұрылыспен екеу бойынша лекке жорық сабында тұрғызады (11-сурет). Взвод командирі немесе әскери оқытушы бөлімше командирлеріне бұрылыстан кейін жарты адым оңға бұрылу қажеттілігін айғақтайды.



10-сурет. Бiр лек бойынша 11-сурет. Екi лек бойынша
взводтың жорық сабы. взводтың жорық сабы.

Жалпы, взводтың жорық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе үш лекті болуы мүмкін.


Взводтың өз орнында үш (төрт) лек бойынша сапқа тұруы «Взвод, үш (төрт) лек бойынша – САПТАЛ» пәрмені айтылады.
Студенттер бір лектен бойынша сапқа тұру техникасын игерген соң, взводтың командирі взводтың жорық сабына үшеу бойынша лекке сапқа тұруды көрсетуге (төрт бөлімшеден тұратын, взвод – төртеуден бойынша лекке). Көрсету үшін взводтың командирі бөлімшеге біреуден бойынша лекке тұруды бұйрық етеді. Сапқа тұрғаннан және түзелуден кейін (бірінші бөлімшенің) одан солға таман екінші бөлімшені тұрғызады, ал екіншіден солға таман үшінші бөлімше орналасады. Осыған орай бөлімшелер арасындағы ара-қашықтық алақан енінің көлеміндей, ал аяқ ұштары бір сызықта, қатарлардың ара-қашықтығы – алда тұрғанның иығына қойылған, яғни созылған қолдың қашықтығындай. Бөлімшелерде әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында тұруы қажет (12-сурет). «Взвод үшеуден бойынша лекке (екеуден, біреуден) – САПТАЛ» және «ТАРАҢДАР» пәрменін бере отырып, командир взводты жаттықтырады. Сапқа тұру барысында жеке құрамды түзелуге, бұрылыстарға жаттықтырған жөн.
Бөлімше санымен (адам, саны) төртеу және үш адамы бар взвод жорық сабына екеу бойынша лекке 13-суретте көрсетілгендей тұрады.
Жеке құрам тез және кідіріссіз сапқа тұруға пәрмендерін орындай алатын жағдайға жетсе взводтың командирі взводты жайылма саптан жорық сабына және керісінше сондай-ақ жорық сабының бір түрінен басқа түріне қайта тұрғызуды оқытуға кіріседі. Қайта тұруды оқыту мақсатты түрде мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
а) Взводтың бір қатарлы жайылма сабынан бір лекті (екі қатарлы саптан екі лекті сапқа) қайта сапқа тұруы взводтың оңға бұрылуы мен



12-сурет. Үш лек бойынша взводтың жорық сабы.

13-сурет. Бөлімше санымен взводтың жорық сабы (адам, саны),


а – үш адам; б – төрт адам.

жүзеге асырылады. Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті (бір қатарлы саптан екі лекті сапқа) сапқа тұруы «Взвод, оң-ҒА», «Белдік-КЕ» (иық-ҚА), «Бір (екі) лек бойынша, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмендері беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет