Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі


тәсілдері мен әдістеріне зерттеу жасау



бет17/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, АНАПИЯ саптық дайындық
тәсілдері мен әдістеріне зерттеу жасау
2.1 «ҰРЫСҚА», «ТҰР» әдістерінің орындалуы


«ҰРЫСҚА», «ТҰР» әдістерінің орындалуы
«ҰРЫСҚА», «ТҰР» пәрмені бойынша атқарылатын тәсілдерді, сондай-ақ жүгіру мен еңбектеуді алғашқыда, әдеттегі саптық алаңда үйренген дұрыс. Жаттығуды тактикалық алаңдарда орындаған жөн. Жеке құрамның міндетті түрде қару-жарағы мен тиісті формада (үлгіде) киім-кешегі болуы қажет. Тәсілдер Саптық жарғыда көрсетілгендей реттілікпен жүргізілген дұрыс. Тәсілдерді орындау жаттығулары басқа пәндер бойынша сабақтар барысында, әсіресе қару мен тактикалық дайындықтар бойынша жүзеге асырылуы керек. Сабақтар бөлімшелер құрамында жүргізіледі. Аталмыш сабақтардың ұйымдастырылуын, басқа саптық тәсілдер мен іс-қимылдардың үйретілуі секілді [28].
Сабақ орнына келісімен, оқытушы тәсілдердің практикалық мәнін қысқаша түсіндіреді, сонан соң оларды жаттықтыруға кіріседі. Бастапқыда «ҰРЫСҚА» және «ТҰР» тәсілдері үйретіледі.
Тәсілдерді оқыту оны үлгілі түрде көрсету арқылы басталады, сонан соң бөлім бойынша баяу жалғасады. Бөлімше командирі көрсетуді қысқаша түсіндірумен бірге атқарады.
Бірінші «Ұрысқа» тәсілін үш есепке орындаған жөн. «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолға саптық тұрысты сақтай отырып, ыңғайлы болатындай втоматы немесе пулеметті алу қажет (7а-сурет). Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң аяқпен алға адым жасап, бір мезгілде денені алға еңкейтіп, сол тізеге отыру керек және сол қолды өзінің алдына саусақтарды оңға қарай жерге қою қажет (7б-сурет). «Жаса – ҮШ» есебі бойынша кезекпен сол аяқтың жамбасына және сол қолдың иығына сүйене отырып, сол бүйірге жату керек те жылдам ішке аунап түсу керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып жан-жаққа жазып тастап, оқ атуға дайындалу қажет [29].
«Ұрысқа» тәсілін көрсетуді аяқтай салысымен, «ТҰР» тәсілін орындауға көшу керек. Бұл тәсіл де, орнында үш есепке атқаруға болады. «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты берге қою керек (8а-сурет). Келесі «Жаса – ЕКІ» есебіне сәйкес екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару тиіс (8б-сурет). «Жаса – ҮШ» есебі айтылғанда жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау қажет.



7-сурет. «Жат» (ұрысқа) тәсiлiнiң орындауын көрсету.

8-сурет. Жату күйiнен «Тұр» тәсiлiнiң орындауын көрсету.

Тәсілдерді толық және бөлім бойынша көрсетісімен бөлімше командирі


оларды 2-3 адымға жазып үйрете бастайды. Бастапқыда бөлімше командирі көрсету мен түсіндіруді қайталайды және өзімен бірге тәсілді орындауға студенттерге бұйрық береді. Олар тәсілдің орындалуымен танысқаннан кейін бөлімше командирі тәсілді үйретуді, кеткен кемшіліктерді түзеп, бірте-бірте жылдамдықты арттыра отырып жалғастырады. Тәсілді бөлім бойынша қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі мына пәрмендер бойынша оларды толық үйретуге кіріседі «Бөлімше – ЖАТ» («Ұрысқа») және «Бөлімше – ТҰР».
Қол және рота пулеметтерінен «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде қаруды оң қолымен алып, сол қолымен сирақтарын жазу керек. Осымен бір мезгілде оң (сол аяқпен) алға қарай қалыпты адым жасау қажет және еңкейіп пулеметті оқ атудың бағытына қаратып сирақтарын қою керек; бүгілмей, екі қолмен жер тіреп, аяқты артқа тастап, ішпен жатып, аяқты ұштарын сыртқа қаратып жазып тастау қажет және оқ ату үшін дайындалу қажет [30].
Қарулар тобымен «Ұрысқа» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде оны ұрыс жағдайына келтіру керек, содан кейін оқ атуға арналған кейіпті қабылдау керек.
Тік тұрып пистолеттен оқ атуға арналған қалыпты қабылдау «Ұрысқа» пәрмені бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, сол жарты айналымда бұрылу керек және оң аяқты қоймай оны алға, көздеу бағытына қарай иықтың енімен, дененің салмағын екі аяққа тең сала отырып, алға шығару қажет, пистолетті ауыз бөлігін жоғары оң көзге қарап тіп-тік ұстау керек, бұл ретте қол білегінің иектің биіктігінде орналасуын сақтау керек, сол қол дененің бойында еркін түсіріледі немесе арқаға қойылады.
«Тұр» пәрмені бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты бірге қою керек, ал содан кейін екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару қажет, жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет