Қоршаған ортаның ластаушылардың жіктелуі
Ластанудың шығу тегі
|
Нысандары
|
Ауқымы
|
Ластану түрлері
|
Созылу уақыты
|
Табиғи
Антропогендік
|
Су
Атмосфера
Топырақ
Ландштафт
|
Локальді
(жергілікті)
Рационалды
Шекаралас
аумақтар
Ғаламдық
|
Химиялық
Биологиялық
Физикалық
(жылу көздері, жарық көздері, шамадан тыс қатты шу, радиоактивтік, электромагниттік)
|
Уақытша
Тұрақты
|
Қоршаған табиғи ортаны қорғау – қазіргі кезеңде пайда болған адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуіндегі жаңа іс-әрекеттер жиынтығы.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі
принциптері
|
Түрлі табиғат жағдайларын және қорықтық табиғатты қорғау
|
Табиғат ресурстарын қорғау
|
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
|
Адамның тіршілік ортасын қорғау
|
Бізді қоршаған табиғи ортаны қорғау
|
Табиғатты пайдалану дегеніміз – түрлі табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларын пайдалану, сондай-ақ қоғамның материалдық және мәдени қажетін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттердің күрделі жиынтығы.
Табиғатты пайдалану жолдары атақты орыс экологы Н.Ф. Реймерстің жіктеуі бойынша:
а) табиғат ресурстарын өндіру, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден өткізу, оларды қорғау шараларынан;
ә) адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалануы және қорғау шараларынан;
б) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту, қайта қалпына келтіру және сақтау шараларынан;
в) адам саны мен адамның табиғи өсімін реттеу шараларынан тұралы.
Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін. Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғат ресурстары әлеуетінің сақталуын қамтамасыз етпейді. Табиғи орта сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады. Табиғатты тиімді пайдалану табиғат байлықтарын кешенді ғылыми негізбен, оның ресурстық әлеуетіне зиян келтірмейтіндей деңгейде пайдалануды білдіреді.
Американдық ғалым Юджин Одумның пікірі бойынша, табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырады:
эстетикалық және демалыс сұраныстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;
тұтыну мен қалпына келудің тепе-теңдігін сақтай отырып, пайдалы өсімдіктердің, жануарлар мен түрлі материалдардың үздіксіз өнімін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз бұл адамның өмірлік маңызды экологиялық мүддесінің, яғни қолайлы табиғи орта жағдайында өмір сүру құқығының қорғалуы.
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерінен бағалау
Қазіргі кезде әрбір Жер шары тұрғынына орташа есеппен 0.2 га жыртылатын жер тиесілі болса, 2050 жылы 0.07 га болады деп күтілуде. Қазақстанда бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 1.3 га болып табылады.
Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе – жердің деградациясы. Ол топырақ құнарлылығының төмендеуі, су және жел эрозиясы, топырақтың ластануы, су басу, қайтара тұздану мен батпақтану, жайылымдардың өнімділігінің төмендеуі әсерінен болады.
Орман ресурстары биологиялық ресурстардың маңызды түрі болып табылады.
Дүниежүзі аймақтарының орман ресурстарымен қамтамасыз етілуі (га/адам) мынадай көрсеткіштерімен анықталады: Еуропа – 0.3 , Азия – 0.2, Африка – 1.3, Солтүстік Америка – 2.5, Латын Америкасы – 2.2, Аустралия – 6.4, ТМД елдері – 3.0.
Орманның ең алғашқы жойылуы Жерорта теңізі жағалауы, Үндістан, Қытайдың шығыс бөлігінде жерді ауылшаруашылық мақсатта пайдаланумен байланысты белең алды.
Орман екінші рет қысқаруы Еуропада басталды, ол орта ғасырларға сәйкес келеді.
Орманның үшінші рет жойылу кезеңі еуропалықтардың Жаңа дүниені игеруімен байланысты, онда ормандардың орнын егіс алқаптары, жайылымдар, қалалар мен ондағы түрлі құрылыс орындары алмастырған болатын.
Қазіргі заманғы орманның төртінші қысқару кезеңі ХХ ғасырдың басынан басталды. Бұл жағдай, әсіресе, тропик маңайындағы Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бразилия сияқты елдерде ерекше белең алды.
Табиғатты пайдаланудың түрлері
|
Пайдалану сипаттары
|
Салалық
|
Табиғат ресурстарын бір шаруашылық саласы шегінде пайдалану (жер қойнауы ресурстарын, жер ресурстарын, су ресурстарын, орман ресурстарын, жан-жануарларды кәсіптік бағытта аулау мақсатында пайдалану)
|
Ресурстық
|
Кез келген жекелеген ресурс түрін шаруашылықта пайдалану (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көлік-тасымалдық, рекреациялық, коммуналды-тұрмыстық бағытта пайдалану)
|
Аумақтық
|
Табиғат ресурстарын белгілі бір аумақ деңгейінде пайдалану (ғаламдық, ұлттық, региондық, жергілікті)
|
Табиғат ресурстарына әсер етуіне байланысты жалпы және арнаулы табиғатты пайдалану түрлері айқындалады.
Табиғатты жалпы пайдалану деп табиғат ресурстарын техникалық құралдар мен құрылғылар көмегінсіз, оның жағдайына кері әсерін тигізбестен қолдануды айтамыз. Ол көпшілікке қолжетімді сипат алады. Алайда, табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың заңдастырылған талаптарына сәйкес, қатаң бақылау жағдайында жүзеге асырылады.
Табиғатты арнаулы пайдалану осы шараларды жүзеге асыруға рұқсат бере алатын құқығы бар мемлекеттік ұжымның басшылығымен жүргізіледі.
Пайдалану нысандарының түріне қарай жер қойнауы ресурстарын, жер, су, орман, жан-жануарлар ресурстарын пайдалану деп жіктеледі.
Табиғатты пайдалануды түрлері мен сипатына қарай тиімді және тиімді емес деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |