1.1 Саптық дайындықты жоспарлау және оны оқытудың инновациялық жолдары
Саптық дайындық қазіргі уақыттағы әскери қимылдарда жеке құрамға қажетті психологиялық бағыттың дұрыс болуына, қабілет пен білімнің дамуына әсер бере отырып, көптеген барлық оқыту пәндеріне байланысады және өзіндік әскери дайындық пәні ретінде жүреді.
Сондықтан да, саптық оқытудың негізіне әскери педагогиканың жетекші қағидалары жатқызылған.
Жоғарғы саптық білім офицерлерге, әскери жетекшілерге саптық дайындықта жақсы жетістіктерге жеткізетін айтулы мағынаға ие, яғни саптық жарғыда қарастырылған тәсілдерді дұрыс орындау негізгі қағида болып табылады [6].
Адам танымының шегі қатыстылық болып келеді, сондықтан да қол астындағылардан немесе студенттерден әрдайым бүгінгі күнгі білмеушіліктен ұялмауды талап етіп отыру қажет. Өйткені, қатаң сөгіске білмей оған жауап пен білімді іздеген адам емес, білмей отырып, білетіннің кейпін киетіндер лайық [7].
Әр саптық сабақ бөлімшелер мен жауынгерлердің саптық тәжірибелерді жетілдіру ісіндегі жаңа қадам болып табылады. Бұл орайда, алынған білімнің тереңдігі мен беріктігі көбінесе сабақ барысында тиімді таңдалған жаттығулар мен оқыту әдістеріне байланысты. Қортындылық, жауынгерлер іс-қимылының үздіксіздігі - міне, осы бүгінгі саптық сабақтарға қойылатын талап [8].
Тұрақты әскери дайындыққа демеу көрсету мен әскери тәртіпті мықтау, бөлімшелердің жоғары деңгейлі жинақтылығына және жақсы жеке дара саптық үйренуімен де байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Саптық дайындық сабақтарын бірнеше күн бойы қатарынан өткізуге немесе күніне екі сабақтан өтуге болмайды. Себебі, саптық дайындық сабақтары үлкен ауырлықты талап етеді [9].
Саптық дайындық сабақтарын оқытушының басқаруында оқу взводы құрамы негізінде жүргізіледі[10].
Достарыңызбен бөлісу: |