Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі


Бөлімшенің жазылуы мен сығылуын оқыту



бет19/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

2.2 Бөлімшенің жазылуы мен сығылуын оқыту

Бөлімшені бір қатарлы жайылма сапқа тұрғызып, бөлімше командирі практикада әскери қызметшілердің саптағы ара-қашықтығын жиі ұғайту керектігін түсіндіреді, мәселен қарумен саптық тәсілдерді оқыту кезінде, еңбектеу және жүгіру, сондай-ақ таңғы байқау кезінде және т.б. Бұл үшін Жарғыда жазылу мен сығылу қарастырылған.


Бөлімшені бір немесе оданда көп адымға жазылуы үшін мынадай пәрмен беріледі «Бөлімше, оңға (солға, ортадан), жа-ЗЫЛ» немесе «Бөлімше, оңға (солға, ортадан), мыншама адымға жа-ЗЫЛ (жүгіріспен, жазыл)». Егер пәрменде ара-қашықтық айтылмаса, онда жазылу бір адымға орындалады.
Ортадан жазылу үшін пәрменде, кім ортаңғы екені айтылады. Ортаңғы атанған әскери қызметші, өз тегін ести сала, жауап береді. «Мен» деп, сол қолды алға созып сол мезетте оны түсіреді.
Бөлімшенің сығылу үшін оқыту мақсатты түрде жазылу мен бірге жүргізіледі. Бөлімше сығылу үшін мынадай пәрмен беріледі: «Бөлімше, оңға (солға, ортаға), сы-ҒЫЛ». Тәсіл бөлім бойынша екі есепке орындалады. Мұндағы, «Жаса – БІР» есебі бойынша барлық әскери қызметшілердің барлығы, сығылу тағайындалғанды қоспағанда сығылу жағына қарай бұрылады. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша шапшаң жарты адыммен (жүгіріспен) сығылған сап үшін белгіленген ара-қашықтыққа келеді және өз алдына тоқтап оңға (солға) бұрылады және саптық тұрысты қабылдайды.
Жазылу мен сығылуды оқыту барысында студенттермен мынадай кемшіліктер жіберілуі мүмкін: бір мезетте аяқты қойып, бастарын бұрады, алдағы келе жатқан артта жүріп келе жатқандардан белгіленген ара-қашықтықтан әлде қайда озып кетеді, қолдардың қозғалысын келтірмейді.
Жазылудан кейін студенттер бір сызықта болуы тиіс, яғни сығылған саптағы секілді. Сондықтан оларды түзелуге жаттықтырған жөн. Әлбетте, ол үшін «Түзел» пәрмені беріледі.
Ал, бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) мыншама адымға жа-ЗЫЛ» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша, жазылу басталатыннан басқа барлық студенттерге көрсетілген
жаққа қарай бұрылады, бір мезгілде аяқтарын қоя отырып бастарын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанның иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) жүреді, соңғы адам тоқтағаннан кейін пәрмен бойынша қанша адым айтылды, сонша адым жасайды және оңға (солға) бұрылуы мүмкін.
Бөлімшені орнында сығылу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) сы-ҒЫЛ» (жүгіріп сығыл) пәрмені беріледі. Орындалатын пәрменге сәйкес сығылу тағайындалғаннан басқа барлық студенттер сығылу жасалатын жаққа бұрылып, жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) сығылған сап үшін белгіленген аралыққа келе бастайды.
Бөлімшенің қозғалуына келетін болсақ, ол үшін «Бөлімше, белдік-КЕ (иық-ҚА) (саптық адыммен, жүгіріп) – АДЫМДА» пәрмендері беріледі екен. Мұндайда, қажет болса пәрменмен қозғалыстың бағыты және түзелу жағы көрсетілуі мүмкін.
Мысалы: «Бөлімше, белдік-КЕ (иық-ҚА)». «Мынадай бір затқа, оңға (солға) түзел, алға (саппен, жүгіріп) – АДЫМДА».
«АДЫМДА» пәрменіне сәйкес барлық әскери қызметшілер бір мезгілде сол аяқтарымен түзулікті және аралықты, сондай-ақ ара-қашықтықты сақтай отырып қозғалысты бастайды.
Егер, түзулену жағы көрсетілмесе, түзулену оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көз қараспен жүрген дұрыс. Тиісінше, бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше – ТОҚТА» пәрмені айтылады.
Әскери қызметшіде немесе студентте қарудың бірнеше түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажеттілігі туындағанда пәрменде, әлбетте сол қарудың аты аталады.
Мәселен: «Автоматтарды – КЕУДЕГЕ», «Пулеметтерді – белдік-КЕ» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет