Дельфи әдісі – топтық сараптаманың ең кең тараған түрі. Ол белгілі бір оқиғаның ықтималдығын анықтау және бағалау үшін қажет. Дельфи әдісі 1964 жылы америкалық зерттеу орталығы «РЭНД» корпорациясында (ағылшынша «Research and Development» тіркесінен құралған) негізделген болатын. Дельфи әдісінің ерекшеліктері: көп деңгейлілігі, жасырындылығы, сырттай жүргізуге болатындығы, салыстырмалы түрде әділдігі. Алдымен, талқыланатын мәселе бойынша білікті, тәжірибиелі сарапшылардан топ құрылады.
Миға шабуыл әдісі ұжымдық идеялардың генерациясы (жинақталуы) арқылы жүзеге асырылады. Әдістің атауының өзі осыған байланысты шыққан. Белгілі бір мәселенің шешімін табу мақсатында мамандар тобының ойлау қабілетін арттыру арқылы жаңа идеялар жинақталады. Зерттелетін нысанның дамуы мен оған баға берудің варианттары ұсынылып, талдау жүргізіледі. Миға шабуыл әдісінің ұйымдастырылу сипаты жағынан бірнеше түрі болады.