Саптыќ дайындыќ Јдіс-тјсілдерініѕ негізі



бет30/31
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#87351
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
2 диплом АНАПИЯ

Қорытынды

Сонымен, біз саптық дайындықты оқыту деңгейін, ұрыс қимылдарында маңызды екенін біршама түсіндік. Қалай десек те соғыс табиғаты қатал, жеңіл-желпіге көнбейтін күрделі құбылыс емес пе? Онда жауынгерлердің дайындық, оқу-жаттығулар барысында жиған-терген, тер төгіп сіңірген білім тәжірибесі қаншалықты болғандығы айқындалады. Жоғарыда айтқанымыздай, сол оқу-жаттығулардың ішіндегі бірі саптық өнер екенін, тағы да сіздерге, яғни студенттерге айтқым келеді.


Бүгінгі күнгі әскери іс-қимылдар барлық әскери оқытушылардан (бөлімшелерді) әскери дайындықта жүрген, мейлі студент болсын, мейлі жауынгер болсын қалай дегенде де, оларды басқаруда нақтылық пен біліктілікті талап етеді, ал бұл өз кезегінде тек, ең қиын жағдайларда күрделі тапсырмаларды шеше алатын, әскери қызметшілердің немесе болашақ Отан қорғаушы студенттердің жоғарғы ұйымшылдығы мен үйлесімділігі арқасында мүмкін бола алады. Дұрыс бекітілмеген саптық білім-тәжірибесіз жауынгерді ертеңгі ұрыс қимылдарды жақсы орындап шыға алатындай етiп дайындау мүмкін емес. Сондықтан, тұрақты түрде, саптық біліктілікті жетілдіре түсу, бүгінгі күні барлық әскери оқытушылардың, бірінші кезектегі алға қойған мақсаты болуы тиіс. Тәжірибеге сүйенсек, саптық тәсілдерді үйрену үшін жүргізілетін жаттығуларға арналған уақыт жеткілікті екен. Ендеше, әр әскери оқу орындарында, одан қалса, офицерлер дайындауға маңызды үлес қосып келе жатқан еліміздегі, санаулы жоғарғы оқу орындардың әскери кафедралары оқу жоспарларына, яғни саптық дайындықты қамтамасыз ететін оқу-әдістемесіне баса назар аударса деймін. Дегенмен, барлығы былайша айтқанда басым көпшілігі әскери оқытушылардың бар мүмкіндікті пайдалана білуіне де байланысты. Барлық әскери қызметтің жағдайы, ондағы бүкіл күн тәртібі сарбаздар мен студенттерге өздеріне қажетті саптық тәсілдерді үйренуіне қолайлы негізделген деп ойлаймын. Тек қана, саптық тәсілдерді үйренуде әрдайым жоғарғы талап болу керек.
Жауынгерлік дана сөзі былай дейді: «Сапта жақсы болған – ұрыста мықты болады», ал бұл дегеніміз, егер әр жауынгердің, студенттің саптық деңгейі жақсы болатын болса, кез-келген тапсырманы оңай орындап шығуына мүмкіндік береді деген сөз.
Жалпы, әскери дайындыққа тікелей байланысты көптеген пәндер бойынша жүргізілетін сабақтар жеке құрамның саптағы іс-әрекеттерімен үйлесімді болғанын қалаймын. Кез-келген сабақтың сапасы көбінесе, әскери оқытушылардың өздерінің Саптық жарғы талаптарын орындауына байланысты екенін де ескерген жөн.
Әскери ант қабылдау, әскери туды тапсыру, мерекелік әскери шерулер өткізу және тағы басқа көптеген әскери әдет-ғұрыптар саптық деңгеймен байланысты, сондай-ақ осының бәрі болашақ Отан қорғаушы азаматтардың санасына әсер беретін маңызды құрал болып табылатынын ұмытпағанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет