Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі



бет18/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

Бөлімшенің саптары
Сабақты жеке құрамды саптық міндеттермен оқытудан бастаған жөн. Бөлімше командирі бастапқыда студенттің (сарбаздың) сапқа дайындық кезіндегі іс-қимылдарын практика түрінде көрсетеді. Өз қаруының дұрыстылығын, сондай-ақ қорғаныс жеке құралдарын, қару-жарақ, арнайы киім-кешек басқа да өзіне тиесілі заттардың күйін тексеру әдістері, сонан соң киімнің дұрыс киілуін тексереді. Бұл орайда, бөлімше командирі айтылған іс-шаралардың орындалуы аяқталған кезде, қасындағы жолдасымен киімнің күйін және қару-жарақтың жағдайын тексеруге өтініш білдіру керектігін айтуға міндетті.
Міндеттермен оқыту мақсатты түрде саптық тұрыста және жайылма сапта жүзеге асырылуы тиіс.
Жайылма сап
Бөлімшенің жайылма сабы – бұл маңдайшеп бойынша бір сызыққа орналасқан жауынгерлердің сабы. Осыған орай олар бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұруы мүмкін. Мұндай сап алғашқы сапқа тұрулар үшін, есептеу, тексеру, байқау, шерулер үшін, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қолданылады. Сонан соң бөлімше командирі бір қатарлы сапқа бөлімшені практикалық жүзінде тұрғызуға кіріседі. Әрине, мұндай іс-қимылдар әр уақыт түсіндіріліп отырылу қажет.
Бөлімшенің жайылма сабы бір қатарлы немесе екі болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Алдын–ала «Бөлімше» пәрмені бойынша барлық студенттер, дереу бөлімше командиріне бұрылуы қажет және «ТІКТЕЛ» күйін қабылдап, келесі пәрменді нақты әрі тез орындай алатындай дайындықта күту керек. Пәрменді бөлімше командирі студенттерге қарап тұрып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет