Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі


Саптағы әскери сәлемдесуді өз орнында және қозғалыста орындау тәсілдерін интербелсенді әдістермен орындау нәтижелері



бет21/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

2.3 Саптағы әскери сәлемдесуді өз орнында және қозғалыста орындау тәсілдерін интербелсенді әдістермен орындау нәтижелері

Бөлімше құрамында әскери сәлемдесуді оқыту бастапқыда орнында жүргізген жөн, ал кейін қозғалыста. Осыған орай, бөлімше командирі орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді, бірінші кезекте тікелей бастықтарға беретінін ескертеді. Бұдан басқа, пәрмен бойынша әскери сәлемдесу әскери атағы бойынша генерал-полковниктен бастап және одан жоғары беріледі. Сәлемдесу, сонымен қатар бөлімшені тексеру, бақылау құзіретін алған арнайы тұлғаларға да қатысты. Орнында әскери сәлемдесу бастыққа мәлімдеме жасаумен қатар жүреді.


Бөлімше комндирі, алғашқыда әскери сәлемдесуді оқыту барысында Жарғы талаптарын қысқаша түсіндіреді, сонан соң қажетті пәрмендер беріп, іс-әрекеттерін қадағалайды.
Саптағы әскери сәлемдесу өз орнында бастық 10-15 адымға жақындағанда бөлімшенің оқытушысы «Бөлімше, ТІКТЕЛ, оңға (солға, ортаға) ТҮЗУЛЕН» пәрменін бергеннен кейін орындалады.
Тәжірибеде әскери сәлемдесу мынадай реттілікпен орындалады:

  • әскери сәлемдесу үшін пәрменді бөлімше командирі, бастық бөлімшеге 20-25 адымға жақындағанда береді;

  • мына «ТІКТЕЛ» пәрмені бойынша әскери қызметшілер бір мезетте «ТІКТЕЛ» күйін қабылдайды;

  • мына «Оңға түзулен (солға, ортаға)» пәрмені бойынша әскери қызметшілер бастық жаққа бастарын бірдестен бұрады;

  • бөлімше командирі пәрмен бергеннен кейін, сапқа қарап тұрып қолын бас киіміне қояды және бастыққа бұрылып саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалған кезде тоқтап мәлімдейді, мәселен «Жолдас капитан. Екінші бөлімше, саптық дайындық жүргізіп жатыр. Бөлімше командирі сержант Бабашев».

Егер бөлімше командирі «Белдікке», «Кеудеге» немесе «Иыққа» күйіндегі қарумен болса өзгертусіз тоқтайды. Мұндай жағдайда қарусыз қолдардың қозғалысы, адымда жүргізіледі;
- бөлімше командирі пәрмен бергеннен кейін, бастық қолын бас киімге апарады;

  • бөлімше командирі, мәлімдеме жасап қолды бас киімнен түсірмей, сол (оң) аяқпен шетке адым жасап, бір мезетте оңға (солға) бұрылыс жасайды. Сонан соң бастықты алға жіберіп, одан бір-екі адым артта бірге жүреді;

  • бастық жақындаған немесе кеткен кезде сапта барлық әскери қызметшілер көз қиығымен оның соңынан бастарын бұрады;

  • бастық жүріп өткен кезде немесе «БОСТАН» пәрмені бойынша бөлімше командирі, «БОСТАН» пәрменін беріп қолын түсіреді;

  • саптың артқы жағынан бастықтың келуі кезінде бөлімше командирі, бөлімшені бұрып, тиісті пәрменін береді;

  • егер бастық әскери қызметшіні (сапта тұрған) оның әскери атағы немесе тегі бойынша атаса, ол: «МЕН» деп, жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша атаса, жауап ретінде өзінің әскери атағын және тегін айтады, бұл орайда қарудың күйі өзгертілмейді, қол бас киімге қойылмайды.

Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесу кезінде келесі ерекшеліктер ескерілуі қажет:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет