«АДЫМДА» пәрмені бірінші бөлімшеге жүріс барысында бір лекті сапқа қайта тұруына міндеттейді, қалған бөлімшелер бір (екі) лекті сапқа кезекпен тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүруі тиіс екенін ұмытпаған жөн.
ә) Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті сапқа қайта тұруы. Бұл тәсілді көрсету үшін взвод командирі өзіне бөлімше командирлерінің біреуін шақырады және оған өзінің алдына екі қатарлы саптағыдай тұруға бұйрық береді. Сонан соң пәрменді бере отырып «Взвод, оң-ҒА», «Бір лекті саппен АДЫМДА», екеуіде қозғалыс жасайды. Бұл орайда студент толық адыммен, ал взвод командирі – жартылай адыммен. Осыдан кейін студент алға қарай бір адымға жылжиды, взвод командирі студенттің ту сыртына тұрып, екеуіде толық адыммен қозғалысты жалғастырды. Бұл тәсілдің орындалуын жаттығуға өтпестен бөлімшелердің біреуіне көрсетуге болады. Бұл орайда, бөлімшенің қайта тұруында реттілік қажет. Бастапқыда бірінші бөлімше бір лекті сапқа тұрады, оның артынан екінші, кейін үшінші бөлімше тұрады. Бөлімшенің қайта тұруы аяқталғаннан кейін бірінші бөлімшенің ту сыртынан қозғалысты жалғастырады.
б) Взводты бір қатарлы жайылма саптан екі лекті сапқа қайта тұруы. Қайта тұру техникасын взвод командирі дайындалған екі әскери қызметші немесе бөлімшелердің біреуімен жеке жүргізуі мүмкін. Бұл орайда «Адым-ДА» пәрмені бойынша бірінші тұрған әскери қызметші жартылай адыммен жүреді, ал екінші нөмерлі оңға шығады және адыммен қозғалып біріншінің жанына тұрадыда, «ТУРА» пәрменіне дейін жартылай адыммен қозғалысты жалғастырады.
в) Взводтың екі қатарлы жайылма саптан үш лекті сапқа қайта тұруы «Взвод оңға», «Белдік-ке» (иық-ҚА), «үш (төрт), лекті сапқа, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмендері айтылады. «АДЫМДА» пәрмені бойынша бірінші бөлімше жүріс барысында бір лекті сапқа тұрып, жарты адым жүреді, ал қалған бөлімшелер бір лекті сапта тұрып бірінші тұрғанның сызығына белгіленген аралыққа шығады, содан кейін взвод оқытушысы «ТУРА» немесе «Взвод, ТОҚТА» пәрмендерін береді. Взводтың бір лекті саптан екі қатарлы жайылма сапқа (екі лекті саптан екі қатарлы сапқа) қайта тұруы взводтың солға бұрылуымен жүргізіледі.
г) Взводтың үш (төрт) лекті саптан екі лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, екі лекті сапқа, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмені бойынша жүргізіледі. Взвод үш лекті (төрт) саптан екі қатарлы жайылма сапқа қайта тұру үшін взвод алдын ала екі лекті және одан кейін қайта сапқа тұрады.
д) Взводты үш лекті саптан жайылма екі қатарлы сапқа қайта тұруы. Қайта тұру «Взвод, екі лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша алдын-ала екі лекті сапқа тұрады. Взводтың қайта тұруынан кейін «Взвод - ТОҚТА» және «Взвод, сол-ҒА» (жүріспен – «сол-ға»);
е) Взводтың үш (төрт) лекті саптан бір лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, бір лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша бірінші бөлімше тіке жүреді, қалған бөлімшелер орындарында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына орай өздерінің оқытушысы «ТУРА» пәрмендері бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртына ілесіп қозғалысты қалыпты адыммен бастайды;
ж) Взводтың бір лекті саптан үш (төрт) лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, үш (төрт) лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Демек, осы пәрменге сәйкес бірінші бөлімше орнында адым жасайды, сонымен қатар қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, взвод оқытушысының «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» пәрмені бойынша өз орындарында адым жасайды;
з) Взводты екі лекті саптан үш лекті (төрт лекті) сапқа қайта тұруы «Взвод, үш (төрт) лекті сапқа, АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша бірінші бөлімше жарты адымға қозғалады және бір лекті сапқа тұрады, екінші және үшінші бөлімше белгіленген қашықтыққа біріншінің сызығына солға шығады, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрады. Взвод үш лекті (төрт) сапқа тұрғаннан кейін, взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» пәрменін береді.
и) Взвод легінің қозғалысын бағытын ауыстыру үшін мынадай пәрмен беріледі:
- «Взвод, оң (сол) иық алға - АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша бастылар (бөлімше командирлері) солға (оңға) «ТУРА»пәрменіне дейін солға шығады, ал қалғандары лек бойынша олардың артынан жүреді;
- «Взвод, айналып – АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша барлық әскери қызметшілер бір мезетте айналып, кері бағытта қозғалыстарын жалғастырады;
- «Взвод, артымнан – АДЫМДА».Осы пәрмен бойынша взвод командирдің артынан ілеседі.