Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі



бет23/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

Взводтың саптары
Взводтың саптары жеке құрамды жайылма және жорық саптарындағы, сонымен қатар алдағы жекелеген саптың үйренудегі нақты және ұйымдасқан іс-қимылдарға баулуға бағытталған.


Жайылма сап
Взводты жайылма сапқа үйрету үшін алдымен бір қатарлы сапқа тұрғызудан бастаған жөн. Взводтың командирі немесе әскери оқытушы саптық тұрысқа байланысты Саптық жарғыдағы талаптарды түсіндіріп, әр бөлімшенің өз орнын көрсетеді.
Взводтың жайылма сабы бір немесе екі қатарлы болуы ғажап емес. Взводтың жайылма сапқа тұруы «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрменіне байланысты жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша взвод командирінің жағына таман бір қатарға бірінші бөлімше, одан солға таман – екінші және сол қапталда – үшінші бөлімше орналасады, взвод командирінің орынбасары взводтың сол қапталында тұрады.
Взводтың сапқа тұруы кезінде, бөлімше командирлері оз бөлімшелеріне сапқа тұруларына пәрмен бермейді. Жеке құрам саптағы өз орындарында взводтың командирі берген пәрмен бойынша тұрады. Бастапқыда бөлімше командирлеріне өз орындарынан қарамағындағылардың іс-қимылдарына қадағалауға және кемшіліктерді түзеуге рұқсат беруге болады.
Жеке құрам бір қатарлы сапқа тұрудан жеткілікті жаттығу алғаннан кейін, взводтың командирі взводты екі қатарлы сапқа тұруды үйретуге кіріседі.
Взводты екі қатарға тұрғызып, әр әскери қызметшінің саптағы орнын ескертіп взвод командирі жаттығуға кіріседі. Жаттығудың басында взводтың командирі студенттер сапта өз орындарына дұрыс ара-қашықтық сақтай отырып тұруларына және керексіз қимылдар жасамауын, аяқ киім ұштарын түзеу үшін бастарының еңкеймеуін талап етуі қажет. Сонан соң сапқа тұру жылдамдығы өсе түседі. Жаттығу студенттер тез, әрі дұрыс орындағанда ғана тоқтатылуы керек.



9–сурет. Взводтың бөлімше сонымен екі қатарлы жайылма сабы


а - үш адам; б – төрт адам.

Бөлімшелерінде төрт немесе үш адамнан тұратын жеке құрамды взводтарға Жарғымен бірнеше басқа екі қатарлы сап қарастырылған.


Мәселен, танк взводында, яғни үш адамы бар үш танктен тұратын екі қатарлы сап 9а-суретте көрсетілгендей болады, ал атқыштар взводында, төрт адамға есептелген взводта 9б-суретте көрсеткендей орналасады.
Бір мезетте жайылма немесе екі қатарлы сапқа тұруды оқытуды бұрын үйретілген тәсілдерді орындауға келесі ерекшеліктерді ескере отырып жаттықтыру керек:
а) түзелу, барлығы түзету жағына қарай бір мезетте және тез бастарын бұру керек, студенттер біршама алға артқа немесе шетке қарай қозғала алады, студенттер арасындағы ара-қашықтық жазылған саптағы түзелу барысында өзгертілмейді;
ә) солға немесе оңға бұрылыстарда, бөлімше командирлері оңға немесе солға жартылай адым жасауы тиіс;
б) айналу бұрылыстарында, бөлімше командирлері мен әскери қызметшілер (толық емес қатардан) екінші қатардың сызығына өтуі тиіс;
в) бір қатардан екіге қайта тұруда, барлық бөлімшелерде бір мезетте бірінші мен екінші санау жүргізіледі, бөлімше командирлері есепке кірмейді;
г) взводты сызылған екі қатарлы саптан бір қатарлыға қайта тұрғызуда, алдын-ала взвод бір адымға жазылады, екінші қатардың әскери қызметшілері қайта тұру кезінде қолдардың қозғалысын жасамайды;
ғ) «Қаруды – ҚОЙ» және «Қару» пәрмендерін орындауда, дене еңкейген кезде алдына тік қарау керек, оң аяқтың тізесін бүктеу керек, қарудан шегіну үшін алдын-ала жеке құрамды оңға немесе солға бұрып, алға қозғалысы үшін пәрмен беріледі;
д) жазылу және сығылуда, барлық студенттер жазылу немесе сығылу жағына бұрылуды бір мезетте орындауы керек, сондай-ақ жазылу барысында басты бірдестен бұру керек, қолдың қозғалысы адыммен жүргізіледі;
ж) «Белдікті - БОСАТ» пәрменін орындауда, белдікті оң қолмен алған кезде және дененің түзуленуі кезінде, барлық студенттер қимылды бір уақытта атқаруы тиіс.
Егер жаттығу барысында тәсілдерді орындауда көп қателіктер жіберілсе, тәсілді бірнеше рет взвод немесе бөлім бойынша орындауға болады.
Взвод командирі немесе әскери оқытушы саптық тұрысты қабылдап және пәрменді беріп взводтың саптың маңдай шебі жағына бетін бұрады, сонан соң бөлімшелер әскери оқытушыдан солға қарай екі қатарлы сапқа тұрады.
Мұнда, айта кететін мәселе, яғни әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болу қажетін білу шарт.
Бөлімшелердің сапқа тұруы басталысымен взводтың оқытушысы саптан шығады және қарамағындағыларының әрекеттерін бақылайды. Төрт және үш адамы бар бөлімшелерден тұратын взвод екі қатарлы сапқа тұруы ләзім.
Взводтың жайылма саптағы түзуленуі, бұрылуы, қайта сапқа тұруы және басқа да әрекеттері бөлімшелерге арналған ережелер және пәрмендер бойынша орындалады. Осыған сәйкес взводтың бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа керісінше қайта тұруы Жарғының ережелеріне қатысты жүзеге асырылады. Взводтың бөлімшелеріндегі бірінші екіншіге санау кезінде бөлімшелердің командирлері санаққа кірмейтінін ескерген абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет