ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсете- ді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салық- тар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз:
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента жəне пайда. Бірақ осындай табыстардың барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан келесі макроэкономикалық көрсеткіш – жеке табысты табу үшін ҰТ-тан азаматтардың əлеуметтік сақтандыруға жарналарын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз.