§ 28. Ежелгі Македония.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын,
басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім Александр
Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту.
Дамытушылық: Тарихи даталармен, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Соғыс атаулыға жек көрушілік тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: география, қазақстан тарихы, әдебиет.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: тестілеу әдісі, ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, А.Македонский суреті, интерактивті тақта, тест парақшалары, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ол үшін тест парақшалары үлестіріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
Табиғат жағдайы мен халқы.
ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы.
Парсы патшасын жеңу
Македония - Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оны картадан көрсетемін. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.
Македония жерінде өмір сүрген тайпалар – фракийліктер. Олардың бойы ұзын, аса қайратты келетін.
Халқының көпшілігі ерікті, жарым –жартыс тәуелді малшылар мен
егіншілер еді.
Негізгі шаруашылығы – мал өсіру, әсіресе жылқы малын көп өсірген. Жері
орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.
ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
ІІ Филипп (б.з.б. 382-336 жж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.
Достарыңызбен бөлісу: |