Бөлімшені бір қатарданекі қатарға және қайта тұрғызу Бөлімшені бір қатардан екі қатарға қайта тұрғызу үшін алдын-ала бірінші мен екіншіге санау жүргізіледі. Бөлімше командирі санау бойынша қимылдардың орындалуын түсіндіреді. Осыған орай, ол номері аталғанның бірдестен басының бұрылуына және бастың бастапқы қалпына тез келуіне баса назар аударады. Санау бойынша жаттықтырғаннан кейін бөлімше командирі бір қатардан екіге өтуге оқытуға кіріседі. Бұл тәсілді үйретуді үш есепке жүргізген жөн. Алғашқыда, бөлімше командирі студенттердің біреуін өзінің оң жағына тұруына бұйрық береді және екінші номерлердегінің екі қатарға қайта тұру кезіндегі қимылдарын көрсетеді. Сонан соң бөлімше командирі бөлім бойынша қайта тұруға пәрмен береді.
Екінші нөмірлінің бір қатардан екіге қайта тұру кезіндегі қимылдарын көрсеткеннен кейін, бөлімше командирі екінші нөмерлінің екі қатардан бір қатарға қайта тұру кезіндегі кері қимылдарын көрсетеді. Осыған орай, бөлімше командирі тығыз екі қатарлы саптан бір қатарлы сапқа орнында қайта тұруы үшін алдын–ала бөлімше бір адымға сиреңкірейтінін ескертеді.
Екі қатардан бір қатарлы сапқа қайта тұру үшін де үш есепке орындаған жөн. Яғни, «Жаса – БІР» есебі бойынша сол аяқпен солға адым жасайды.
Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң аяқты тақамастан оны қысқа жолмен алға шығарып, бірінші нөмерлінің сызығына қояды. Келесі «Жаса – ҮШ» есебі бойынша сол аяқты оң аяққа тақайды. Көрсеткен соң, бөлімше командирі қайта тұруға жаттықтырады. Бөлімшені бір қатардан екіншіге және керісінше қайта тұрғызу қимылдарға үйрету кезінде, екі жағдайда қолдармен қозғалыс жүргізілмейтінін есте ұстаған жөн. Екі қатарға қайта тұрғызғаннан кейін бөлімшенің түзелуі кезінде, қатарлар арасындағы ара-қашықтық сақталады.